![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
№ | СӨЖ мазмұны мен тапсырмалар | Сабақ түрі | Апта № тапсыру мерзімдері | Максим. балл |
1. | Сызба бойынша берілген бағдарлама мен оқулыққа талдау жасау. | реферат | ||
2. | Үлгілік тізім бойынша сабаққа конспект құрастыру (тақырыпқа, сабақтың мақсатына, құрылымына тұжырымдама жасау, жұмысқа бағытталған арақатынас, ойлау іс-әрекетін белсендіру тәсілдері). | реферат | ||
3. | Күнтізбелік жоспар құрастыру. | семинар | ||
4. | Бірінші ондық сандарды оқыту бойынша сабақтың фрагментін құрастыру. | диспут | ||
5. | Академиялық ойын. | семинар | ||
6. | 20,100 жуық мысалдардың разряд арқылы өтуі және өтпеуін шешу. | диспут | ||
7. | «Көбейту мен бөлуді кестемен оқудың методикасы» тақырыбы бойынша сабаққа анализ жасау. | диспут | ||
8. | Арифметикалық тапсырмаларды талдауы бойынша сабақтың фрагментін құрастыру. | семинар | ||
9. | Әдістемелік тапсырмаларды шешу. | диспут | ||
10. | Берілген тақырып бойынша материалдың орналасуы және мазмұнына қарай, көмекші мектептің жоғарғы бір сыныбына математика оқулығын және программасын оқыту. | семинар | ||
11. | 1000 және 1000000 санадарының нөмерлеуін оқытуға бағытталған тапсырамаларды математика оқулығынанан табу. | семинар | ||
12. | Математика оқулықтарымен жұмыс («Методика - уақыт өлшемі» тақырыбын бекітуге жаттығулар мен тапсырмалар табу). | диспут | ||
13. | Өлшеу нәтижесінде алынған сандармен арифметикалық әрекет және сабақтың фрагментін құрастыру білімін меңгеру (Тақырыпты түсіндіру және оны бекіту кезеңі). | семинар | ||
14. | Мұғалімнің күнтізбелік жоспарын құрастыру. (III тоқсанда 6 сыныпқа ондық бөлшекті оқыту кезінде) | реферат | ||
15. | Жай және ондық бөлшекті оқытуда салыстырмалы анализ жасау. | диспут | ||
5 сем сағат саны | 90с |
Ескерту. Білімгерлердің өздік жұмысы оның оқу жұмысының маңызды бөлігі болып табылады. Өзіндік жұмыстың интенсивтілігі мен сапасы білімгердің бағдарламалық материалды өз бетінше игере алу қабілетіне, жүйке жүйесі бұзылыстар курсын оқып-үйренудегі жетістігіне байланысты.
Сіздер сабаққа нақты сұрақтарды талқылап және біз шешетін мәселелерге сыншылдықпен қарау үшін дайындылып келу керексіздер. Сіздер сабақтан өздеріңіздің арықарайғы оқуларыңызға және болашық кәсіби әрекетіңізге керектілерді жазып алуларыңыз қажет. Сонымен қатар, барлық курс уақытында біз өзара қарым-қатынаста және түсіністікпен жұмыс істеуіміз үшін өз оқуларыңызға жауапкершілік алуларыңыз керек.
Материалды конспектілеу және керекті ойларды, тезистерді, сандарды және фактілерді жазып алу аса маңызды.
Өзіндік жұмыстың бір түрі баяндамалар мен рефераттарды дайындау болып табылады.
Бұл жұмыс білімгерге әр түрлі ағым көздерінен жаңа мәліметтерді іздеп-үйренуге мүмкіндік береді. Баяндамалар мен рефераттарды дайындау библиографиялық ізденіске, талдауға және материалды жалпылауға үйретеді, өз ойын қысқаша, нақты жеткізу қабілеттілігін дамытады; дүниетанымын кеңейтеді; өзіндік білім алуға қызығушылық пен талғамды дамытады. Сонымен қатар, бұл жұмыс ғылыми-зерттеу жұмысына икемділікті қалыптастырады.
Білімгердің өзіндік жұмыс процесінде глоссария жүргізуі коррекциялық педагогика мен психологияның негіздерін, оның ғылыми-категориалды аппаратын, яғни базистік терминологиясын иемденуге көмектеседі, бұл тест жазғанда, тапсырманы орындағанда, жазбаша жұмыс пен коллоквиум тапсырғанда жоғары балл алуға мүмкіндік береді.
Білімгерлердің дискуссия, ойын, тренинг, тапсырмаларды шешу және рейтингтік тапсырмаларға дайындалуы мен қатысуы, олардың шығармашылық ойлауын дамытуға және болашақтағы кәсіби іс-әрекетінде іскерлікті меңгеруге және коммуникативті байланыстарды дамытуға көмектеседі.
Әр түрлі тапсырмаларды білімгер оқытушы айтқан уақытта толық көлемді және сапалы өткізсе, оған жоғары балл алуға мүмкіндік бар.
Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 663 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!