Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

в. Сингапур мен Гонконг 1 страница



г. Гонконг пен Малайзия

6-тақырып: Халықаралық ынтымақтастық. Халықаралық ұйымдар

Оқылым.

Құрылым, қауымдастық, бірлесу, сала, әлеуметтік, үкіметаралық, жарғы, қажеттілік, жаһандану

Халықаралық ұйымдар

Халықаралық ұйымдар - мемлекеттердің немесе олардың құрылымдарының, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, ұлттық қоғамдардың, үкіметтік емес сипаттағы қауымдастықтардың, әртүрлі мемлекеттердің атынан жүретін жеке мүшелердің бірлесуі. Қоғамдық өмірдің әртүрлі (саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми-техникалық және т.б.) салаларында ортақ мақсаттарға жету үшін құрылады және халықаралық әріптестіктің аса маңызды түрі болып табылады.

Халықаралық ұйымдар XIX ғ. екінші жартысында пайда болды, ол ұлттық мемлекет шеңберінен шыққан дамыған экономикалық және әлеуметтік-саяси қатынастардың түбегейлі жаңа мәселелердің, трансұлттық міндеттердің шешімін табуда бірлесудің, халықарaлық күшті жұмылдырудың объективті қажеттілігінен туды. Алғашқы бұқаралық халықаралық ұйымдар - 1863 ж. швейцарлық Анри Дюнан негізін қалаған Қызыл Крест және Бірінші интернационал - 1864 ж. Лондонда К. Маркс пен Ф. Энгельс негізін қалаған Халықаралық жұмысшылар жолдастығы. Алғашқы Халықаралық үкіметаралық ұйым -1874 ж. қүрылған Жалпы пошталық одақ. Халықаралық ұйымдардың құрылуына түрткі болған I және II дүниежүзілік соғыстар. Олар аяқталғаннан кейін әлем оның зардабын талқылап, енді болдырмау үшін тиімді, оңтайлы халықаралық қауіпсіздік жүйесін қүруға талпыныс жасады. Осылайша, 1919 ж. Ұлттар Лигасы қүрылды. 1945 ж. Сан-Францискода Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы қабылданды. XX ғасырдың екінші жартысында күрт күшейген жаһандану процестері, оған сәйкес әртүрлі елдер мен халықтардың өзара қарым-қатынасының дамуы жаңа халықаралық ұйымдардың қүрылуына септігін тигізді. XXI ғ. басында әлемде қызметі, мақсат-міндеттері, бірлесу түрі, қатысушылар саны, өкілеттігі алуан түрлі ондаған мың халықаралық ұйым бар. Бірлесу түріне байланысты халықаралық ұйымдар үкіметаралық және үкіметтік емес болып бөлінеді.

Сұрақты дұрыс қолданыңыз.

Халықаралық ұйымдар....................бірлесуі? Не істеді

Қоғамдық өмірдің әртүрлі саласы............үшін құрылады? Қашан

Халықаралық ұйымдар............ пайда болды? Не

Қызыл Крест ұйымын.............. қалаған? Қайда Кім

Халықаралық жұмысшылар жолдастығы..........құрылды? Кім

Сан-Францискода Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы...........? Ненің

Жазылым.

1) Кестені толтырыңыз

1863 жыл   Қызыл Крест  
  К. Маркс пен Ф. Энгельс   Лондон
1874 жылы ------------------ Жалпы пошталық одақ  
      Сан-Франциско

2) Берілген күрделі сөйлемнен 2-3 жай сөйлем құрастырыңыз.

Халықаралық ұйымдар XIX ғ. екінші жартысында пайда болды, ол ұлттық мемлекет шеңберінен шыққан дамыған экономикалық және әлеуметтік-саяси қатынастардың түбегейлі жаңа мәселелердің, трансұлттық міндеттердің шешімін табуда бірлесудің, халықарaлық күшті жұмылдырудың объективті қажеттілігінен туды.

Тыңдалым.

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР

Қалыптасқан геосаяси өмір болмысын және әлемдегі геосаяси күштердің қатарындағы өзінің орнын байсалды бағалай келіп, Қазақстан ТМД, сондай-ақ бүкіл әлем шеңберінде әр түрлі интеграциялық топтардың жұмысына белсенді түрде қатысуда, осы арқылы ол әлемнің ғаламдық проблемаларын шешуге өз үлесін қосып қана қоймай, сонымен бірге ұлттық мүдделерін шешуге жол ашады.

