Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Топырақ ылғалы



Топырақ – қопсытылған су сыйымдылығы бар дене болғандықтан, оның құрамында азды-көпті ылғал болады. Топырақ ылғалы оның құнарлығының бір шарты. Ылғал топыраққа ауадан түскен жауын-шашын мен жер бетіндегі судан және жер астының ыза суынан келеді.

Жалпы топырақтағы ылғал төмендегідей бірнеше түрге бөлінеді:

Химиялық байланысқан су топырақ минералдарының құрамына еніп, өте тығыз байланысқа түседі. Сондықтан топырақтағы биологиялық процестерге қатаспайды.

Бу күйіндегі су топырақ кеуектерінде кездесетін, судың жоғары температурада булануынан пайда болады. Бу күйінде ол өсімдіктерге сіңбейді, тек тамшыға айналғанда ғана оны өсімдіктер жақсы сіңіре алады.

Гигроскопиялық су топырақтың беткі қабаты арқылы сіңірілген молекула күйінде болады. Ол өсімдіктерге пайдасыз. Топырақпен тығыз байланысқан бұл суды тек 1000С-ден астам температураға дейін қыздыру арқылы ғана түгел буға айналдыруға болады.

Қылтүтік суы топырақ қылтүтіктерінде жоғары-төмен жылжи отырып, өсімдіктер бойына оңай сіңеді.

Гравитациялық су өз салмағымен топырақтың жоғары бетінен төменгі қабаттарына жылжиды. Өсімдіктерге оңай сіңеді. Бірақ өз салмағымен тез жылжитындықтан өсімдіктер оны көп пайдалана алмайды. Ол су топырақ астына жерасты ыза суының қорына қосылады.

Қатты күйіндегі су қатарына мұз, қар жатады. Қатты күйінде өсімдіктерге сіңімсіз, ал ерігенде топыраққа сіңіп, өсімдіктер үгін пайдаға асады.

Жерасты ыза суы топырақтың, аал көбіне топырақ түзуші тау жыныстарының әр түрлі тереңдіктерінде, әдетте су өткізбейтін қабат үстіне жиналады. Жерасты ыза суы көбіне топырақ қабатынан көп тереңдікте жататындықтан топыраққа және өсетін өсімдіктерге еш әсері тимейді.

Топырақ суы - құрамында суға еріген әр түрлі заттары бар топырақ ерітінділері. Өсімдіктер барлық қоректік заттарды тек осы ерітінділерді бойына ссіңіру арқылы алады. Сондықтан да топырақ суы – оның құнарлығының негізгі шарттарының бірі. Академик Г.Н.Высоцкий топырақ суының өсімдіктер үшін маңызын айта кетіп, оны адам қанымен салыстырған.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 2698 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...