Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жасыл тыңайтқыштар



Жасыл тыңайтқыштар немесе сидерация деп әр түрлі көп жылдық не бір жылдық шөптерді өсіп тұрған кезінде тамырымен қоса жыртып тастауды айтады. Бұл мынаған байланысты. Көптеген топырақтағы органикалық заттар және азот мөлшері аз, ал олардың топырақтағы аз ғана қоры оңтүстіктің – ыстық климаты жағдайында тез күйіп кетеді.

Жасыл тыңайтқыштарға арналған шөптер көбінесе фосфор мен калийге кедей болғандықтан оларды жыртпас бұрын топыраққа фосфор менкалий минералды тыңайтқыштарын шашу керек.

Жасыл тыңайтқыштарды пайдалану үшін тасбеде, жаздық сиыржоңышқа, екпе ноғатық, шабдар, бөрібұршақ сияқты дақылдарды өсіреді де, вегетациялық және тамыр мүшелері әбден жетілген шағында көктей жыртып тастайды. Көбінесе техникалық дақылдар ауыспалы егіске қолданылатындықтан жоғарыда көрсетілген дақылдарды 5-ші немесе 6-шы танапқа орналастырады.

Сидерацияға арналған дақылдарды жырту одан кейінгі егілетін дақылдар ерекшелігіне байланысты болады. Мысалы, сидерациядан кейінгі егілетін дақылға бірінші уақытта азот көбірек керек болса, сидерациялық дақылдарды ертерек жыртады және керісінше. Сидерациялық дақылдардың тез ыдырауы ұшін оларды ертерек және тайызырақ жырту керек.

Сидерациялық дақылдарды өсіріп жыртқандағы негізгі шарт – топырақтағы неғұрлым азот пен органикалық заттардың мол қорын жасау болғандықтан, оған аса көңіл бөлу керек. Бұл дақылдардың бәрі дерлік атмосферадан азот жинайды, ал мұны күшейту үшін бұл дақылдарды екпес бұрын дәндерін арнаулы препараттармен өңдейді. Бұл шара сидерациялық дақылдардың атмосферадан азот сіңіруін күшейтеді, топырақта мол жиналуына көмектеседі [4].





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 2052 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.004 с)...