1992 жылы 2-наурызда Қазақстанның БҰҰ-ға кіруі өзінің маңызы жағынан тарихи акция болды. Қазақстан БҰҰ-ға әлемдік қоғамдастықтың қатардағы жаңа мүшесі ретінде ғана емес, сонымен бірге қазіргі заманның ең бір өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын, ядролық қарусыздану жолындағы қозғалыстың алғы шебінде тұрған мемлекет ретінде енді.

Әлемдік саяси проблемаларға Қазақстанның тепе-теңдік сақтаған және шынайы көзқарасы БҰҰ БА-ның күн тәртібіндегі өткір мәселелер бойынша дауыс берген кезде осы халықаралық форумда оң бағаланып жүр. Біздің еліміз ЕҚЫҰ-ның, Парламентаралық Одақ пен Экономикалық Ынтымақтастық ұйымының мүшесі болғандықтан осы бірлестіктердің БҰҰ мен ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған Бас Ассамблея қабылдайтын қарарлардың тең авторы болып табылады.

БҰҰ-дағы біздің мемлекетіміздің ұстанымы БҰҰ қарапайым мәселелердің бүкіл кешені бойынша Қазақстанның мүдделерін ескерудің негізінде қалыптасады. Бұл орайда экономика, экология, әлеуметтік даму, халықаралық құқықты прогрессивті дамыту, адам құқығын сақтау саласында, ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында БҰҰ мен өзара іс-қимылды нығайтуға айырықша көңіл бөлінуде.

Экономикалық Ынтымақтастық ұйымы 1985 жылы құрылды. 1992 жылғы қарашада жаңа жеті мемлекет, оның ішінде Қазақстан ЭЫҰ құрамына кіргеннен кейін аталған бірлестіктің қызметі елеулі түрді жанданды. ЭЫҰ-ның негізгі міндеті – мүше елдердің үздіксіз әлеуметтік- экономикалық дамуы үшін, аймақ мемлекеттері экономикасының шаруашылық байланыстарының әлемдік жүйесіне дәйекті түрде және бірте-бірте кірігуі үшін жағдай жасау болып табылады.

Біздің еліміздің қазіргі заманғы әлемнің жетекші қаржылық және экономикалық институттарымен өзара іс-қимылы Қазақстанның тұрақты экономикалық өсімінің маңызды шарттарының бірі болып табылады. Осындай құрылымдардың қызметіне Қазақстанның қатысуы әлемдік рынокта оның позициясын нығайтуға, сыртқы берешек проблемаларын реттеу және ішкі ақша айналымын тұрақтандыру үшін енгізуге қаржылық ресурстар тартудың перспективасын жақсартады.

Экономикалық реформаларды қаржыландыру, ұлттық экономиканың жекелеген салаларын дамыту жөніндегі арнайы жобаларды іске асыруға арналған заемдар мен несиелерді алу көзқарасы тұрғысынан Қазақстан Халықаралық Валюта қоры, Дүниежүзілік банк, Еуропалық Қайта құру және Даму банкі, Азиялық Даму банкі, Ислам Даму банкі сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастыққа басымдықты рөл береді.

1) Мәтін 1-ші абзацының мазмұнына сәйкес ақпаратты табыңыз.

Қазақстан әлем шеңберінде өз мүддесін шешуге жол ашады.

Қазақстан БҰҰ-ға жаңа мүшесі ретінде ғана емес, сонымен қатар белсенді.

Қазақстан Бас Ассамблея тең авторы болып табылады.

БҰҰ мен өзара іс-қимылды нығайтуға айырықша көңіл бөлінуде.

2) Мәтін 2-ші абзацының мазмұнына сәйкес ақпаратты табыңыз.

БҰҰ мен өзара іс-қимылды нығайтуға айырықша көңіл бөлінуде.

Қазақстан әлемнің жетекші институттарымен позициясын нығайтуда.

Қазақстан БҰҰ-ға жаңа мүшесі ретінде ғана емес, сонымен қатар белсенді.

Қазақстан халықаралық ұйымдармен ынтымақтастыққа басымдықты рөл береді

3) Мәтін 3-ші абзацының мазмұнына сәйкес ақпаратты табыңыз.

БҰҰ мен өзара іс-қимылды нығайтуға айырықша көңіл бөлінуде.

Қазақстан Бас Ассамблея тең авторы болып табылады.

Қазақстан ЭЫҰ құрамында белсенді қызметі етеді.

Қазақстан әлемнің жетекші институттарымен позициясын нығайтуда.

