Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Лабораториялық сабақтар жоспары



(пәннің оқужоспары бойынша қарастырылмаған)

9. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар:

Осы пәнді менгеру барысында болашақ мамандар әлеуметтанулық зерттеу методологиясын, әдістемесін, әдіс-тәсілдерін толық меңгеру керек. Әлеуметтанулық зерттеу болашақ маманның үнемі орындайтын, іс асыратын жұмыстарының бірі болып табылады. Сондықтан, осы пән бойынша оқу-әдістемелік кешенде және электронды дәріс курсында ұсынылатын материалдармен толық танысып, берілген мәліметтерді қолдана отырып сабақтарға дайындалуда студентер, ең алдымен, осы оқу кешенде берілген жалпы әдебиеттер тізімі бойынша көрсетілген әдебиеттерді қолданып, тапсырмаларды орындап, бақылау сұрақтарына жауап іздеу қажет. Бақылау тапсырмаларын орындаған кезде кестелерді құруға және қорытынды жасауға үйрену қажет. Сонымен қатар, семинарлық және де басқа бақылау тапсырмаларын орындаған кезде қазіргі әлеуметтану ғылымның зерттеу әдіс – тәсілдеріне назар аудару қажет. Қоғам өмірдегі болатын жағдайларды мысалға алып, оларды әлеуметтану теориялары арқылы бейнелеп, сипаттама беру қажет және ғылыми әдебиеттерде жалпы қабылданған зерттеушілік стандарттарды қолдану керек. Пән бойынша жазба жұмыстарды орындауда рефераттарды, бақылау жұмыстар мен курстық жұмыстарды жазып дайындауға арналған әдістемелік ұсыныстарға назар аудару қажет.

Жалпы аудиториялық оқу үдерісі лекциялардан, тәжірибелік сабақтардан (семинарлардан) және СОӨЖ-дан тұрады. Семинардың құрылымы – зерттеген әдебиеттер негізінде қарастырылатын тақырыпты мазмұндау және талқылаудан тұрады. Осы оқу кешенде семинарлық сабақ барысында алдын ала таңдалған тақырып бойынша баяндама жасау, баяндамаларды топтық талқылауға қатысу, жеке жазбаша жұмыстарын орындау ұсынылады. СОӨЖ барысында қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу, мәтіндерді оқу және талдау, эссе жазу қарастырылады.

10. Курстық жобаларын (жұмыстардың), зертханалық жұмыстарын, есептік – графикалық жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар: (мамандықтықтың оқу жоспары бойынша жоспарланбаған)

11. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары (СОӨЖ) бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары:

СОӨЖ өткізу түрлері – ауызша сұрау, топтық талқылау, бақылау жұмыстарын жазу, реферат, эссе, слайд дайындап, олырды қорғау, кесте және диаграммаларды құрастыру.

СОӨЖ барысында студенттер ғылыми зерттеу тәсілдерін, ғылыми жұмыстарды жоспарлауды, ғылыми-анықтамалық аппаратты дұрыс рәсімдеуді және тиісті тақырыптарға байланысты талдауды меңгерулері қажет. Ол үшін студент төмендегі тапсырмаларды орындау тиісті.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 648 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...