Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Киім және төсек ауыстыру



Сырқат ұзақ уақыт төсек тартып жатып қалуына байланысты оның жататын орны ыңғайлы әрі таза болуының маңызы зор.Жуып,зарарсыздандыруға оңай болу үшін никелденген және сырқаттың бойына сай керует болу қажет.Халі ауыр сырқаттарға функциональді керует қажет.Керуеттің торы мен матрац асты төсеніші болады.Матрац үстіне ақжайма салынады,оның жиырылып немесе бүктеліп қалмауы үшін шеттерін матрацтың астына тығады,жастыққа ақ тыс кигізіледі,көрпеге,одеялға сейсеп кигізіледі.Төсек-орны жапқыштарын гигиеналық ваннаға түскен соң бір аптадан ұзартпай ауыстыру керек. Қажет болуына қарай қосымша да ауыстырылады.Бөлмеде төсек-орын жапқыштарының бір тәулікке жететін қоры болуы тиіс.Кірленген жапқыштарды клеенка қаптарға салып,дерец палатадан әкету керек.Сырқаттың ауруына байланысты төсек-орын жапқыштарын ауыстырудың түрліше тәсілдері болады.Егер сырқат жүріп-тұратын жағдайға болса,онда ол төсек-орын жапқыштарын кіші мейіркеш көмегімен өзі ауыстырады.Төсе,к тартып жатқандардың ақ жаймасын ауыстырудың екі түрі бар: 1) ұзыннан 2)көлденеңінен.

Көлденеңінен: Әзірле. ақ жайманы,кленнка қапшығын.

а) кірлеген ақ жапқышты бас және аяқ жағынан шиыршықтап бүктеп,белі тұсынан жайлап шығарып алады.

б) бинт тәрізді екі жағынан ораған таза ақ жайманы домалатып,жайлап сырқаттың сегіз көзіне жақындатады,ал содан кейін басы мен аяғына түзетеді.

Ұзыннан: Әзірле. Ақ жайманы,клеенка қапшығын.

А) ақ жайманы бинт тәрізді ора.

Б) сырқатты бір қырымен жатқыз.

В) кір жапқышты ұзына бойы бинт тәрізді орайды,оның орнына тазасын төсейді.

Г) содан кейін сырқатты қарама-қарсы жағына жылжытып екінші жағынан кір жапқышты шығарып алып тазасын жаяды.

Ауыр науқастың іш киімін ауыстыруда мейіркеш қолдарын сырқаттың сегіз көзі астынан көйлектің ететін қымқыра ұстап,оны жайлап басына қарай ысырады,содан кейін сырқаттың екі қолын көтеріп,мойнына жиналған көйлекті басынан шығарады.Осыдан кейін оның қолдарын босатады.

7.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қабылдау бөлімшесі медбикесінің этика және деонтология ерекшеліктері.

2. Қабылдау бөлімшесінде алғашқы сағатта болған науқастың күрделі мәселелерін айқындау.

3. Науқастарға санитарлы-гигиеналық тазартуды жүргізу: терісін, шашын, көрінетін сілемейлі қабықтарын қарау; тырнақтарын алу, қырындыру, душтын астында жуындыру, сүрту, гигиеналық ваннаны қабылдау.

4. Битшеңдік айқындалғанда санитарлық тазартуды жүргізу.

5. Антропометриялық өлшемдерді жүргізу.

6. Қабылдау бөлімшесінің медициналық құжаттарын толтыру.

7. Емдеу бөлімдеріне науқастарды тасымалдау.

7.5.Сабақ берудің және үйретудің әдіс-тәсілдері:

- жұппен жұмыс істеу;

- ситуациялық есептер;

-тест алу.

7.6. Әдебиеттер:

7.6.1 Негізгі:

1. Момынов Е.Ә., Тойшиева Г.Т., ЕшоваГ.А. «Мейірбике ісінің негіздері» Шымкент 2006 жыл

2. Муратбекова С.Қ. «Мейірбике ісі негіздері» Көкшетау 2008 жыл

3. Мухина С.А., Тарновская И.И., «Теоретические основы сестринского дела» М,. 2008 год

4. Мухина С.А., Тарновская И.И., Практическое рукаводство к предмету «Основы сестринского дела»: учебник- М., 2000 год

5. Островская И.И., Шикорова Н.В. «Основы сестринского дела» М.,2008 год

7.6.2Қосымша:

1. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела» Практикум. Ростов-на-Дону, «Феникс» 2005 год

2. Т.Морозова Г.И. Ситуационные задачи по дисциплине «Основы сестринского дела»: Практикум. – М., 2008год

3. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела». Практикум-Растов-на-Дону. «Феникс» 2005 год

4. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела». Практикум-Растов-на-Дону. «Феникс» 2009 год

7.7. Білім алушылардың білімі мен дағдысын бағалау әдіс-тәсілдері:

-ауысша сұрау;

-тәжірибе негізінде әрбір манипуляцияларды муляждарда көрсету;

- тест алу.





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 7156 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...