Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Топырақтың сіңіргіштік қасиеті



Топырақтың құралуы және даму процестері онда өсімдіктердің азот және күл қоректік заттарының жиналуымен қабаттас жүреді. Ал топырақта өсімдіктердің қоректік заттарының жиналуы оның сіңіру қабілетімен тығыз байланысты.

Топырақтың сіңіру қабілеті деп оның өзінде ерітінді және судағы лайлы заттарды, газдарды ұстап қалуын айтады. Оның осы қабілеті топырақта өсімдіктерге қажетті азот, күл және басқа да заттардың жиналуына көмектеседі.

Сіңіру қабілеті - әр топырақ түрінде әр түрлі ьолады, ол өте ұсақ бөлшектердің көп ьолуына байланысты келеді. Мұндай топырақтың сіңіру қабілетін күшейтетін ұсақ бөлшектерді коллоидты бөлшектер деп атайды. Коллоидты бөлшектердің мөлшері 0,001 мм-ден ұсақ болады. Табиғатта коллоидты бөлшектердің шығуының екі жолы бар: 1) тау жыныстары бұзылуынан; 2) органикалық заттар ыдырауынан. Осыған байланысты топырақтың коллоид бөлігінің құрамына органикалық және минералдық заттар кіреді: біріншісі – топырақ шіріндісінің құрамында, ал екіншісі – балшық құрамында болады. Коллоидтар топырақта тұрақты тұнба – гель түрінде кездеседі.

Топырақтың сіңіру қабілетінің бірнеше түрлері бар, бұларға байланысты топырақта түрлі процестер өтеді. Топырақтың иондар сіңіруі негізінен катиондар сіңіру қабілетін физико-химиялық алмастыра сіңіру деп атайды. Бұл процесс бойынша топырақ коллоидтары құрамындағы катиондар топыраққа енгізілген тұздар катиондарымен алмасады. Ол төмендегідей реакциямен өтеді: (топырақ) 2Са + 4 NCl – (топырақ) 4Na + 2CaCl2.

Сіңірілген катоиндар топырақ қасиеттеріне тікелей әсер етеді. Кальций катионы қара топырақтарда су, ауа және қорек режимін қалыптастырады, берік топырақ құрылымын, бейтарап орта жасауға көмектеседі.

Топырақтың сіңіргіш кешенінде сутегі катионы, басым күлгін топырақтардың реакциясы көбінесе қышқыл болады, құрылымсыз келеді, ондағы су, ауа және қорек режимі нашар болады. Топырақтың сіңіргіш кешенінде натрий катионы басым болса (бұл көбінесе сор, сортаң және оңтүстіктің сұр топырақтарында кездеседі), оның су, ауа және қорек режимі өте нашар, олар мүлдем құрылымсыз келеді, шамалы ғана су тисе батпаққа айналады, ал кепсе тас болып қатып қалады. Мұндай топырақтардың реакциясы көбінесе сілтілі болады.

Топырақтың физико-химиялық немесе алмастыра сіңіру қабілетінің аса зор маңызы бар. Бұл арқылы топырақтағы өсімдіктерге қажет заттар жиналады.

Топырақтың механикалық сіңіру қабілеті деп оның басқа да қуысты денелер секілді өзінен өткен май, құм және т.б. қатты заттарды ұстап тұратынын айтады. Бұл көбінесе оның механикалық құрамында – түйіршіктігіне байланысты болады. Топырақтың механикалық құрамы неғырлым сазды және саздақты болатын болса, соғұрлым оның сіңіру қабілеті жоғары болады.

Топырақтың физикалық сіңіру қабілеті деп оның бөлшектерінің сырттық молекулалық күшімен газды және ерітінді заттарды сіңіріп, өзінде ұстап қалу қабілетін айтады. Бұған түрлі бояулы жне иісті заттардың топырақтың ішінде ұсталып қалуы мысал бола алады.

Топырақтың химиялық сіңіру қабілеті деп топыраққа енген түрлі тұздар мен топырақ ерітіндісіндегі тұздардың өзара химиялық алмасуын айтады. Бұл реакцияның нәтижесіінде топырақта ерімейтін тұздар қосындысы түзіледі, олар сумен жуылмайды. Бұл тұздар топырақтың ерітіндісі реакциясының өзгеруіне қарай түрлі қосылыстарға түсіп қана жылжымалы тұздар түріне айналады, сөйтіп оларды өсімдіктер сіңіре алатын болады.

Мысалы:

Ca3(PO4)2 + 4NaCl + 2РСl = 2Na2PO4 + 3CaCl2.

Топырақтың биологиялық сіңіру қабілетінің де маңызы зор, мүның топырақтан қоректік заттардың жуылып кетпей ұстап тұруына үлкен мәні бар. Бұл сіңіру топырақтағы өсімдіктердің тамырлары мен микроағзалардың тіршілігіне тікелей байланысты болады. Олар топырақтан сіңімді қоректік заттар сіңіріп, оларды өз денелерін құруға жұмсайды, сөйтіп ерімейтін күрделі органикалық қосындылар түзеді. Мысалы, азот тұздарының қосындылары биологиялық сіңіру нәтижесінде өсімдіктер мен микроағзалар денелеріндегі белок заттарының құрамын түзеді.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 3660 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...