Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

в. Сингапур мен Гонконг 2 страница



A) Қазақстанда қандай өсімдіктер қызыл кітапқа енгізілген?

B) Макаренко бала тәрбесі туралы қандай пікір айтады?

С) Балаға тәрбие берудегі мақсат қандай?

D) Басқа ұлттардың қандай салт-дәстүрлері бар?

2. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.

А) Бала тәрбиесі баланың саналы болып өсуіне көмек береді.

В) Ғылыми-техникалық революция қарқынды жүруде.

С) Амазонка өзені Атлант мұхитына құяды.

D) Салауатты өмір салты заңға қайшы келмейді.

3. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.

А) заң, достық, орман, дала, өсімдік.

В) жауын, саңырауқұлақтар, дәрі-дәрмек.

С) халықтық, ізгіліктік, жеке-даралық, діни.

D) досы көпті жау алмас.

4. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.

А) Халықаралық жаңалықтарды тыңдадық.

В) Табиғатты қорғау баршаның міндеті.

С) Бала тәрбиесі басты міндеттердің бірі.

D) Жастар сенбілікке шықты.

5. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.

Баланы тәрбиелеудегі басты міндеттер қандай?

А) демалыс уақытында ата-анасына қолғабыс ету

В) заң бұзушылықтың салдарын түсіндіру

С) өзін қоршаған адамдармен ғана қарым-қатынас жасау

D) балаға өмірде өз орнын табуына көмек беру

6. Мәтіндегі негізгі ойды таңдап, түсіндіріңіз.

А) Бала тәрбиесі - мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі.

В) Адам ұрпағымен қымбат, адам баласының ең қызығы, бақыты ұрпағының жалғасы.

С) Тәрбие жоқ жерде білім де жоқ.

D) Ал қазақ отбасының өзіндік ерекшеліктері бар.

7. Мәтінге нақты тақырып таңдаңыз.

А) Бала адамның бауыр еті

В) Баланы үй базар...

С) Ел болам десең, бесігіңді түзе

D) Қазақ отбасы туралы

Тыңдалым

Қазіргі заман қыз тәрбиесі мен ұл тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз», – деп бекер айтылмаса керек. Халқымызда ерте кезден-ақ адамгершілікті, әдепті жоғары бағалай білген. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы - әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген қыз бала қайда болса да, келін болғанда да көргенділігін көрсетеді. Ал жақсы тәрбие алған ұлдар жау келгенде жайдақ атқа да міне шабатын өжет, батыл, адал, жеріне, туған халқына ыстық ықыласты, үлкенге де, кішіге де қамқор бола білген. Әдептілік, инабаттылық, сыйласу жағынан халқымыз алдына жан салмаған. Халықтың ізгі дәстүрін ескіліктің қалдығы деп қарамай, осы заманға лайықтысын таңдап алып, тәрбиелі қыз, ұлағатты ұл өсіру – ата-ананың да, ұстаздардың да міндеті.

  1. «Отбасы» деген не?

А) қоғамның бір бөлшегі

В) жаңа кітаптың тарауы

С) бағдарламаның басты бағыты

D) заңдар жинағы

  1. Балаға не себепті отбасында берілетін тәрбие маңызды?

А) бала дарынды болып өсу үшін

В) уақытында мектепке бару үшін

С) ұлттық құндылықтарды бойына дарыту үшін

D) үй жұмысын атқару үшін

  1. Ата-ана мен ұстаздардың міндеті не?

А) мектепке жұмысқа бару

В) тәрбиелі қыз, ұлағатты ұл өсіру

С) заң талаптарын сақтау

D) қала көшелерін тазалықта ұстау

  1. Отбасының алтын қазығы кім?

А) ата

В) бала

С) қонақ

D) әйел

Ескерту: Тыңдалым бөліміндегі тапсырмалар бойынша студент өз пікірін білдіре алады.

Айтылым.

Топтық жұмыс. Қазақ отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты қандай салт-дәстүрлерді білесіз? Жасының өсуіне қарай санамалап беріңіз (біреуін сипаттаңыз).

Жазылым.

