Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Алаш зиялыларының тарихи-мәдени мұраға қосқан үлесі және жаңа жүйенің оған қарсылығы



ХХ ғасыр басында дүние жүзін шарпыған техникалық және демократиялық даму үрдісі Ресей отарына айналған елдерге де жете бастады. Отаршыл үкімет қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан материалдық және рухани мәдение мұраларын жоққа шығару, халық жадынан өшіру мақсатында жанталаса жұмыс жүргізді. Қазақ халқының ұлттық ойлау жүйесінің өзегі болып табылатын оқыған зиялы азаматтар мүлгіген сананы оятуға өз үлестерін қосты. А.Байтұрсыновтың «масасы», М.Дулатовтың «Оян қазағы», Ә.Бөкейхановтың «жаңарған Ресейдің ерікті азаматтары – қазақтарға» үндеуі қазақ халқының ұлттық санасын оятудағы маңызды қадам болды. Алаш зиялылары таратқан ұлттық идея азаттық күреске ұласты. Қоғамдық қатынастар өзгеріп, елде аласапыран оқиғалар орын алған кезде де, алаш зиялылары қоғамдық-саяси мәселелермен қатар ағартушылық қызметті өз мойындарына алды. Оқыған қазақ зиялылары қоғамның барлық салаларына араласып өз ой-пікірлерін, көзқарастарын батыл баяндады. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов және М.Дулатов бастаған қазақ зиялыларының «Қазақ» газетін шығарудағы басты мақсаты да білісм тарату, ұлттық тарихи-мәдени мұраны тірілту, халықтың рухани болмысын ояту болатын

Алаш зиялылары өздерінің «Қазақ» газетінде жарық көрген арнайы зерттеулерінде, тарихи мақаларында, тәңірге сену, шамандық, ислам діні, эпостық-лирикалық жырлар, шешендік сөз өнері, даналық сөздер, фольклор, салт-дәстүр, ұлттық философия жайында жазды.

Мәдениет пен мәдени революция мәселесінің лениндік-сталиндік тұғырнамасы.

Алаш зиялылары ұлттық тарихи-мәдени мұраны игеру жөніндегі еңбекетірінің құндылығы уақыт өткен сайын арта түсуде. Алаш зиялылары қазақ ел болып, мемлекет болып тұру үшін өз бет-бейнемізді сақтап, қазақы ділімізді таза ұстауға ерекше мән берді. Қазақ зиялылары ұлттың болашағы үшін бастарын қатерге тіге отырып та, ел ертеңіне деген сенім мен үмітті орнықтырып, халықтың халық болып қалуы үшін шексіз қызмет жасады. Саяси билікті қолдарына алған большевиктер партиясы мен оның көшбасшысы аса маңызды міндеттердің бірі – мәдени революция де санады. Мәдени революция социалистік қоғам орнатудың, кооперациялаудың, шаруаларды жаңа құрылысқа тартудың басты шарттарының бірі ретінде қарастырылды. ХХ ғ. 20-30 жылдарындағы мәдени құрылыс «ақтаңдақтарын» идеяның іске асырылу жолдарын шартты түрде үш кезеңмен қарастыруға болады.

Бірінші кезең: Қазан төңкерісінен 1918 жылдың ортасына дейін. Бұл кезеңде кеңес өкіметі мәдениетке байланысты негізгі декреттерін шығарып, мәселелерді шешу жолдарын қарастырды. 1917 жылдың 26 қазанында Кеңестердің ІІ съезінде алғашқы декреттер қабылданды. Ең басты мақсат – халықтың сауатсыздығын жоюмен қатар, оның психологиясын, санасын жаңа арнаға түсіру, социализм идеясына берілгендік рухында тәрбиелеу болды.

Екінші кезең: Азамат соғысы жылдары – 1918 жылдың ортасынан 1920 жылдың аяғына дейін. Бұл кезеңде мәдени жұмыстардың сипаты да өзгерді. Елдегі «соғыс коммунизм» саясатына орай мәдени құрылыстағы жұмыстар да әскери ағарту жұмысын жүргізу, соғыс және шаруашылық істерінен кейінгі үшінші майдан ретінде жарияланды. Мәдени революцияның большевиктік тұжырымламасын одан әрі дамытатын бірқатар құжаттар қабылданды. Олар «Пролетарлық мәдениет туралы» қарардың жобасы және юасқа да мәдениетке қатысты құжаттар.

