Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Күнбағыстың биологиялық және ботаникалық ерекшеліктері



Майлы өсімдіктер деп май алу үшін қлдан өсірілетін бір жылдық және көп жылдық ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктер тобы. Ондай өсімдіктерге күрделі гүлділерден күнбағыс жатады.

Күнбағыс – Қазақстандағы негізгі майлы дақыл болып табылады. Аудандастырылған майлы сорттарда 50-52%-ке дейін май болады. Күнбағыстың майы жоғары сапалы, дәмді қасиеттері бар таза май болады. Күнбағыс майы маргарин, әр түрлі бояулар, сабын, стеарин және т.б. жасау сияқты өндірістің түрлі салаларында қолданылады.

Күнбағыс күрделі гүлділер тұқымдасына жатады. Бір жылдық айқас тозаңданатын өсімдік. Бунақденелердің көмегімен тозаңданады. Тамыры – кіндік тамыр, 2-4 метрге дейін тереңдікке енеді, ал жан-жағына 100-120 см-ге дейін таралады. Сабағы – тік тұратын, ағаш тәрізді, ортаңғы өзегі ұлпа, бұтақтанбайтын, биіктігі 0,7-2,5 метрге дейін өседі. Жапырағы – ұзын, сабақты, үлкен, сопақ жүрек тәрізді үшкірленген және шеттері егеу сияқты болып келеді. Төменгі жапырағы 3-5 жұптан, ал қалғандары кезек-кезек орналасқан. Ерте пісетін сорттарында 15-25-ке дейін, ал кеш пісетін сорттарында – 30-35-тен астам жапырақ болады. Гүл шоғыры екі түрлі болады: шеткісі – тілшік, ұрықсыз және ортадағысы түтік, қосжынысты, барлық гүл кіндігін жауып тұрады. Жемісі – тұқымша, жұмыртқа формалы, ол ядродан, жұқа тұқым қабығы мен қапталған және тері сияқты ұрықтан тұрады. Күнбағыстың кәрзенкесінде жақсы өсіп-өнуіне жағдай жасалса, 1000-1200-ге дейін тұқым пайда болады. 1000 тұқымның массасы 75-80 г болады.

Күнбағыстың өсіп дамуы кезеңдері сортына және егілетін аймағына байланысты 90-100-ден (ерте пісетін сорты), 100-125 (орта пісетін сорты) күнге созылады. Күнбағыстың өсуі 4-60С-ден басталады. Жалпы белсенді температураның қосындысы егуден көктеуге дейін 140-1600С болады. Күнбағыстың көктеуі 80С дейінгі аз уақыт аралығында болған суыққа төзе алады. Ол көктеп болғаннан кейін кезекті температурада жоғарылай бастау керек те, гүлдену және одан әрі қарай 25-270С жету керек. Гүлдеу кезінде күнбағыс 1-20С суыққа төзе алмай, толық үсіп кетуі мүмкін. Ылғалды өте жақсы көреді. Күнбағыстың тамыр жүйесінің тереңге (3 метрден көп) бойдауына байланысты ол құрғақшылыққа төзімді болады. Ол ылғалды кәрзеңке пайда боларда және гүл шашу кезінде көп қажет етеді.

Күнбағыстың ерекшелігі – ол кейбір көп өсімдіктер пайдалана алмайтын, терең қабаттардағы ылғалды жақсы пайдалануы. Ылғалды біркелкі пайдаланбайды: көктеу кезінен кәрзеңке пайда болғанша – 23%, кәрзеңке пайда болғаннан гүлдеуге дейін – 60% және гүлденуден піскенге дейін – 17%. Алғашқы кезде кәрзеңке пайда болғанша ол ылғалды беткі қабатынан пайдаланады, ал одан кейін көпшілік жағдайда 50 см-ден төмен тереңдіктен пайдаланады. Көп азотты ол (зәмбіл гүлінің) пайда бола бастағанынан гүлдеуге дейін, фосфорды - көктеуден гүлдеуге дейін, калийді – кәрзеңке құрғаннан піскенге дейін пайдаланады.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 2107 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...