Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Әлеуметтану тарихының негiзгi бағыттары 5 страница



Қазан революциясынан соң КСРО-да социология қысқа мерзiмдi бiршама өрледi, одан соң отыз жыл бойы бұл ғылым мен оның өкiлдерi тыйым салу мен қудалауға ұшырады. Жеке адам билiгiне кең көлемдегi әлеуметтiк және жергiлiктi сипаттағы қоғамдық қайшылықтарды ашу керек емес едi. Тоталитарлық жүйе оларды зерттемей-ақ күн көре алатын-ды. Социология буржуазиялық жалған ғылым деп жарияланды. «Социология» деген термин пайдаланудан қалды.

Социологиялық зерттеулер ХХ ғ. 50-ші жылдардың аяғында ғана өмірге келе бастады. ХХ ғ. 60-шы жылдары өзіндік «социологиялық өріске» даңғыл жол ашылды. Ғалым-социологтар ұрпағы пайда болып, социологиялық орталықтар мен мектептер қалыптасты. Ленинград мектебі - А.Г. Эдиславов, И.С. Кон, Б.А. Грушин және басқалар, Урал мектебі - Л.И. Коган, М.И. Руткевич, Г.А. Пруденский, А.С. Филиппов және басқалар, Новосібір мектебі -
Г.А. Заславская, В.И. Лейкин iлімдері айтарлықтай дамып келеді. Ал Қазақстанда мұндай мектеп болмады. Бірақ 60-жылдардың ортасында социологиялық зерттеу өріс ала бастады. Оның орталығы Қазақстан Ғылым академиясының философия және құқық институты болды.

ХХ ғ. 80-ші жылдары басында «социологиялық өріс» шын мәнісінде тоқтап қалды. Бұл партиялық және мемлекеттік аппараттың әлеуметтік болмыс жөнінде шындықты білгісі келмеуге, социологтардың туындыларына қатал цензура мен бақылау қоюға, партиялық құрылымдардың зерттеулер мен ғылыми бағамдар нәтижелеріне араласуына байланысты болды. Бұл жылдары жергілікті социологияның дамуына әлемдік социологиялық ақыл-ойдың оқшау болуы көп қырсығын тигізді. Соның салдарынан кеңестік социологиялық ғылым әлемдік социологияның дамуынан артта қала берді.

ХХ ғ. 80-ші жылдары басында ғана социологияның дамуы үшін қолайлы жағдайлар туды. Социологияға дербес ғылым мәртебесі берілді. Материалды зерттеп, жариялау үшін социологияға еркіндік пен жариялылық жағдайы туғызылды. Социологиялық кәсіби білім беру жүзеге асырыла бастады. Түрлі орталықтар мен қызметтер пайда болып, қоғамдық пікірді зерделеумен айналысты. Алайда Қазақстанда, кеңістік дәуірден кейінгі басқа да елдердегідей, социология кең құлаш жаймай отыр. Оның шетқақпай болуы республикада материалдық ресурстардың жоқтығынан ғана емес, жақсы даярлығы бар социологиялық кадрлардың жеткiлiксiздiгiнен де болып отыр. Бұл, сондай-ақ, социологиялық бiлiмнiң керек деп танылмауымен байланысты. Iрi социологиялық мектеп жоқтығы керi әсер етуде. Сонымен бiрге өтпелi кезеңнiң күрделi проблемаларына жан-жақты социологиялық талдау жасау, республикада кәсiби және жалпы социологиялық бiлiм берудi дамыту, әлемдiк социологиялық ғылымға қатысу мүмкiндiгi Қазақстанда көп кешiкпей социологияны ойдағыдай дамытуға жол аша алады.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 1037 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...