Берілген мәтіндегі асты сызылған сөздердің мағынасын түсіндірмелі сөздіктен теріп жазыңыз.

«Бауы берік болсын! Ата – бабаларындай атақты, абыройлы болсын!», - деген тілекті өз сөзіңізбен дәптерге жазыңыз.

Қалың ел ішіндегі көк майса көркем қоныстағы бір ауылдың сәулеті өзгеше, сонысынан да ма, аздап сұстылау көрінетін. Міне, сол ауылда, 1845 жылдың тамыз айында нәресте дүниеге келді. Нәрестенің өмірге келуі, оның үстіне - ұл болуы – ол заманның қазағы үшін ерекше қуаныш еді. Ел молдасы азан айтып, баланың құлағына үш рет айқайлап, атын қойды. Былайғы қалың қазақ қарапайым тілімен Ыбырайым демей, нәресте туған үйдің ерекшелігіне бейімдеп – арабшасына жақындата Ибраһим деп атады. Құрметті ақсақалдар мен ажары ашық бәйбішелер бала туған үлкен ақ үйге кіріп: «Бауы берік болсын! Ата – бабаларындай атақты, абыройлы болсын!» - десіп жатты. Шынында да, бұл баланың ата-бабалары өте атақты болатын. Арғы түбін айтпағанның өзінде, жас Ибраһимнің туған атасы әйгілі Өскенбай би еді.

Жағдаяттық тапсырма:

Адамның жақсы-жаман қасиеттері. Сен қандайсың?.. (өзіңізге мінездеме беріңіз)

Өмірдегі бағытың да, іс-қаракетің де өз бойыңа үңілуден болады. Әркімде ерекше көзге түсетін бір қасиет болады. Сол қасиет қастерленсе оның қолынан келмейтін нәрсе жоқ, өзінің көздеген мақсатына жетеді. Талантсыз адам жоқ, өз орнын таппайтын адам бар. Қабілеттіліктің көзге көрінуіне септігін тигізетін – отбасы, мектеп, жолдастары, ұжым. Ал негізінде бәріне ізденімпаз адамның өзі түрткі болуы керек.

Адам басқа нәрсеге бейімделу үшін ең әуелі өз шамасын өзі білуге тиіс. Ықыластылығын, шаршағыштығын, бірдеңенің қисынын келтіргіштігін, зер салғыштығын сұрақ қою жолымен байқауға болады. Сұрақтар арқылы ойдың айқындығы, зеректігі, тәжірибе мен білім анықталады.

Кемшіліксіз адам жоқ. Алдымен адам өзін жақсы білуі қажет. Ол үшін өзіңді өзің мұқият тексер, толық зертте. Осыдан барып өзіңді өзің тәрбиелеу, өзіңді дамыту, өзіңді өзің жетілдіру басталады.

Өзіне өзі баға беруге әркімнің батылы бара бермейді. Кейбіреу өзіне өте жоғары баға береді, ал өте төмен баға беру- санасының төмендігі, өзіне сенбейтіндігі. Өзіңдегі не нәрсені күшейтіп, нені басып отыру керектігі қолыңда екендігін ұмытпа. Өзін өзі түсінген – дана, өзін жеңген-қаһарман.

Біздің қазақ қашан да болмасын жігітті сертіне қарап сынаған. Жігіт деп сөзіне тұрақты, ойға алғанын орын-дамай тынбайтын, ар-намысын жібермейтін адамды айтады. «Мігіт» деп күн көру, құлқын үшін жүрген еркекті айтады. Өмір ащыны бермесе, тәттіні білер ме едік? Қайғыны қайғырып жеңген адам жоқ, тоздырып жеңген бар.

Оқыңыз, қызық!

Атадан ұлағат, анадан ғибрат

Әрбір ата-ана өз ұлы мен қызының әдепті, саналы, иманды, Отанының білімді азаматы мен азаматшасы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі қажет. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы - бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қарым-қатынасы мазмұнды, сенімді болады.