Үшінші кезең: 1921-1923 жылдар. Бұл кезде мәдени саланы ұйымдастыру, басқару ісіне партияның ықпалы арта түсті. В.И.Ленин «Күделік дәптердің беттері» мақаласына сауатсыздыққа қарсы шаралардың бағдарламасын жасап берді. Онда негізінен үш мәселеге көңіл бөлінген: 1) ағарату саласын қаржымен қаматамасыз ету; 2) мұғалімнің материалдық және мәдени-идеялық деңгейін көтеру; 3) қаланың селоға көмегін ұйымдастыру.

1918 ж. 31 қазан РСФСР ХАК-нің «Аз ұлттардың мектептері туралы» қаулысы. 1919 ж. 26 желтоқсан «РСФСР халықтары арасындағы сауатсыздықты жою туралы» Декреті. 1919 ж. 3 желтоқсан «Ересек тұрғындар арасына міндетті оқуды енгізу туралы» Декреті.

20- жылдардың ортасынан бастап мәдениетке саяси ахуалдың ықпалы өзгере бастады. 1925 ж. 18 маусым «Партияның көркем әдебиет саясаты туралы» қаулысы шықты. Мәдениетке партиялық бақылау күшейтілді. Дінге қатысты мемлекеттік ерекше саясат ұстанды. 1926 ж. қыркүйек БКП(б)П Өлкелік партия комитетінің дінге қарсы насихат комиссиясының құрылуы да осыны көрсетеді. Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің 1928 жылғы маусымдағы қаулысында басты бағыттар белгіленді. Кеңес өкіметі 20-30 жылдары қоғамдық-саяси өмірдің барлық салаларына осы кезеңде саяси қуғындаулар мен цензурадан тыс қалмады. Цензура мекемесі – 1918 жылы Революциялық әскери цензура мекемесі болып құрылып, азамат соғысы аяқталғаннан кейін Бүкілресейлік Төтенше комиссияның (ВЧК) құрамына берілді. Қазақстанда цензцра мекемесінің 1922 жылы 1 желтоқсанда құрылғандығы туралы дерек бар.

Қалыптасып келе жатқан тоталитарлық жүйе мәденит саласында «түрі ұлттық, мазмұны социалистік мәдениет» жасау жолындағы бірыңғай интернационалдық мәдени кеңістікке бет алды.

1920-1930 жж. Кеңес үкіметі жүргізгенмәдени саладағы маңызды міндеттерінің бірі – халық арасында сауатсыздықты жойып, жалпыға ортақ оқуды енгізу болды. БОАК-тың 1918 жылғы 16 қазандағы “Бірыңғай еңбек мектептері туралы” Ережесі, РКФСР Халық ағарту комиссариатының 1918 жылғы 31 қазандағы “Ұлттық азшылық мектептері туралы” қаулысы және В.И.Ленин 1919 жылы 26 желтоқсанда қол қойған “РКФСР халықтары арасында сауатсыздықты жою туралы” декреті осы шараға мемлекеттік сипат берді.

1920 жж. ортасына қарай экономиканы қалпына келтіру ісінің табыстары халыққа білім беру саласына бөлінетін қаржыны 1925-1927 жылдары екі есеге дейін өсіруге мүмкіндік берді. Осы жылдары мектептердің барлық түрлері жүйесінің саны 2782-ден 3652-ге артуы, оқушы санын 140 мыңнан 220 мыңға дейін өсіруге жағдай туғызды. Жыл сайын қазақ тіліндегі кітаптар саны арта түсті. 1920 жж. авторлар Ә. Бөкейханов, Қ. Сәтбаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, М. Жұмабаевтер жазған Қазақстанның бастауыш және орта мектептеріне арналған оқулықтар басылып шықты. Дегенмен сауатсыздықты жою үрдісі құрал-жабдықтардың зәрулігі, мектептердің жетіспеушілігі жағдайында жүзеге асырылды.