4) Мәтін 4-ші абзацының мазмұнына сәйкес ақпаратты табыңыз.

БҰҰ мен өзара іс-қимылды нығайтуға айырықша көңіл бөлінуде.

Қазақстан әлемнің жетекші институттарымен позициясын нығайтуда.

Қазақстан халықаралық ұйымдармен ынтымақтастыққа басымдықты рөл береді.

Қазақстан ЭЫҰ құрамында белсенді қызметі етеді.

5) Мәтін 5-ші абзацының мазмұнына сәйкес ақпаратты табыңыз.

Қазақстан ЭЫҰ құрамында белсенді қызметі етеді.

Қазақстан әлемнің жетекші институттарымен позициясын нығайтуда.

Қазақстан халықаралық ұйымдармен ынтымақтастыққа басымдықты рөл береді.

БҰҰ мен өзара іс-қимылды нығайтуға айырықша көңіл бөлінуде.

6) Мәтін 6-ші абзацының мазмұнына сәйкес ақпаратты табыңыз.

БҰҰ мен өзара іс-қимылды нығайтуға айырықша көңіл бөлінуде.

Қазақстан ЭЫҰ құрамында белсенді қызметі етеді.

Қазақстан әлемнің жетекші институттарымен позициясын нығайтуда.

Қазақстан халықаралық ұйымдармен ынтымақтастыққа басымдықты рөл береді.

7) Мәтін 7-ші абзацының мазмұнына сәйкес ақпаратты табыңыз.

Қазақстан Бас Ассамблея тең авторы болып табылады.

Қазақстан халықаралық ұйымдармен ынтымақтастыққа басымдықты рөл береді.

Қазақстан әлемнің жетекші институттарымен позициясын нығайтуда.

Қазақстан ЭЫҰ құрамында белсенді қызметі етеді.

Айтылым

Топпен жұмыс: Төменде берілген тірек сөздерімен қай топ сөз тіркесін тез құрастырса, сол топ жеңіске жетеді.

Құрылым Қауымдастық Бірлесу Сала Әлеуметтік Үкіметаралық Жарғы Жаһандану

Берілген тақырып бойынша сөздік

халықаралық қатынас –международные отношения

саяси жүйе-политическая система

ұлттық мүдде-национальный интерес

әлеуметтік даму-социальный прогресс

халықаралық құқық- международное права

прогрессивті дамыту-прогрессивное развитие

адам құқығын сақтау-сохранить человеческие права

экономикалық реформалар-экономические реформы

қаржыландыру-финансировать

ұлттық экономика-националная экономика

жекелеген сала-индивидуальная сфера

даму-развитие

валюта қоры-валютный фонд

дүниежүзілік банкі-всемирный банк

халықаралық ұйымдар- международные организации

ынтымақтастық-соодружество

7-тақырып: Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары. Адам құқықтары мен бостандықтары.

Адам және оның құқықтары

Қазақта «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген аталы сөз бекер айтылмаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды кұрметтеп, ата-бабамыздың
тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Қазақ халқы 13 жастағы баланы «отау
иесі» деп атады. Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс
жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады.

Заңды білу - заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет кұру идеясын жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана-сезімдерін қалыптастыру. Азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені, заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы – атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Адамзат баласының өмір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатын сияқты, ғаламшарды мекен еткен әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық тілдердегі мойындалған атауы - Конституция.

Еліміз 1995 жылы өзінің талғам-талқысынан өткен басты құжаты Конституциясын қабылдады. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Қастерлі кұндылықтардың қағидаттарын бұлжытпай орындаудың нәтижесінде Қазақстан Республикасы қысқа мерзімде мызғымас мемлекет орнатып, тәуелсіздігін тұғырлы етті. Ата Заң мемлекеттің тәуелсіздігі мен тұтастығының кепілі ретінде елдің бірлігін бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды. Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі халықтың өзі екенін
айқындайды. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам
басты.

Тапсырмалар:

1. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.

A) Ұл бала неше жаста отау иесі атанады?

B) Қыз баланы қашан тұрмысқа ұзатады?

С) Дені саудың жаны сау ма?

D) ҚР Конституциясы қашан қабылданды?

2. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.

А) Республика Парламенті жоғары заң шығарушы орган.

В) Заң талаптарын бұзуға болады.

С) Ата Заң дегеніміз – Тіл туралы Заң.

D) Салауатты өмір салты заңға қайшы келмейді.

3. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.

А) бала, ата, немере шөбере.

