Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ереже - положение



Т.Ахметова

Барлық мамандықтарға арналған

«Қазақ тілі» пәні бойынша мәтіндер

Петропавл, 2014

1-тақырып. Мемлекет әлеуметтік –географиялық орны, ерекшелігі

ОҚЫЛЫМ

1. Мәтінді оқып, өзіңізге жаңа болып табылатын ақпараттарды белгілеп отырыңыз.

Мемлекет туралы ұғым.

Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканын дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады.

Мемлекет дегеніміз бұл — адамзат қоғамы дамуының маңызды кезендеріне тән саяси ұйым:

а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың, таптардың және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынасын реттеп, бағыттау, олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;

б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық-күш құралдары бар;

в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық суъбектілері қамтамасыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.

Мемлекеттің негізгі белгілері мыналар жатады: 1. Мемлекеттiк билiк - ерекше көпшiлiк билiгi, яғни халық билiгi. 2. Мемлекеттiң халқы әкiмшiлiк жүйеге бөлiнедi, Азаматтары шекарасы белгiленген әкiмшiлiк-территорияның аумағында тұрады. 3. Iшкi және сыртқы саясатын жүргiзуде тәуелсiз. 4. Билiк жүргiзетiн органдарының болуы. Бұл органдарда тек қана басқару қызметімен шұғылданатын адамдар болады. 5. Заң шығару құқығы болады және заңдарды мемлекеттiң аумағында тұратындардың бұлжытпай орындауы. 6. Мемлекеттiң басқару органдарының аппаратын ұстауы және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін салық жинауы. Мемлекеттің ерекше бір белгісі, өзінің өмір сүруі үшін халықтан салық жинауға мәжбүр болуы.

Салық - бұл Мемлекеттің өмір сүріп, тіршілік етуінің экономикалық негізі; салықсыз ол күн көре алмайды, өйткені қаржының жетіспеуінен немесе болмауынан оның бүкіл тіршілігі қиындайды. Салықты Мемлекеттің барлық азаматтары, соларға қоса шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да төлейді; халықтың шамалы ғана салық төлеуден босатылады. Мемлекет салықтан түскен қаржыны басқару және мәжбүрлеу аппаратының орасан зор армиясын ұстауға, мемлекеттің жүргізетін ішкі саяси және сыртқы саяси шараларын қаржыландыруға, медицинаны, білім беру, ғылым, мәдениет салаларын қолдауға экономиканың маңызды салаларын ынталандыруға, қоғамдық қауіпсіздікті, құқық тәртібін және қылмыс пен құқық бұзушылықпен күресті қамтамасыз етуге пайдаланады.


СӨЗДІК

құқық бұзушылық

мәжбүрлеу өкілеттігі

ұлтаралық-

нысан-

басқару-

рухани-

әлеуметтік

бұлжытпай

кең тармақты-

билік -

салық-

тіршілігі-


2. Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап беріңіз.

1. Салық деген не?

2. Мемлекеттің негізгі белгілері қандай?

3. Мемлекет неге әсер ете алады?

4. Мемлекет салықтан түскен қаржыны пайдаланады?

5. Мемлекеттің басты ерекшеліктерін атау.

6. «Мемлекет» мәтінінің құрылымдық кестесін жасау.

7. Мемлекетке сипаттама беру.

ТЫҢДАЛЫМ

Мәтінді тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз:

Жер бетіндегі 200-ге жуық мемлекет, бес мың тілде сөйлейтін этностар бар. Солардың ішінде азаматтық пен тәуелсіздіктің баға жетпес парқын ұзына тарихында қастерлеп, сарғая күтіп, сол үшін қисапсыз құрбандыққа барғаны қазақ халқындай-ақ болар.

Азаттықтың ақ таңына ешқандай байлықтың да, биліктің де балама бола алмайтынын арғы аталарымыз-ер түріктер көк тасқа қашап жазып кеткен. Түркі қағанатының тағдырына апат төндірген ауыр кезеңді бейнелейтін мына сөздер осының бұлтартпас айғағындай:

Бірлесе ілгері шаптың,

Бірлесе кейін шаптың,

Барған жеріңде не игілік таптың

Қаның судай ақты,

Сүйегің таудай жатты.

Бек ұлдарың құл болды.

Сұлу қыздарың күң болды.

Білмегенің үшін, жамандығың үшін.