Ер бала еңбекке ерте бейімделеді. Сөйтіп, ауылдың ересек балаларымен, құрбыларымен, ағалары, әкелерімен бірге шаруашылыққа қарауға, әңгіме тыңдап, ертегі айтуға, өлең айтып, ән салуға бейімделген. Демек, қазақ халқының жігіт сегіз қырлы, бір сырлы болсын дегені тегін емес. Ұл бала-қазақта шаңырақ иесі, ер азамат, ата-ананың түтінін түтетуші. Ер бала өз ата-анасына, іні-қарындастарына қамқоршы, ел қорғаны болып саналады. Қазақ қызын ұзатып, ұлын үйлендірген, құда түсіп, құдасын құдайындай сыйлаған. «Қызың өссе қызы жақсымен, ұлың өссе ұлы жақсымен ауылдас бол» деп бекер айтпаса керек.

9-тақырып: Білім. Кәсіби бағдар. Оқу орындары. Мамандық

Жақсы қызметке (жұмысқа) орналасу үшін не керек? Әрине, білім. Қазақстанда орта білім міндетті. Орта білім алғаннан кейін әр адам өз мүмкіндігіне, талабына қарай арнаулы орта немесе жоғары оқу орындарына түсіп, өздері қалаған мамандықтарын ала алады.

Бүгінгі таңда мамандықтың түрі өте көп.Өзіңе де, қоғамға да пайдалы, ең қажетті мамандықты таңдап алу өте қиын. Мамандықтың жаманы болмайды. Мамандық таңдауда көп нәрсе әсер етеді. Әке-шешең, туған-туыстарың, ұстаздарыңның, достарыңның да әсері болуы мүмкін. Дегенмен, мамандық таңдауда өз біліміңе, икеміңе, мінезіңе сай келетінін, болашақ мамандығыңның ерекшеліктерін де ескеру керек.

Жақсы маман болу үшін жақсы білім алып, көп іздену, еңбектену керек. Кәсіби білікті, еңбекқор, тәрбиелі, әдепті, ұстамды, төзімді, ізденгіш, парасатты, адамдармен тіл табыса білетін адам ғана жақсы маман бола алады.

Жақсы маман, яғни, дәрігер, ғалым, менеджер, банкир, маркетолог, есепші, аудитор, оқытушы, сәулеткер болу үшін еңбек ету, жақсы оқу қажет. Ал, жақсы жұмысшы, кенші, құрылысшы, жүргізуші болу үшін, өндірісте істеу керек. Ауыл шаруашылығында жұмыс істесең, онда сенің бақташы, диқан, шопан, сауыншы атанарын анық.

Менің достарым мен туыстарым көп. Олардың кейбіреуі – ұшқыш, тіл маманы, суретші, мүсінші, енді біреулері – жазушы, ақын, сазгер, әнші. Нағашыларым ауылда тұрады. Олар – малшы, балташы, балықшы, бағбан, омарташы.

Өзім есепші болуды ұнатамын Бұл мамандыққа барлық салада сұраныс көп. Өйткені есепші - өте керекті әрі қиын жұмыс.

Сөздік

мамандық – профессия, специальность кенші – шахтер, геолог

шопан – чабан нағашы –родств. по линии матери

сауыншы – дояр, доярка бақташы - пастух

өмір – жизнь диқан - хлебороб

тіл маманы – языковед балташы - плотник

мүсінші – скульптор омарташы- пчеловод

есепші – бухгалтер бағбан – садовник

ақын –поэт әсер – влияние

икем – навык қиын – трудно

төзімді – выносливый білікті –квалифицированный

еңбекқор – трудолюбивый әдепті – вежливый

ұстамды – сдержанный ерекшелік – особенность

мінез – характер таңдау – выбор, выбирать

1-тапсырма: Ұлы адамдардың білім туралы айтқан сөздерін дәптерлеріңізге жазып алыңыздар. Олардың мәнін түсініп жаттап алыңыздар.

1. Әл-Фараби: «Білімді болу деген сөз – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген сөз. Ал белгісіз нәрсені аша білу деген сөз – ол теориялық өнердің бәріне тән, ортақ жайт», - деп көрсеткен.