В) достар, әріптестер, замандастар, сыныптастар.

С) заң, азамат, құқықтар, қылмыстық жауапкершілік.

D) денсаулық – зор байлық.

4. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.

А) Қылмыскер ешқашан жауапқа тартылмайды.

В) Жауапқа тартылған адамды қамауда ұстайды.

С) Адам он төрт жасынан жауапқа тартылады.

D) Заңгер болу үшін жоғары білім алу керек.

5. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.

Азаматтың міндеті не?

А) заң талаптарын бұзбау

В) үйіне қонақ шақыру

С) өз міндетін орындамау

D) заң шығару

6. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.

А) Шет мемлекеттердің заң талаптары жайлы ақпарат беріледі.

В) Заң бұзушылықтың неге әкеп соғатыны айтылады.

С) Заңды білудің, оны құрметтеудің маңыздылығы баяндалады.

D) ҚР Конституциясының баптары түсіндіріледі.

7. Мәтінге нақты тақырып таңдаңыз.

А) Заңды білу - заман талабы

В) Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің

С) Ел іші - өнер кеніші

D) Менің отбасым

Тыңдалым

Бүгінде қолда бар тарихи деректерге сүйенсек, Қазақ хандығы құрылған кезде XV ғасырда барша жұрт ертеден келе жатқан ауызша заңдар жүйесі «Әдеп» (Адат) Заңына бағынып келген. Қазіргі күнге дейін сөйлеген сөзімізде, жазған мақаламызда халық арасында әбден қалыптасқан, бұлжытпас қағидаға айналған істерді баяндағанда «Әдеттегідей», әдетте деп жататынымыз бар. Әдет Заңы бүкіл қазақ қауымы үшін Ата Заңы болатын. Мемлекеттегі барлық істер осымен өлшеніп, осымен бағамдалды, «Әдетке» бүгінге дейін ұлттық болмысымызға тән болып келген барлық әдет-ғұрыптар тән болды. XVI ғасырда әдет-ғұрыптарды Қасым хан тұңғыш жүйелеп,
жинақтауға және жетілдіруге тырысып, бес Жарғыны тұжырымдап берді. Олар: 1.Мүлік заңы; 2.Қылмыс заңы; 3.Әскери заңы; 4.Елшілік жоралары; 5.Жұртшылық заңы.

  1. «Әдеп» деген не?

А) ауызша заңдар жүйесі

В) көркем шығарма

С) тарихи-деректі фильм

D) мемлекеттік бағдарлама

  1. «Әдеп» заңы нені қалыптастырады?

А) мемлекеттегі барлық істер

В) халықтың көзқарасы

С) тіл туралы мәселелер

D) денсаулық мәселелері

  1. «Әдеп» заңының неше тұжырымдамасы болды?

А) сегіз

В) жеті

С) бес

D) алты

  1. «Әдетке» қандай болмысымыз тән?

А) тарихи жағдайларға байланысты

В) ұлттық болмысымыз

С) салауатты өмір салты

D) шетелге еліктегіш

Айтылым.

Топтық жұмыс. ҚР Конституциясы 9 бөлімнен тұрады. Осы бөлімдерді бірінші болып рет-ретімен жазып шыққан топ жеңімпаз атанады.

Жазылым.

Берілген мәтіндегі сан есімдерді сөзбен жазыңыз.

Мәтіндегі кез келген екі сөйлемнен құрмалас сөйлем жасаңыз.

Кеңестік дәуірінде Қазақстанда қабылданған 1937ж және 1978ж Конституциялары болды. Қас қағым сәтте күрделі оқиғалар туындап жататын бүгінгідей жүйрік уақытта егемен еліміздің Ата Заңын жетілдірудің қажеттілігі күн тәртібіне қойылды. Бүл ғарыштық жылдамдықпен зымыраған заманның талабы болатын. Сөйтіп,1995 жылы 30 тамызда өткен бүкілхалықтық референдумның нәтижесінде республиканың жалпы бесінші, ал тәуелсіз елдің екінші Конституциясы қабылданды. Бүгінгі қолданыстағы негізгі заңымыз кіріспеден, 9белімнен, 98 баптан құралған. Ол бүгінгі заманның барлық маңызды мәселесіне толық жауап беріп келеді. Келесі маңызды заңның бірі Балалар құқығы туралы конвенция -халықаралық келісімшарт. 1990 жылы әлемнің көптеген елдері осы келісімге қол қойды. Бұл келісім бойынша кез келген бала шыққан тегіне қарамастан қамқорлыққа алынуы тиіс. Бұл құжатқа әлемнің 156-шы елі болып 1995 жылы Қазақстан да қол қойды.