Бірінші бесжылдық жоспары жылдарының (1928-1932) мәдениет саласындағы міндеттері қатарына сауатсыздықты жою, жалпыға бірдей білім беру және мамандар дайындау кірген болатын. 1930 жылы 27 тамызда Қазақстанда жалпыға міндетті бастауыш білім беру туралы қаулы қабылданды. БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті қала халқын 100%, ауыл тұрғындарының 80%-ын қамтуды, қалаларда 3 жылда, ауылды жерлерде 5 жыл ішінде сауатсыздықты жоюды жоспарлады.

КСРО дағы білім берудің ұстанымдары төмендегідей болды:

1) КСРО халықтарының барлығының нәсілі, ұлты, жынысы, дінге көзқарасы, әлеуметтік және мүліктік жағдайына қарамастан білім алуға тең құқылығы;

2) білім алу барлық балалар мен жасөспірімдер үшін міндетті;

3) барлық білім мекемелерінің қоғамдық және мемлекеттік сипатта болуы;

4) әрбір ұлт өкілінің өз қалауы бойынша ана тілі немесе басқа оқыту тілін еркін тандауына құқығы;

5) Білім беру тегін және мектептерді мемлекеттің қаржыландыруы;

6) білім беру жүйесінің сабақтастығы және төменгі буынынан жоғары буынға өту мүмкіндігімен қамтамасыз етілуі;

7) білім мен коммунистік тәрбиенің бірлігі;

8) мектеп, отбасы мен қоғамның жастарды тәрбиелеудегі ынтымақтастығы;

9) білімнің ғылымилығы, білім мазмұнының үнемі ғылым, техника, мәдениет жаңалықтарымен жетілдірілуі; білімнің діннен айрылған зайырлы сипатты болуы.

Халыққа білім беру саласына екінші бесжылдық жылдары (1933-1937) қомақты қаржы және материалдық ресурстар жұмсалды. Мектептер саны екі есе артып, оқушылар саны 274 038 тен 1 145 993 адамға жетті. Мұғалімдер саны 7900 дан 44500 ге артты.

Дегенмен 1930 жылы жалпыға бірдей бастауыш білім беруге көшу жарияланғанымен, бұл үрдіс біршама ұзақ уақытқа созылды. Мектеп құрылысының елеулі қиындықтарының бірі 1931-32 жылдардағы аштық салдарынан балалар саны азайып, жетім балалар көбейді.

Ересектер арасында сауатсыздықты жою. Қазақстанда жергілікті халыққа білім беру бөлімдерінде сауатсыздықпен күреске қатысты төтенше комиссиялар құрылды. Олар

сауатсыздарды оқыту пункттерін ашудан басқа педагог кадрларды дайындаумен, мектептер мен курстарды ашумен, оқу құралдарын баспадан шығарумен де айналысты.

1921-23 оқу жылдары барлығы 3 мыңнан бастап 4118 адамға дейін оқытылды. Азамат соғысы аяқталғаннан кейін, жаңа өкімет қанша тырысса да білім саласы қаражат тапшылығын қатты сезінді. 1923 А.Байтұрсынов жаңадан ашылып жатқан әртүрлі мектептерге бөлінген қаржы тек 2616 мұғалім мен кітапханашының жалақысын төлеуге ғана жететінін жазады. Барлық балаларды білім берумен қамту үшін 20 мыңнан аса мұғалімдер керек еді. Ол халықты, жергілікті атқарушы комитеттерін, ауыл басшыларын өздері мектеп ашып, кедей отбасы балаларын тегін оқытуды, мектептерді өздерінің қаржыландыруын ұсынды. Шалғай аудандар мен халқы аз жерлер балаларына арналған интернаттар ашуға кеңес берді. 1923 жылдан бастап білімі аздарға арналған мектептер ашыла бастады. Сауат ашу мен білім алудың негізгі ошағы – қызыл отаулар ашылды.