2. Гете айтқан: «Біліп қана қою – аз, сол білгеніңді істе қолдана білу керек, ниеттену керек, ниеттену-аз, сол ниетінді іске асыруың керек».

3. Ағылшын философы Бэкон: «Білім - күш», - деген.

2-тапсырма: Білім беру жүйесінің негізгі міндеттерін оқыңыздар.

1. Жеке адамды қалыптастыру және дамыту;

2. Жеке адамның өзіндік ерекше қабілеттерін ашу;

3. Адамгершілік пен салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыру;

4. Жеке адамның интелектісін байыту;

5. Жеке адамның шығармашылық қабілетін арттыру;

6. Жеке адамды қоғамның экономикалық, саяси және мәдени өміріне қатыса білуге тәрбиелеу.

7. Адамның кәсіптік білім алуына мүмкіндік жасау.

3-тапсырма: Төмендегі сұрақтар бойынша өзара ой бөлісіп тілдесіңіздер.

1. Білім не үшін қажет? Білімді адам деп қандай адамды айтуға болады?

2. Сіз бұл оқу орнына қалай келдіңіз?

3. Өзіңіз оқитын білім ордасының тарихы туралы не білесіз?

4. Біздің университет бүгін қандай жетістіктерін мақтаныш етеді?

5.Сіздің оқитын оқу мекемесінде білім беру жүйесінің негізгі міндеттері толығымен орындала ма? Мысалы, ғылым, мәдениет, спорт, демалыс т.б.

6.Өзіңіз білім алып жүрген мекеменің Жарғысына сай студенттердің міндеттерін атап шығыңыз. Сондай-ақ, кредиттік жүйе, рейтинг жүйесі дегенді қалай түсінесіз.

7. Университет факультеттерінің қазақша атауларын атаңыз.

8. Қай факультеттің қай ғимаратта орналасқанын айтыңыз.

9. Сіздің факультетте қандай кафедралар бар?

10. Өз факультетіңнің деканы кім?

11. Сіздің факультетте қандай мамандықтар бойынша дайындайды?

12. Сіздің факультет қай жылы құрылған?

13. Қазақстанда қанша ЖОО бар? Ұлттық университет нешеу? ҚР бір жоғары оқу орны туралы мәлімет.

14. Қазақстанда жеке адамның жан-жақты білім алуына жағдай жасалған ба?

15. Үкімет тарапынан студенттерге қандай жағдайлар жасалуда?

16. Білім туралы Заңға сай өз құқықтарыңызды толық пайдаланасыз ба?

17. Заңда көрсетілген ережелер өз құқықтарыңызды толық пайдалануға мүмкіндік бере ме? Сіз бұл заңның қандай ережелеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізер едіңіз? Неге?

4-тапсырма: ҚР Білім беру туралы Заңның 23-бабының ережелерін аударыңыздар.

а) Оқушылардың, студенттердің және білім алушы басқа да адамдар категорияларының құқықтары

Оқушылар мен студенттердің білім деңгейі және басқа да жағдайлары (денсаулығы, сабақ жүргізілетін тілді білуі және т.б.) қабылдау шартарына сай келетін болса, онда олар өз таңдауы бойынша:

- оқуға түсуге;

- жеделдетіп оқуға;

- жеңілдікпен немесе тегін тамақтануға;

- медициналық қызметті пайдалануға;

- мемлекеттік көліктерде жеңілдікпен жүріп-тұруға;

- оқудан бос уақытта жұмыс істеуге;

- қосымша арнаулы білім алуға;

- оқу орнының өзін-өзі басқару органдарының жұмысына қатысуына құқы бар;

- қалада тұрмайтын оқушылар мен студенттерге жатақханадан орын алуға;

- мемлекеттік жоғары, орта арнаулы және кәсіптік-техникалық оқу орындарының студенттері, оқушылары күнкөріс минимумы деңгейінде шәкіртақы алуға және ҚР-дың заңдарында көзделген қосымша жеңілдіктерді пайдалануға құқылы.