Жағдаяттық тапсырма:

8 сынып оқушысы Әйгерімге үнемі өзінен екі жас үлкен Қайрат телефон соғып тұрады. Бір күні Әйгерім келесі бір телефон диалогында әпкесінің басқа бөлмеде екінші телефон тұтқасынан оның әңгімесін естіп тұрғанын біліп қояды. Әпкесіне ренжіп еді, ол «Сенің құпиянды әкем мен шешеме айтып қоямын» деп қорқытты.

Әйгерім үшін оның құпия болғаны керек еді. Бірінші жағдайдағы Әйгерімнің әпкесінің іс-әрекеті дұрыс па? (Өз пікіріңізді айтыңыз).

Оқыңыз, қызық!

Ежелгі Грекияда әділдік құдайы Фемида болған. Фемида - әділетті соттың символы.

Фемиданың маңызды атрибуттары — семсер мен таразы. Олар сот және кұқық қорғау мекемелерінің эмблемасында жиі қолданылады. Фемида - мантия киген, келбетті де келісті әйел. Сол қолында таразы, оң қолында семсер, көзі байлаулы. Таразы - мөлшер мен әділеттіліктің белгісі. Таразыда жақсы мен жамандық, күнә мен күнәсіздік, әділет пен әділетсіздік өлшенеді. Көне мифологияларда о дүниенің патшалары адамдардың жаман және жақсы қылықтарын таразылап, тағдырларын шешкен. Таразы Фемиданың сол қолында, өйткені денесінің сол жағы сезімтал қабылдағыш екен. Семсер - Рухани күштің, кек алудың символы. Семсер екіжақты, ол тек жазалау емес, ескерту мағынасын да білдіреді. Көзді байлау - әділеттіліктің нышаны. Сот алдына келгенді көрмей, тек фактілер мен шындыққа сүйене отырып, Фемида әділетті шешім қабылдайды.

Заң бұзушылықтың себебі қандай? Заң бұзушылыққа не себеп болуы мүмкін?

8-тақырып: Отбасы. Неке. Баспана. Бала тәрбиесі

Отбасы. Неке. Бала тәрбиесі

Оқылым.

«Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі»

Бала тәрбиесі - мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа Жолдауларында егемен еліміздің азаматтарын қалыптастыруда тәрбие жұмыстарының ерекше рөлі барын баса айтып келеді. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен өзінің ұрпағымен тікелей байланыстырады.

«Адамның бір қызығы бала деген, баланы медресеге біл деп бердім, қызмет қылсын шен алсын деп бермедім деп», - Абай Құнанбайұлы айтқандай, адам ұрпағымен қымбат, адам баласының ең қызығы, бақыты ұрпағының жалғасы.

Балаға деген мейірімі, сезімі, махаббаты ананың ыстық ықыласы мен тәрбиесінен берілетін құнды дүние. Бала тәрбиесі ата-ана тәрбиесімен ұштасып жатуы тиіс. Ата-ананың бала тәрбиелеудегі мақсаты - болашақта баланың жеке тұлға болып қалыптасуына, саналы ұрпақ болып өсуіне, дұрыс білім алып жетілуіне, өмірде өз орнын табуына көмек беру. Себебі, білім тәрбие арқылы беріледі. Тәрбие жоқ жерде білім де жоқ. Тәрбие қаншалықты тереңде болса білім де соншалықты тереңде. Болашақ білімді, дарынды, адамгершілігі мол ұрпақ үшін бұл өте маңызды. Отбасының бала тәрбиесінде алатын орны айрықша. Ал қазақ отбасының төмендегідей өзіндік ерекшеліктері бар.

1. Халықтық сипат алуы: көп балалы болуды қалауы, ауыл қариялары, көрші-қолаң, тума-туыс, құрбы-құрдас және т.б. тәрбиеге баулуы;

2. Ізгіліктілігі: отбасындағы әрбір әрекет, қарым-қатынас, ұлттық мерекелер мен салт-дәстүрлер;

3. Дінмен байланыстылығы;

4. Жеке-даралығы: ұл мен қыз бала тәрбиесі.

Осы аталған қасиеттер тұтас қамтылған жағдайда тұлғалық қасиеттер қалыптасып, кемелдікке жеткізеді.

Тапсырмалар:

1. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 451 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.026 с)...