Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азақстандағы қоғамдық-саяси ахуал. Ф.Голощекиннің Қазақстанға келуі



Ф.И.Голощекин (Шая Ицкович) Қазақ Өлкелік Комитетінің жауапты хатшысы болып тамыз айында бекітілгенімен, Қызылордаға 13 қыркүйекте келді. Қазақстанда бұрын істемеген, республика өмірімен, жергілікті халықтың тарих, салт-дәстүрінен мүлдем хабарсыз адамның басшылыққа келуін ұлттық интеллигенцияның алдығы қатарлы белсенді тобы құптамады. ғасырлар бойы отарлық егіде келе жатқан елде революция жеңісінен кейін, оған бірінші басшы ретінде басқа ұлт өкілінің жіберілуі және ол басшының жергілікті халықтың ықтиярынсыз орталықтан бекітілуі одақта тоталитарлық жүйенің теориядан шын мәніндегі тәжірибеге асырыла бастағанын көрсетті.

Ол өзін Қазақстанға келмей тұрып-ақ партияға берілген, бұйрықтарды қалт еткізбей орындағыш, керек деп санаса шұғыл шаралар қолданатын, оппозицияға аяусыз қатал қызметкер ретінде танытқан болатын. Оның өмірбаянындағы ерекше оқиғалардың бірі - Екатеринбургте ІІ Николай патша және оның отбасын атуға қатысуы.

1920-жылдары КСРО – да социализм орнату доктринасын іс жүзінде асыру басталды. Ол негізгі үш бағытты қамтыды: индустриаландыру, ұжымдастыру және мәдени төңкеріс.

1920 жылы халық шаруашлығының барлық саласын машиналы техникаға енгізудің кшенді бағдарламасын жасау ойластырылды. И.Сталин ВКП(б) – нің 1925 жылы желтоқсан айында өткен ХІҮ съезінде партияның басты бағыты елді индустриаландыру деп жариялады. Шет елдерден алынатын машина және құрал-жабдықтар орнына өз өнімдерін шығару, ауыр және жеңіл өнеркәсіп деңгейін көтеру, қала мен ауылда қол еңбегінің орнына өз өнімдерін шығару, ауыр және жеңіл өнеркәсіп деңгейін көтеру, қала мен ауылда қол еңбегінің орнына техниканы пайдалану жайы қарастырыла бастады.

Голощекиннің әміршіл-әкімшілдік жұмыс әдісі етек алып өрістей бастаған кезде республикалық партия, кеңес активі оған қарсылық көрсетті. Міне, осы тұста әккі, өктем Ф.Голощекин оппозиция қанатын бірден қырқу үшін жаңа саяси бағытты дәлелдеп Сталинге хат жолдады. Онда өзінің “Кіші Қазан” деп аталып жүрген бағдарламалық курсын негіздеп, оны Бас хатшының (Сталиннің) қолдауын сұрады. Бағдарламаның өзекті мәселесі ретінде Қазақстандағы саяси билікке белсенді түрде кеңестік, яғни таптық сипат беру, оны “байлардың”, яғни алашордашылардың ықпалынан аршып алу, осы мақсатта жергілікті орындарда партиялық бөлімшелердің рөлін күрт арттыру сияқты мәселелер қойылды. Бұл шын мәнінде Қазақстандағы билік жүйесінің бұдан былайғы кезеңдегі саяси жаңа сипат алуы еді.

Қазақстандағы ең ірі құрылыс Түркістан-Сібір темір жолы болды. Сібір мен Орта Азияны байланыстыратын 1445 км-ге созылатын темір жол құрылысы 1927 жылы сәуірде басталып, 1930 жылы сәуірде жоспарланған мерзімнен 17 ай бұрын бітті. Бұл кезеңнің ірі құрылысытары: Шымкент қорғасын заводы, балқаш мыс қортыу және Ащысай полиметалл комбинатары, сондай-ақ Текелі полиметалл және Жезқазған мыс қортыу комбинаттарының т.б. өнеркәсіп орындарының құрылыстары басталды. Электр қуатын өндіру ұлғайтылды: Қарағанды ЦЭС-і, УЛьба ГЭС-і, Балқаш мыс қорыту ТЭЦ-і – осы кезеңнің екпінді құрылыстары саналды. Ембі мұнай ауданы өркендеді. Қарағанды Одақтағы үшінші көмір базасына айналды.

Индустриаландыру жылдары тамақ өнеркәсібі орталықтары ашылды: СЕмей ет комбинаты, Гурьев балық консервілеу заводы. Бірқатар елді мекендер қала деңгейіне көтерілді. Олар: Қарағанды, Риддер, Балқаш т.б. Соған сәйкес халық саны да 8,2 ден 27,7 пайызға өсті.