1.Мәтін не туралы?

2.Бос орынға тиісті сөзді қойыңыз?

а)Жер бетінде 200-ге ______мемлекет, бес мың тілде сөйлейтін этностар бар.

ә)Солардың ішінде азаматтық пен тәуелсіздіктің баға жетпес парқын ұзына тарихында қастерлеп,________ күтіп, сол үшін қисапсыз құрбандыққа барғаны қазақ халқындай-ақ болар.

ә) Азаттықтың ақ таңына ешқандай байлықтың да, биліктің де балама______ арғы аталарымыз-ер түріктер көк тасқа қашап жазып кеткен

б) Түркі қағанатының тағдырына апат төндірген ауыр кезеңді бейнелейтін мына сөздер осының_________________

в)_______ ілгері шаптың,

_______ кейін шаптың

_________не игілік таптың

Қаның_______________ақты,

Сүйегің______________жатты.

Бек ұлдарың құл болды

Сұлу қыздарың күң болды

Білмегенің үшін, жамандығың үшін.

СӨЙЛЕСІМ

1.Мемлекеттің пайда болуы туралы пікірлер туралы не білесіз?
2.Мемлекеттің саяси ұйымдардан айырмасы қандай?
3.Мемлекеттің белгілері мен қызметтері қандай?
4.Азаматтық қоғам дегеніміз не?
5.Құқықтық мемлекет деген не?

ЖАЗЫЛЫМ

2.«Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» деген тұрақты тіркеспен

бірнеше сөйлемдер құраңыз.

2. Мәтін бойынша 5 сұраулы сөйлем дайындаңыз.

Сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыз.

Бейбіт заман, жинақ жасады, болып табылады, қазақ ханы, ел тыныштығы,

билерге сүену, заңдар жинағы, арқа тұту.

ТЕСТ

1. Мемлекет белгілерінің бірі

а. Мемлекеттік егемендік.

в. Заң шығару құқығы болады

с. Мемлекеттің халқы әкімшілік жүйеге бөлінеді.

д. Салық жүйесінің қалыптасуы.

е. барлық жауап дұрыс

2. Мемлекет нысанының бір түрі

а. Демократиялық;
в. Ұлтаралық келісім;

с. Заңдылық;

д. саяси режим

е. Адамгершілік;

3. Мемлекет туралы теориялардың бірі

а. экологиялық

в. тоталитарлық,

с. авторитарлық

д. теологиялық

е. фашистік.

4. Мемлекетті «дұрыс және бұрыс» деп қай философ бөліп қарастырды?

а. Ч.Дарвин

в. Платон

с. В.Бартольд

д.Э.Геккель

е. Томас Кук

5. Мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөліп қарастырған ойшылдың бірі

а.. В.Бартольд

в. Э. Геккель

с. Томас Кук

д. Платон

е. Ч.Дарвин

2 тақырып: Ел басқару жүйесі. Президент. Парламент. Үкімет. Сот.

ОҚЫЛЫМ

1. Мәтінді оқыыңыз, аударыңыз.

Тұңғыш президент

Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында туған.

1958 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Теміртаудағы металлургия комбинатының жолдамасымен Днепродзержинск техникалық училищесін 1960 жылы бітіріп, еңбек жолын Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастайды. Еңбекқор жігіт балқыту цехында шойын құюшыдан домна пешінің аға газдаушысына дейінгі жолдан өтеді. Өндірісте жұмыс істей жүріп, Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын (1967 ж) бітіріп, жоғары білім алады. Комбинаттың қоғамдық өміріне белсене араласқан жігерлі жас. 1969 жылдан бастап комсомол және партия жұмысына шақырылады. 1969 жылы Теміртау қалалық партия комитетінің өнеркәсіп-көлік бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалады.

1969-1971 жылдары Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1971-1973 жылдары Теміртау қалалық партия комитетінің екінші хатшысы, 1973-1977 жылдары Қарағанды металлургия комбинатының партия комитетінің хатшысы, 1977-1979 жылдары Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы болып қызмет атқарады.

Жоғары мемлекеттік және партиялық қызметтерді 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетнің хатшысы болып сайланғаннан бастап атқарды.

1984-1989 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы, 1989 жылдың мамыр айынан Қазақстан компартиясының бірінші хатшысы, 1990 жылы Республиканың Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы болып сайланды.

