Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Күндізгі бөлімнің тақырыптық жоспары



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

5B050100 - «Әлеуметтану» мамандығына арналған

Курс: 3

Семестр: 5

Қарағанды 2015

Құрастырушы: Бейсенова А.А. – саясаттану және әлеуметтану кафедрасының

аға оқытушысы, магистр.

«Әлеуметтанудағы өлшем» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен пәннің бағдарламасынан, дәрістер тезистерінен, семинар жоспарларынан, студенттердің өзіндік жұмыстарын жүргізу нысандарынан және қажетті әдістемелік ұсыныстар мен әдебиеттер тізімінен құрылған. Сондай-ақ, бұл еңбекте студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары мен тест және емтихан сұрақтары берілген.

Ұсынылып отырған «Әлеуметтанудағы өлшем» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен несиелік технологияда оқитын университеттің «Әлеуметтану» мамандығының студенттеріне арналған.

«Әлеуметтанудағы өлшем» пәні бойынша Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың «Әлеуметтану» мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешен / Құраст. Бейсенова А.А., – Карағанды: ҚарМУ баспасы, 2015. – 39 б.

© Қарағанды мемлекеттік университет, 2015


1. Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1)

Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары

Оқу жоспарының көшірмесі

Оқу мерзімі Курс Семестр Несиелер Лекиялар Семиарлар СОӨЖ СӨЖ Барлығы Бақылау түрі
4 жыл                 Емтихан

Күндізгі бөлімнің тақырыптық жоспары

(4 жыл)

Тақырып атауы Лекциялар Семинарлар СОӨЖ СӨЖ
Әлеуметтанудағы өлшем: негізгі ұғымдар мен принциптер
  Концептуализация мен өлшем        
  Өлшемнің деңгейлері        
Бірөлшемді шкалалар: индекстерді құру, рангтау
  Индекстерді құру        
  Рангтау        
Бірөлшемді шкалалар: әлеуметтік қондырғыларды есептеудегі классикалық модельдер (үлгілер)
  Суммарлық бағалау шкаласы. Тең ара-қашықтық шкаласы        
  Әлеуметтік дистанция шкаласы. Шкалограммды талдау        
Өлшемнің проективті әдістері
  Психосемантикалық әдістер. Семантикалық дифференциал.        
  Әлеуметтік бейнелерді (образдарды) өлшеуде ресми емес әдістер        
  БАРЛЫҒЫ        

3. Пәннің оқу бағдарламасы (SYLLABUS)

3.1 Оқытушы туралы мәліметтер:

Бейсенова Айгүл Аманжанқызы – әлеуметтану магистрі, саясаттану және әлеуметтану кафедрасының аға оқытушысы.

Саясаттану және әлеуметтану кафедрасы Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың № 8 корпусында № 313 аудиторияда орналасқан.

Оқытушының кафедрада болатын уақыты - күн сайын, сабақ кестесіне сәйкес.

E-mail: [email protected]

3.2 Пререквизиттері: Осы курсты бастамастан бұрын студенттер «Батыс әлеуметтанудың тарихы», «Қазақстан әлеуметтанудың тарихы», «Әлеуметтанулық зерттеулердің әдістемесі мен ұйымдастрылуы», «Қоғамның әлеуметтік құрлымы», «Әлеуметтануға кіріспе» пәндерін меңгеруі тиісті.

3.3 Постреквизиттері: пәнін менгеруден кейін студенттерге «Әлеуметтанулық зерттеулердегі математикалық талдау», «Әлеуметтанулық мәліметтерді өңдеу және талдау (SPSS негізінде), «Әлеуметтік болжау», «Маркетингтік зерттеулер», «Әлеуметтанулық практикум» пәндерін игерген жөн. Себебі аталған пәндер студенттердің кәсіби білімдерін кеңейтеді, түсініктерін және болашақ маман тұлғасын, азаматтылығын қалыптастырады.

3.4 Пәннің қысқаша мазмұны:

«Әлеуметтанудағы өлшем» курсында эмпирикалық әлеуметтанулық зерттеудің процедурасының әдіснамалық және әдістемелік мәселелерімен, яғни өлшеммен таныстыру. Зерттеушінің алдында тұрған негізгі мәселелерінің бірі ол концептуализация мен өлшем әдістерін таңдау.

Пәннің мақсаты:

«Әлеуметтанудағы өлшем» курсының негізгі мақсаты ол студенттердің әлеуметтанудағы және басқа да әлеуметтік гуманитарлы ғылымдарда орын алатын өлшемнің негізгі әдіснамалық принциптерді және өлшеудің арнайы процедураларын меңгеру.

Пәннің міндеттері:

­ зерттеу тәжірибелер классификациясының негізінде эмпирикалық әлеуметтану әдіснамасындағы білімдерді кеңейту;

­ логикалық және математикалық формализация негізіндерін қамтуын қамамасыз ету;

­ кішігірім зерттеулер негізінде әдіснамалық мәдениетті қалыптастыру және жіберілетін типтік қателерді табу және оларды түзеуге үйрету;

­ бірөлшемді шкалаларға назар аудару арқылы студенттердің жке дайындық деңгейлерін теңестіру;

­ студенттерді өлшем тәсілдерімен және әдіснамалық негіздермен таныстыру;

­ студенттерді өлшеу процедураларының әдістемелік қиындықтары мен техникалық ерекшеліктер туралы көзқарастарды қалыптастыру;

­ кішігірім зерттеулер арқылы өлшемнің әр түрлі әдістерін қолданып көру;

­ өлшем ерекшелігі бойынша зерттеу жағдайларын салыстырмалы талдау.

4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі:





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 637 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.013 с)...