Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Науқастарды қабылдау және тіркеу



Науқастарды дәрігер қарағаннан кейін және ауруханаға жатқызу туралы мәселені шешекеннен кейін барлық медициналық құжаттамалар қабылдауды бөлімше мейірбикесі рәсімдейді.

Мейірбике науқастың дене қызуын өлшейді және "Науқастарды қабылдау туралы тіркеу журналына" жазады. Бұл журналына мейірбике науқастың аты-жөнін,туған жылын,тұратын мекен-жайын,жіберген дәрігердің аты-жөні,жіберген мекеменің диагнозын,қабылдау бөлімшесінің диагнозын,қабылдау бөлімшесінің диагнозын,науқастын қай бөлімшеде жататынын толтырады.Егер науқас орта ауырлық жағдайында жеткізілгенде мейірбике науқасқа алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмегін көрсетуге,кезекші дәрігерді жедел шақыруға және барлық дәрігердің міндеттерін жедел орындауы қажет.Егер науқас қабылдау бөлімшесіне кешеден ессіз ауыр жағдайда және құжатсыз жеткізілсе,мейірбике медициналық көмегін көрсеткеннен кейін оқиға орны бойынша милиция бөлімшесіне түскен науқастың барлық мәлеметтерін(бойын,киімін,дене бітімін) көрсетіп хабарлауға міндетті.Жеке басы анықталғанға дейін барлық құжаттарда науқас белгісіз болып саналады.

Реанимация бөлімшесіне науқас түскенде (қабылдау бөлімшесін өтіп) барлық қажетті құжаттамаларын постық мейірбикесімен қабылдау бөлімшесінде науқастың кейінгі тіркеуімен орындалады.

Егер дәрігер науқасты қарағаннан кейін, госпиталдау үшін мәліметтері толық болмаса, науқасты үйіне жібереді,сол туралы "Госпиталдауға қабылдамау журналына" жазылады.

Амбулаториялық көмек көрсетілгені туралы науқастардың мәлеметтерін мейірбике "Амбулаторлық науқастарды тіркеу журналына"

жазып алады.

Кезекші дәрігердің қарауынан кейін кейде басқа да дәрігер мамандардың,зертханалық және аспап зерттеулерінің қажеттілігі пайда болады.Қабылдау бөлімшесіндегі мейірбикенің міндеттеріне барлық қажетті мамандарды шақырту кіреді.

Науқасты қарап дәрігер ауру тарихына қараудың нәтежелерін жазады, санитарлық өңдеудің және тасымалдаудың әдісін көрсетеді.

Қабылдау бөлімшедегі мейірбикенің лауазымды міндеттері:

- жұмыс орнын дайындау,процедуралық кабинетіне арналған барлық қажетті заттарын аға мейірбике алады;

- науқастың бағытымен танысу және кезекші дәрігердің кабинетін апару;

-өзі келіп түскен науқастың шағымдарын тыңдау және кезекші дәрігерге жіберу;

-түскен науқастардың дене қызуын өлшеу,(стацианарлық 003 формасы);

-науқас картасын төл құжаттық бөлімін толтыру,науқастарды педикулезге қарау;

-дәрігердің бағыттарын орындау;

-процедуралық қарау және тану кабинеттерінде жұмыс істегенде асептика және антисептика ерітінділерін сақтау;

-нұсқауларға сәйкәс шприцтерді,аспаптарды және материалдарды залалсыздандыруы;

-оңашалау бөлімдерінде қаралатын науқастардың жағдайын байқау және оларды зерттеуіне және емдеуіне байланысты дәрігердің көрсеткішін уақытымен орындау;

-дәрігердің көрсеткіші бойынша консультант және зертханашыны шақыруын жүзеге асыру;

-жедел консультациялардың кедергі жағдайларына тиісті шараларын орындау үшін кезекші дәрігерге хабарлау;

-санитарлық-эпидемологиялық станциясына жұқпалы аурулар және педикулез жайлы уақытында телефонограммаларды,белсенді шақыруларды беру;

-жедел және реанимациялық дәрігерге дейінгі көмек көрсете білу;

-зертханалық зерттеулеріне арналған зәр,нәжіс, құсық массаларын және жуу суларын алуын іске асыру;

-наркотикалық заттардың қолданылуын тіркеу,сақтау және жазба жасау ережелерін сақтау;

-медициналық құжаттамаларын анық жүргізу;

-кіші медицина қызметкерлердің жұмысын басқару, кабинеттерін жинастыру,санитарлық өңдеуін өткізу,науқастарды тасымалдау ережелерін сақтау,т.б бойынша кіші медицина қызметкерлердің жұмысын бақылау;

-медициналық мүліктердің,аппаратуралардың,тану материалдарының сақтығын қамтамасыз ету;

-идеологиялық-саяси деңгейін көтеруге жұмыс істеу (өз ісін жетік білу, көршілес мамандықтарын үйрену,жұмыс тәртібі бұзылуын болдырмауы).

Антропометрия -науқастың денесін жэәне мүшелерін өлшеу арқылы адамның жетілуін анықтау.Қабылдау бөлімшесінде науқастың бойын,салмағын,көкірек шеңберін,бас көлемін өлшейді.





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 10953 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...