Индустриаландырудың келеңсіз жақтары да кездесті. Индустриаландыру өте үлкен қаражатты қажет етті. Қазақстан одақтағы шикізат өндіруге бағытталған ресублика болды. Дайын өнім шығару жағы ескерілмеді. Қазақстанға миграциялық тасқын ұлғайды. қазақстандағы индустриаландыру өзінің ұтымды пікірлерін ортаға салған С.Сәдуақасовтың «Большевик» журналындағы «Ұлттар және ұлт адамдары» мақаласындағы ой-пікірлер ескерусіз қалдырылды. С.Сәдуақасовтың бағыты бірінші хатшы Ф.Голощекинге ұнамады. Сондықтан да оны сынға алып, Сәдуақасовтың өзін саяси қуғын-сүргінге ұшыратты.

Ф.Голощекин өзінің теориялық және іс-тжірибесінде Сталиннің теориялық тұжырымдарын басшылыққа алып, Қазақстанда тоталитарлық жүйенің орнығуын қаматамасыз етті.

Басқаша айтқанда, Голощекин сияқты сауатсыз басшы арқылы коммунистік басшылық Қазақстандағы билік жүйесін ұлттық сипатта емес, таптық сипатта шешуге кірісті.

Осы жылдардың қысы да қоғамдық малды қынадай қырып салды. Астық жинау, ет дайындау жөніндегі жоспарлар өсе түспесе, азайған жоқ. Мұның бәрі шаруаның тұрмысын күйзелте берді. Дегенмен халыққа, осы Ф.Голощекин басқарған кезеңде қазақ халқына ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру, көшпелі халықты бірден отырықшыландыру жөніндегі соқыр саясат тым ауыр тиді.

Негізгі әдебиеттер:

1 Төлентаева К. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. – Алматы: «Зият Пресс», 2006. 168 бет.

2 Адамбеков Б.К. ХХ ғасырдағы Ресей империясы, Кеңес мемлекеті және ТМД тарихы: Оқу құралы. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. -344 бет.

3 Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы: Жоғары оқу орындарының тарихшы емес мамандықтарына (бакалавриат) арналған оқулық / Б.Ғ.Аяғанның жалпы редакциясымен. –Алматы: Раритет, 2010. - 448 бет.

4 Қазақстан тарихы ежелгі дүниеден бүгінгі күнге дейін: Бес том­дық. 3-том. – Ал­ма­ты: «Атамұра», 2002. -768 бет.

5 Қазақстан тарихы көне заманнан бү­гін­ге дейін (Очерк): Оқу құралы. – Алматы: Дәуір, 1994. – 446 бет.

6 Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 4-том. - Алматы: «Атамұра», 2010, 752 бет.

7 Қандық Е.С. Қазақстан тарихы (Кеңес дәуірі және тәуелсіз Қазақстан) Оқулық. –Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2012. -512 бет.

8 Қазақстан тарихы: Лекциялар курсы. Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.С. Қаражан. - Алматы: Заң әдебиеті, 2009.

9 Қазақстан тарихы: Оқулық /Жұмақаева Б.Д. – Алматы, -ТОО «Издательство LЕМ», 2010.

10 Қазақстан. Фотошежіре. Казахстан. Фотолетопись. Том 1. -Алматы: RUAN, 20057 -128 бет.

11 Қазақтар, казахи: Тоғыз томдық анықтама. – Алматы, 1998.

12 Новейшая история Казахстана. Сб. документов и материалов. Т.1 (1917-1939 гг.). Сост. Каражанов К.С., Такенов А.С. -Алматы: Санат, 1998.

13 Садыков Т.С., Кеңестік тоталитарлық саясат және Қазақстан қасіреті. Оқу құралы. – Алматы: Эверо. 2014.

Қосымша әдебиеттер:

1. Прімбетова Ә.Ө. Қазақ елінің тарихы: Оқу құралы. - Алматы, 2003.

2. Тәтімов М. Қазақ әлемі. - Алматы: Атамұра, 1993.

3. Козыбаев М.К. История и современность. - Алматы, 1991.

4. Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі (Замана асуы). 1-кітап. - Алматы, 1998.

5. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы, оқу құралы. – Алматы: «Қарасай», 2009.

6. Голод в Казахской степи. Сб. документов. - Алма-Ата, 1991.

Электрондық оқулықтар мен оқу құралдары тізімі:

1. Өскембаев Қ.С. Қазақстан тарихы (1917-1991 жылдар). Электрондық оқулық. ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы тізімдегі. № 1511 (2013 жыл 12 қараша).

Интернет көздері:

1.История Казахстана. // http://ru.wikipedia.org/wiki

2. История Казахстана. // http://www. encyclopedia.kz/wiki/

3. История Казахстана, Информация об истории Казахского народа. Исторический очерк о 4. Казахстане. // http://www.kazakhstan.orexca.com/rus/ kazakhstan_history.shtml

5. Культура Казахстана 19 века. // http://www.panasia.ru/main/kazakhstan/culture/1.html





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 3923 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...