Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Су сапасы және суару әдістері



Егісті суаратын әр түрлі жүйе салудан бұрын су сапасын тексеріп алу керек. Өзен тоспа суларының сапасы тексеріп алу керек. Өзен тоспа суларының сапасы көбіне жақсы болып келеді, ал көл суы мен жер асты суы кей жағдайда егісті суаруға жарамсыз болуы мүмкін. Егер 1 литр судың құрамындағы тұздың мөлшері 1,5 грамнан аспаса, судың сапасы жақсы деп есептеледі, яғни егінді мұндай сумен суаруға болады.

Ал суару әдістеріне келсек, олардың түрлері көп-ақ. Су көзі суарылатын талаптардан жоғары тұрған уақытта танаптарды судың жоғарыдан төмен қарай ағатын ерекшелігін пайдаланып, суаруға болады. Су көзі танаптардан төмен тұрған уақытта суды әр түрлі насостармен көтеруге тура келеді. Бұл тәсіл механикалық суаруға жатады.

Суару әдістері суды топырақтың беткі қабатымен ағызып суару, арнаулы құбырлармен суды жер астымен алып келіп суару, жаңбырлатқыш құралдармен суару және көктемгі тасқынды пайдаланып суару болып бірнеше бөлінеді.

Суды жер бетімен ағызып ерте заманнан келе жатқан, әлі күнге дейін көп тараған әдіс. Оның үстіне бұл әдіс өте қарапайым, сенімді, көп қаражатты, күрделі аспаптарды керек етпейді. Бұл әдіспен суарғанда ылғал топыраққа жақсы сіңеді.

Бұл әдіспен суарғанда өсімдікке су атжалдары жеткізілуі мүмкін, ал кей жағдайларда суды жайып жіберіп те суарады. Атжалмен муарғанда топырақ бетін су түгел жаппайтын болғандықтан, топырақ беті түгел қатып қалмайды, оның құрылымы түгел бүлінбейді. Ал суды жайып жіберіп, топырақ бетін түгел суға батыра суарғанда оның құрылымдық түйіршіктері жойылып жалпы құнарлылығы кемуі мүмкін. Суарғаннан кейін топырақ беті кебе келіп оның бетіне өсімдік тамырларына оттегі баруын қиындатып, тұтасқан қабыршақ пайда болады.

Жерді жайып суарудың кемшіліктеріне – еңбек өнімділігінің төменділігін, суды көп керек ететінін, топыраққа су көп сіңген сайын ол танап сазданып, жер бетіне тереңдігі қабаттағы тұздар көтерілуі мүмкін екенін айтуға болады.

Жаңбырлатқыш агрегат арқылы суару кезінде әрі түрлі механикалық аппараттармен су егістіктерге шашылады. Бұл әдістің суды ағызып, жайып суарумен салыстырғанда мынадай артықшылығы бар: арықтарды жиі қазудың қажеті жоқ, бұл жер өңдейтін агрегаттардың жүруін жеңілдетеді, суды үнемдеп, мөлшерлеп беруге болады, әсіресе топырақ құмдауыт болып келгенде су орынсыз ысырап болмайды, жер бетін мұқият тегістеп, әуре болудың қажеті жоқ, суды мөлшерлеп бергендіктен жер астындағы тұздар көтеріліп, топырақ бұзылмайды. Жалпы жаңбырлата суару прогрессивті әдіс болып есептеледі. Суару кезінде сумен бірге дақылдарға тыңайтқыштар, гербицидтер, дефолианттар және микроэлементтер беруге болады.

Келешекте суды танаптарға керек уақытында ғана шашып тұратын, топырақтың, ауаның ылғалдылығын белгіленген деңгейінде ұстап тұратын автоматты су шашқыш машиналар орнатылатын болады.

Дақылдардың ылғалға мұқтаждығын азайту үшін аэрозольдық аппараттар да қолданылады. Бұл препараттардың көмегімен су өте майда бөлшектерге бөлініп, тұманға айналады да, дақылдар өсіп тұрған алқаптарға жіберіледі. Бұл майда су тамшылары дақылдардың жапырағының, сабағының ылғалдылығын 25-37% көтереді, өсімдіктердің топырақтан алатын су көлемі азаяды. Аэрозольдық ылғалмен суарғанда әсіресе көпжылдық өсімдіктердің өнімі едәуір көтеріледі. Аэрозолбдық препараттар беретін жасанды тұмандар арқылы дақылдарды көктемгі, күзгі үстіктерден жақсы сақтауға болады. Дақылдарды аэрозольдық тұманмен ыылғалдандыру суды үнемді жұмсауға мүмкіндік жасайды.

Топырақ астынан су беру көп тарамаған суару түрі, бірақ бұл әдістің келешегі зор. Бұл әдіспен су дақылдардың тамыры тұрған тереңдікке тікелей беріледі де, топырақ беті құрғақ қалпымен қалады. Бұл әдіс көбіне жылыжайларда қолданылады.

Тамшылатып суару да топырақ астынан су берудің бір түрі. Бұл тәсілмен суарылғанда топыраққа су өте жіңішке түтіктер арқылы беріледі. Бұл әдісті қолданған кезде бір гектарға 3-10 мың метр, диаметрі 6-20 мм полиэтилен түтігі қажет болады. Суды топырақ астына бірден беріп суарғанда су өте үнемді жұмсалып, орынсыз булануы мүлде шамалы болады. Бірақ бұл әдістермен суару үшін өте көп қаржы керек. Әрі өте күрделі жұмыс, сондықтан ауыл шаруашылығында кең көлемде тек қана келешекте қолданылуы мүмкін.

Тасқынды пайдаланып суару Қазақстанның барлық облыстарында дерлік қолданылады. Жыл сайын осы әдіспен бір миллион гектаарға жақын егіс суарылуда. Бұл әдіспен өзен арнасына жақын орналасқан егістік, не шабындық жерлерді, көктем кезінде су тасығанда, оның алдына әр түрлі тосқауылдар қойып суарады.

Бұл әдістің кемшілігі дақылдар себілетін танаптар, шабындықтар бір-ақ рет көктемде суарылады. Өсімдік өсіп тұрғанда берілетін вегетативтік суару берілмейді. Соған қарамастан тасқын судың өнімге пайдасы зор, әр гектардан алынатын өнім 3-5 еседей өседі.

Оның үстіне бұл әдіспен суару шаруашылықтарға өте арззанға түседі. Бір гектарды суаруға басқа әдістерге қарағанда 10-30 есе қаржы аз жұмсалады. Көп жағдайда тасқын сумен жайылған жерлердің топырағаның құнарлығы артады, топырақтағы жылдам еритін натрий тұздары тасқын сумен кетіп егінжайлардан алынатын өнімдері, шабындықтан алатын пішен мөлшері көбейеді.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 2229 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...