1924 жылы «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының (СЖҚ) қазақстандық бөлімі өз жұмысын бастап, 114 қызыл отау және білімі аздарға арналған 8 мектеп жұмыс істеді. 1925 жылға қарай қоғамның 882 бастауыш ұйымында 77800 мүше тіркелді. Сауаты жоқтардың көпшілігі білімнің қажет екенін бірден сезінбегендіктен, білім алуға құлшыныс танытпады. 1925 жылы оқу жылының басталуы мен демалыс уақытының бірыңғай жүйесі енгізілді. Қазақ тілінде белгілі ғалымдар жазған алғашқы оқулықтар пайда болды. 1921-1927 жж. 200 мыңдай адам сауат ашты. 1926 жылғы жалпыкеңестік халық санағындағы сауатсыздықпен күрестің қорытындысы бойынша қазақ халқының арасындағы сауаттылар үлесі – 6,9 %, орыстар арасында – 36 %, басқалары – 33,4 %. Жалпы деңгейі –17,8 % деп көрсетті.

1939 жылға қарай сауаттылар саны күрт артып республика бойынша 84 % ға жеткен. 10 жыл ішінде қазақтар арасында сауаттылар 40 %-ды құраса, оның 50 %-ы әйелдер болды.

Негізгі әдебиеттер:

1. Төлентаева К. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. – Алматы: «Зият Пресс», 2006. 168 бет.

2. Адамбеков Б.К. ХХ ғасырдағы Ресей империясы, Кеңес мемлекеті және ТМД тарихы: Оқу құралы. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. -344 бет.

3. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы: Жоғары оқу орындарының тарихшы емес мамандықтарына (бакалавриат) арналған оқулық / Б.Ғ.Аяғанның жалпы редакциясымен. –Алматы: Раритет, 2010. - 448 бет.

4. Қазақстан тарихы ежелгі дүниеден бүгінгі күнге дейін: Бес том­дық. 3-том. – Ал­ма­ты: «Атамұра», 2002. -768 бет.

5. Қазақстан тарихы көне заманнан бү­гін­ге дейін (Очерк): Оқу құралы. – Алматы: Дәуір, 1994. – 446 бет.

6. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 4-том. - Алматы: «Атамұра», 2010, 752 бет.

7. Қандық Е.С. Қазақстан тарихы (Кеңес дәуірі және тәуелсіз Қазақстан) Оқулық. –Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2012. -512 бет.

8. Қазақстан тарихы: Лекциялар курсы. Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.С. Қаражан. - Алматы: Заң әдебиеті, 2009.

9. Қазақстан тарихы: Оқулық /Жұмақаева Б.Д. – Алматы, -ТОО «Издательство LЕМ», 2010.

10. Қазақстан. Фотошежіре. Казахстан. Фотолетопись. Том 1. -Алматы: RUAN, 20057 -128 бет.

11. Қазақтар, казахи: Тоғыз томдық анықтама. – Алматы, 1998.

12. Новейшая история Казахстана. Сб. документов и материалов. Т.1 (1917-1939 гг.). Сост. Каражанов К.С., Такенов А.С. -Алматы: Санат, 1998.

13. Садыков Т.С., Кеңестік тоталитарлық саясат және Қазақстан қасіреті. Оқу құралы. – Алматы: Эверо. 2014.

Қосымша әдебиеттер:

1. Прімбетова Ә.Ө. Қазақ елінің тарихы: Оқу құралы. - Алматы, 2003.

2. Тәтімов М. Қазақ әлемі. - Алматы: Атамұра, 1993.

3. Козыбаев М.К. История и современность. - Алматы, 1991.

4. Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі (Замана асуы). 1-кітап. - Алматы, 1998.

5. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы, оқу құралы. – Алматы: «Қарасай», 2009.

6. Голод в Казахской степи. Сб. документов. - Алма-Ата, 1991.

Электрондық оқулықтар мен оқу құралдары тізімі:

1. Өскембаев Қ.С. Қазақстан тарихы (1917-1991 жылдар). Электрондық оқулық. ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы тізімдегі. № 1511 (2013 жыл 12 қараша).

Интернет көздері:

1.История Казахстана. // http://ru.wikipedia.org/wiki

2. История Казахстана. // http://www. encyclopedia.kz/wiki/

3. История Казахстана, Информация об истории Казахского народа. Исторический очерк о 4. Казахстане. // http://www.kazakhstan.orexca.com/rus/ kazakhstan_history.shtml

5. Культура Казахстана 19 века. // http://www.panasia.ru/main/kazakhstan/culture/1.html





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 3770 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.016 с)...