Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мақтаның биологиялық және ботаникалық ерекшеліктері



Талшықты өсімдіктер – тоқыма өнеркәсібінде тұқымы, жемісі, сабағы, жапырағы, талшығы пайдаланылатын біржылдық немесе көпжылдық өсімдіктер.

Талшықты дақылдар ішінде мақта бірінші орын алады. Мақта тоқыма өнеркәсібінің негізгі шикізаты. Мақтаның дәнінде 20-27% май болады, ал одан маргарин, олиф, стеарин, глицерин, фитин және сабын алу үшін пайдаланылады. Мақта күнжарасы мал үшін таптырмайтын азық. Онда 40% белок болады. Бірақ малды қоректендіргенде оны аздап беру керек, себебі оның құрамында улы зат – госсипол болады. Оның қабығынан әр түрлі спирт, қант және азықтық белок алады. Ал бұтағы мен қауашағын сірке қышқылын, қағаз және май алу үшін пайдаланады. Жапырағы мен бұтағының қабыршағынан алма және лимон қышқылын алады. Б.з.д. 3000 жыл бұрын Қытай мен Үндістанда егілген. Негізінен мақта Мысырда, Иранда және Орта Азияда кеңінен таралған.

Мақта құлқайыр тұқымдастарына жатады. Мақта көпжылдық өсімдік, ал біздің ауа райы жағдайында оны біржылдық өсімдік ретінде өсіреді. Мақта өсімдігі бұтасының биіктігі 90-130см болады, ал одан тараған бүйір сабақтары 7-15 см-ге дейін және тамыр жүйесінің тереңдігі 2-2,5 м-ге дейін барады. Тамырдың басым көпшілігі топырақтың жоғарғы қабатында 30-40 см тереңдікте жатады. Тамыр жүйесі тез өсіп, тез тарайды, екі жетіде негізгі кіндік тамыры 40-50 см өседі. Жапырағы жүрек формалы, 3-7 ескіштен тұрады. Мақтаның екі типті өсу және жеміс беру бұтақтары болады, олар бітеугүл, одан кейін гүл мен қауашақ шығарады, қауашақ ішінде талшық, ал талшық ортасында мақта тұқым болады. Үшінші және бесінші жапырақтың ішінен бірінші болып өсу бұтақтары, олардан сабақтары біраз доғалданып, жеміс бұтақтары тарайды, бұл бұтақтарда жеміс бүршіктері пайда болады. Бірінші жемісті бұршақ неғұрлым ерте шықса, соғұрлым мақта ерте гүлдеп, ерте піседі.

Гүлдің үлкен күлтесі болады, ол негізінен бірге өскен бес жапырақшадан тұрады. Жапырақшаның түсі сортына қарай ақ, сары және ақсары түсті болады. Бірінші бітеугүл алғашқы жеміс бұтақтың түбіне жақын жерде, көктері көрінген соң шамамен 40-45 күннен кейін пайда болады. Бітеугүл өсіп шыққаннан кейін 25-35 күннің ішінде гүлдеуі басталады, ал гүлдеуі, қауашағының пісуі ауа райына, сортына байланысты 40-60 күнге созылады. Мақтаның өсіп-дамуы кезеңі сортына қарай көктеп шыққаннан пісуіне дейін ерте пісетіні 100-110 күнге, орташа мерзімде пісетіні 115-125 күнге, кеш пісетіні 130-140 күнге, ал жіңішке талшықты мақта 140-160 күнге созылады. Мақта өздігінен тозаңданатын өсімдік бола тұра, кейде айқас тозаңдана береді. Жемісі – үш, төрт және бес ұялы қауашақ, піскенде жарылып ашылады. Әр ұяда 5-10 тұқым дамиды, ал онда ұзын және қысқа ьалшық болуы мүмкін. Бір қауашақтағы мақта талшығының массасы 3-10 г болады. Мақтаның тұқымы тығыз ағаштай қабықты жұмыртқа түрлес болады. 1000 дәннің массасы 70-150 г.

Мақтаның талшығы тұқымның бет жағында үлпілдек түрінде пайда болады. Тұқым мен оны жауып тұрған талшықты шитті мақта деп атайды. Талшықтың ұзындығы оның сапасын анықтайды. Орта есеппен 1 ц шитті мақтадан 32-35 кг ұзын талшық, 1 кг қысқа талшық және тамақ өндірісі мен техника үшін қолданылатын, құрамында 20-30% майы бар 60-65 кг тұқым алуға болады. Көпшілік мақтаның талшық ұзындығы 30-33 мм, ал жіңішке талшықты мақта сорттары 38-40 мм болады. Неғұрлым ұзын және жіңішке болса, соғұрлым мақта бағалы. Мақтаның сапасының жақсы көрсеткіші – оның тығыздығы, ал ол жіңішке талшықта жақсы көрінеді. Мақта – жарық, жылу және ылғал сүйгіш өсімдік. Оның тұқымы 10-120 жылылықта өніп-өседі, бірақ көктеп шығуы үшін 14-150 шамасынан біраз жоғары температура керек. Өсуге ең қолайлы температура 25-300 жылылық болып табылады. Мақтаның көктеуі мен өсімдіктерінің өзі 10 шамасындағы суыққа төзе алмайды. Ол бүрлену, гүлдену, пісіп-жетіле кезеңдерінде ылғалды көп қажет етеді. Қысқа күнді өсімдік. Топырақ аздап тұзды болса, оған әсер етпейді. Мақта жеңіл, аз сілтілі топырақ ерітіндісінің реакциясында жақсы өседі.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 2067 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...