Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Абылдау бөлімшесінің құрылысы



1.Күту бөлімі-науқастарға,оларды әкелген адамдарға арналған.Бұл жерде кресло,орындықтардың жеткілікті саны,аурухананың анықтама қызметінің телефоны болуға тиіс.

2.Кезекші мейірбикенің кабинеті – бұл жерде жаңадан келген науқастардың тіркеу,қажеттілік құжаттамалардың толтырылуы өткізіледі.

3.Қарау кабинеттері – (терапевт,хирург,гинеколог) дәрігерлерімен науқастарды қарауға арналған.

4.Процедуралық кабинет.

5.Жараны таңатын кіші операциялық бөлме.

6.Санитарлық өткізгіш – науқастарды санитарлық өңдеуге арналған (ванна,қайта киінуге арналған) бөлме.

7.Оңашалайтын бөлме – бөлек дәретханасы бар,диагноздары анықталмаған науқастарға арналған бөлме.

8.Рентген кабинеті.

9.Зертхана.

10.Дәретхана.

Аурухананың қабылдау бөлімінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

- пациенттерді қабылдау және тіркеу;

- пациенттерді қарау, алғашқы тексеру және диагноз қою;

- пациентті антропометриядан өткізу;

- жаңадан түскен пациентті санитарлық-гигиеналық тазалықтан өткізу;

- мамандандырылған медициналық көмек көрсету;

- пациенттерді аурухананың емдеу бөлімдеріне тасымалдау.

Қабылдау бөліміне түскен пациенттерді тіркеу және қажетті құжаттарды толтыру жұргізіледі. Барлық медициналық құжаттарды қабылдау бөлімінің медбикесі толтырады:

- № 001/ есептегі үлгі;

- № 003/ есептегі үлгі;

- № 066/ есептегі үлгі;

- № 058/ есептегі үлгі;

- № 060/ есептегі үлгі;

Мейірбике пациентті қарау есебі журналына (№ 001/ есептегі үлгі) пациенттің аты-жөнін, туған жылын, күнін, қайдан және кіммен әкелінгенін, дене қызуын, жіберген емдеу сауықтыру мекемесінің диагнозын, қай бөлімге жіберілетіні жазылады. Сонымен қатар, ауруханалық пациенттің медициналық картасының мұқаба бетін яғни төлқұжат бөлімін (№ 003/ есептегі үлгі), ауруханадан шыққан пациенттердің санақ картасының (№ 066/ есептегі үлгі) сол жақ жартысын, педикулез немесе басқа да жұқпалы ауру анықталғанда СЭС-ке шұғыл хабарлама (№ 058/ есептегі үлгі) толтырады.





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 3256 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...