Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып 8. Әлеуметтік бейнелерді (образдарды) өлшеуде ресми емес әдістер



Дәріс тезистері:

Формализация деңгейі жоғары және ресми емес әдістерінің өзіндік мүмкіндіктері мен шектулері бар. Бірінші топ әдістері арқылы жаппай сұрау өткізуге болса, ресми емес әдістер арқылы адамдар әрекетінің терең мән-мағынасын түсінуге болады. Ресмилік деңгейі төмен болса да әлеуметтанушылар адамды толық және терең түсінуге тырысады, себебі жиналған мәлімет оған мүмкіндік береді.

Әлеуметтік ғылымдарды сандық және сапалық әдістер қатар қалыптасып келді. Сапалық әдістер алғаш рет Ле Племен кең қолданылды. Сапалық әдіс — ақпаратты сапалы сипаттау және оны стандартты емес түрде жинау арқылы жүргізіледі. Бұл әдіс бақылау, тереңдетілген сұхбат, фокус-топтар және т.б. қолдануға негізделген.

Сандық әдістердің кең таралуы Кетленің зерттеуімен байланысты болып келеді. Сандық әдістер деп — жабық типті құрылымдық сұрақтарды пайдалану арқылы әр түрлі сауалнамаларды жүргізуді айтады.

1) Сауалнамалар (анкеталар) тарату жолымен пікір сұрау. Пікір сұрау пошта, телефон және жеке әңгімелесу арқылы жүргізіледі. Жеке әңгімелесу (сұхбат) — пікір сұрау жүргізудің ең әмбебап әдісі. Қажет болса, зерттеуші сауалнамадағы (анкетадағы) сұрақтардан да басқа сауалдар қойып, зерттеу нәтижелерін толықтыруы мүмкін. Бұл тәсіл — мұқият дайындықты, әңгіме өткізуді жоспарлауды және білікті мамандардың қатысуын талап ететін қымбат әдіс. Пікір сұрау жүргізудің мынадай әдістерін атап өтуге болады:

— Жеке сұхбат — бір адаммен әңгімелесу. Жеке сұхбат жұмыс орнында, үйде және далада жүргізілуі мүмкін. Ол сұрақтарына, сұрақ санына және уақытына байланысты бірнеше минуттан бір сағатқа дейін созылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда кеткен уақыт үшін сұхбат беруі тиіс шағын сыйлық, не ақшалай өтемақы беріледі. Жеке сұхбат — мәлімет жинаудың ең қымбат әдісі.

Ұсынылатын әдебиет: 1, 2, 3, 7, 8, 9, 10

7. Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары:





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 529 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...