Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып 3. Индекстерді құру



Дәріс тезистері:

Статистика практикасында, индекстер орта шамалармен қатар статистикалық жиынтық бірліктерінің қорытындылама сипаттамасы болып табылады. Индекс- уақыт ішінде, кеңістікте немесе жоспармен кез-келген әлеуметтік – экономикалық құбылыстардың шамасының қатынасын көрсететін қатысты шама. Сонымен қатар индекстер бір көрсеткіштердің мәнінің өзгерісінің басқалардың динамикасына әсерінің деңгейін анықтайды, нақты бағадан салыстырмалы бағаға макроэкономикалық көрсеткіштердің ауысуының мәнін есептецді, әр аймақ бойынша көрсеткіштер қатынасын өлшейді және т.б.

Индекс сөзі көрсеткіш деген мағынаны береді.

Үйреншікті жағдайда салыстырмалы көрсеткіштер әртүрлі элементтерден тұратын құбылыстарды сипаттайды, оларды өлшеу мүмкін еместігінен қосуға болмайды.

Индекстер қатысты санмен көрсетіледі.

Индекстерді есептеуде салыстырмалы деңгейді және базисті деп аталатын салыстыру жүргізілетін деңгейді бөліп қарайды. Салыстыру базасын таңдау зерттеу мақсатымен анықталады.

Бір аттас құбылыстардың динамикасын зерттеу салыстырудың, динамикалардың және жоспарды орындаудың белгілі қатысты шамалары болып табылатын жеке индекстер көмегімен зерттеледі.

Салыстырылмайтын элементтерден тұратын жиынтықтарды өлшеу топтық немесе жалпы индекстер көмегімен зерттеледі.

Соңғылары құрастыру әдісі бойынша агрегатты индекстер және жеке индекстерден орташа салмақталған болып бөлінеді.

Егер сапалық көрсеткіштер индексі ағымдық кезең деңгейінде алынған салмақтар негізінде құрастырылған болса, онда қарастырылған жоғарыдағы агрегатты индекстер, с.қ. олардың элеметтері бір-бірімен өзара байланысты.

Ұсынылатын әдебиет: 1, 2, 3, 7, 8, 9, 10





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 489 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...