ә) Оқушылардың, студенттердің және білім алушы басқа да адамдар категорияларының міндеттері

Оқушылар, студенттер және білім алушы басқа да адамдар категориялары белгіленген талаптарға сәйкес:

- білім алуға;

- практикалық жағынан дағдылануға;

- ішкі тәртіп ережелерін сақтауға;

- ҚР Заңдары мен білім беру мекемесінің Жарғысында көзделген басқа да талаптарды орындауға міндетті.

5-тапсырма: Мына шағын мәтіндермен танысып, кезекпен дауыстап оқыңыздар.

1-мәтін

Мен Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің бірінші курсында оқимын. Мақсатым – банк ісінің маманы болу. Болашақ мамандығым өзіме ұнайды. Алғашқы екі курста біз жалпы пәндерді оқимыз. Шетел тілдерін еркін меңгерген жақсы оқитын студенттерді содан кейін шетелге жібереді. Сондықтан ағылшын тілін меңгеруге талаптанып жүрмін.

Менің ағам да банк ісінің маманы. Ол екеуіміз осы мамандық туралы көп әңгімелесеміз. Үшінші курстан бастап бізге банк ісіне байланысты сабақтар жүреді. Мен ол сабақтарды қызыға оқимын. Осы мамандықты қалағаныма өкінбеймін, өйткені оның болашағы зор.

2-мәтін

Биылғы күзде қиындығы мен қызығы мол мұғалімдік қызметті бастағанына тура 26 жыл толып отырған Жаса Серікбаева – табиғатынан ұстаз жан. Бұлай болуына себеп, көп балалы отбасында өсіп, бауырларына ерекше қамқор жасауды жасынан бойында қалыптастырған ол мектеп табалдырығында жүрген кезінен бастап аңсарын бала жанының бағбаны болуға арнаған.

1975 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетіне оқуға түсті. Іргелі оқу ордасындағы 5 жылдық алған білімі оны Алатаудың баурайындағы әсем қалада қалуға да мүмкіндік беретін еді. Бірақ елде өзінің жолын тосып отырған анасы мен бауырлары бар екенін еске алып солардың жанына жеткенше асықты. Осылайша кезінде өзі бітірген №114 «Актив» орта мектебіне мұғалім болып оралды. Ол мұнда 1981-1991 жылдар аралығында химия, биология пәндерінен сабақ берді.

Жаса 1991 жылы облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институна қызметке шақырылды. Бүгінде талапшыл да ізденгіш ұстаз өз әріптестеріне озық тәрбие ұсынудан да алда келеді.

- Мен мұғалім мен оқушының бірлесе орындайтын іс-әрекетін көрсететін әдіс – оқытудың интерактивті әдісін білім сатысы, осы әдістің құрылымын, қыры мен сырын үйретіп, жаттықтыруды мақсат тұтамын, - дейді осы орайда.

3-мәтін

Менің атым –Аида. Былтыр мен №138 орта мектепті бітірдірм. Жасым – 19-да. Мен Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне түстім. Бірақ университетке мен бірден түсе алмадым, өйткені былтыр конкурстан өтпедім. Бір жылдық дайындық курсында оқыдым. Биыл бірыңғай ұлттық тестілеуде жоғары ұпай жинадым. 100 ұпаймен оқуға түстім.

Мен кішкентай кезімнен аудармашы болуды армандадым. Қазір менің арманым орындалды, мен аударма факультетінде оқимын.

Маған университетте оқу ұнайды. Біз сабақта қазақ, ағылшын, орыс тілдерін оқимыз. Келесі жылдан бастап біз екінші шет тілін үйренеміз, сондықтан мен биыл ағылшын және қазақ тілдерін жақсы меңгеруге тырысамын.

Оқу жылы қыркүйек айында басталады, мамыр немесе маусым айларында аяқталады. Оқу жылында екі семестр бар. Әр семестрдің аяғында студенттер емтихан тапсырады. Содан кейін жазғы демалыс басталады. Біздің университетте студенттер бірнеше шет тілдерін үйренеді: ағылшын, француз, неміс, шығыс тілдерін оқиды. Факультеттің әрқайсысында екі бөлім бар: қазақ және орыс. Орыс бөлімінде студенттер қазақ тілін үйренеді.(Ибраева Р.Б.,Хамимульдинова Л.Ж.. Қазақ тілі, Алматы, 2007, 32-41б.б.)