1990 жылдың 24 сәуірінде Н.Ә.Назарбаев ҚазКСР-нің тұңғыш Президенті болды.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1991 жылы 1 желтоқсанда алғашқы бүкілхалықтық сайлауда Н.Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті болып сайланды.

Нұрсұлтан Әбішұлы - әлемнің аса ірі мемлекет басшылары мойындаған мемлекет басшысы, дүние жүзіне әйгілі саясаткерлердің бірі.

Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының Төрағасы, Қазақтардың дүние жүзілік Қауымдастығының Төрағасы.

Экономика ғылымдарының докторы, ҰҒА академигі, Халықаралық инженерлік академияның, ақпараттандыру академиясының академигі, Мәскеу мемлекеттік университетінің басқа да шетел жоғары оқу орындарының құрметті профессоры Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның, көптеген шетелдердің ордендері және медальдарымен марапатталған.

Ол - ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені өз бойына тоғыстырған білікті басшы.

ЖАЗЫЛЫМ

2. Елбасының өмірі мен қызметінің хронологиялық кестесін құру.

СӨЙЛЕСІМ

3. Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдауы туралы әңгімелеу.

4. «Қазақстан - 2050» бағдарламасы туралы пікірлері.

ОҚЫЛЫМ

  1. Мәтінді оқыыңыз, аударыңыз.

Парламент

Парламент- Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілді орган. Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі палата - Сенат пен Мәжілістен тұрады.

Төменгі палата Мәжілістің құрамында 107 депутат болады. Мәжіліс депутаты болып жиырма бес жасқа толған Қазақстан азаматы сайлана алады. 98 депутат аумақтық сайлау округтері бойынша, ал 9 депутат Қазақстан Халықтар Ассамблеясынан сайланады.

Сенат депутаты болып 30 жасқа толған жоғары білімді, кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не республика астанасының аумағында кемінде 3 жыл тұрақты тұрған азаматы сайланады. Сенаттың 15 депутатын парламент өкілеттігі мерзіміне республика президенті тағайындайды.

Сенатқа әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және ел астанасынан барлық өкілді органдар депутаттарының бірлескен отырысында 2 депутат сайланады.

Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды. Парламенттің өкілеттік мерзімі- төрт жыл. Оның өкілеттігі бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттің бірінші сесиясы жұмысқа кіріскенде аяқталады.

1. Қазақстан Республикасының Парламенті … палатадан тұрады

а) екі

ә) үш

б) төрт

в) бес

г) бір

2. Қазақстан Республикасының заң шығарушы жоғары өкілетті органы -

а) Парламент

ә) Сенат

б) Мәжіліс

в) Үкімет

г) Әкімшілік

3. Қазақстан Республикасының басқару формасы

а) парламенттік

ә) монархиялық

б) президенттік

в) конституциялық монархия

г) федералдық демократия

Үкімет

Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады.

Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауап береді, сондай-ақ Республика Парламентіне есеп береді.

Үкіметтің қызмет тәртібі конститутциялық заңмен белгіленеді.

Үкімет мүшелері Қазақстан халқы мен Президентіне ант береді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің жүзеге асырылуын ұйымдастыруды.

Қазақстан Үкіметі қызметінің аса маңызды бір саласы- Республикадағы тілдер саясатын дұрыс жүзеге асыру.

Тіл туралы конститутциялық ережелердің елімізде жүзеге асуы үшін барлық жағдай жасау- бірінші кезектегі міндет. Республикада қазіргі уақытта мемлекеттік тілдің мәртебесі басым болуы қамтамасыз етілген. Мемлекеттік мекемелерде қазақ және орыс тілдерінің қолданылуы үшін қажетті нормативтік- құқықтық жағдай жасалған. Олардағы іс жүргізуді бірте- бірте мемлекеттік тілге көшіру қолға алынуда. Қазақ және орыс тілдерінің қызмет ету аясындағы нормативтік талаптардың бұзылуына жол берілмейді. Пайда болған жағдайларда олар ұйымдастырушылық, метриалдық-қаржылық және техникалық шаралар қабылдау арқылы еңсеріліп отырады.

атқарушы билік - исполнительная власть

есеп береді - отчитывается

белгіленеді - определяется

қызмет тәртібі - здесь: функция

Ант - клятва

қорғаныс қабілеті -обороноспособность

ереже - положение





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 916 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.018 с)...