4-мәтін

Асыл: Мен І курста оқимын. Біздің Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де оқу өте қиын. Тілдерді жақсы меңгеру үшін күндіз-түні оқу керек, сабақтан қалмау керек. Тілдерден де басқа көптеген пәндер бар, барлық пәнге көңіл бөлу керек.

Қорлан: Мен осы университеттің аударма факультетінің Ш курсында оқимын. Әрине,1,2 курста оқу қиын болды. Қазір үйрендім, қосымша жұмыс та істеймін. Ата-анама көмектесу керек, өйткені мен ақылы бөлімде оқимын. Меніңше, оқу қиын емес.

Дәмеш: Мен биыл оқуға түспедім, өйткені алысқа оқуға бара алмаймын. Анам қарт, жалғыз. Бір жыл ауылда жұмыс істеймін, мүмкін келер жылы университеттің сыртқы бөліміне түсемін.

Мен:............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Тапсырма: Топтасыңызбен тақырып бойынша екеуара әңгімелесіңіз. Әр мәтінге тақырып беріңіз және неге олай атағаныңызды түсіндіріңіз. Сіз өз таңдауыңыз туралы әңгімелеп беріңіз.

10-тақырып: Еңбек. Еңбек нарығы. Еңбек тәртібі. Еңбек демалысы

Еңбек. Еңбек нарығы. Еңбек тәртібі. Еңбек демалысы

1-тапсырма. Мәтінді әрі қарай жалғастырып жазыңыз.

Әрбір азамат ер жетіп, есейген соң еңбек етуге міндетті. Еңбек адам үшін әрі табыс көзі, әрі өзіңе ұнайтын істі атқару, әрі басқа адамдар алдында өзіңді көрсете білу. Адамның жұмысы өзіне ұнауға, үйренген іскерлігін, білімін іс жүзінде асыруға көмектесуге тиіс. Істеген жұмыстың нәтижесін көру адамды қуанышқа бөлейді. Ал қолдан келмейтін іске араласу адамды жұмыс істеуден жирендіреді, жұмыстан қашқақтауға әдеттендіреді. Мен өз жұмысымды жақсы көремін. Себебі бұл жұмысқа мен жас кезімнен-ақ даярланып, үлкейгенде осы істі атқаруды армандаушы едім................

2-тапсырма. Мәтінді оқыңыздар. Не туралы?

Жұмыс беруші еңбек тәртіптемесінің ережелерін қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып бекітеді. Еңбек тәртіптемесінің ережелерінде қызметкерлердің жұмыс уақыты мен тынығу уақыты, еңбек тәртібін қамтамасыз етудің талаптары, еңбек қатынастарын реттеудің өзге де мәселелері белгіленеді. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін еңбек тәртіптемесі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бекітілетін жарғыларда және ережелерде реттеледі. Еңбек тәртіптемесінің ережелерін орындау жұмыс берушілер мен қызметкерлер үшін міндетті болып табылады.

Қызметкерлерге апта сайын демалыс күндері беріледі. Бес күндік жұмыс аптасында қызметкерлерге аптасына екі демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында - бір күн беріледі. Бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында жексенбі жалпы демалыс күні болып табылады. Бес күндік жұмыс аптасындағы екінші демалыс күні жұмыс берушінің актісінде немесе ауысым кестесінде белгіленеді. Егер ұжымдық шартта, еңбек шартында өзгеше белгіленбесе, екі демалыс күні қатар беріледі. Мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар - православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады. Үздіксіз өндірістерде немесе өндірістік-техникалық жағдайлар бойынша немесе халыққа ұдайы үздіксіз қызмет ету қажеттігі салдарынан демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын өндірістерде істейтін қызметкерлерге демалыс күндері жұмыс берушінің қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып қабылданған актілерінде бекітілген ауысымдық кестеге сәйкес қызметкерлерге (қызметкерлер тобына) аптаның әр күндері кезекпен беріледі.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 697 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.025 с)...