Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | ||
|
Банк ісінде тәуекел – белгілі бір банктік операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде қосымша шығын жұмсау салдарынан пайда алмау немесе өзінің ресурстарының бір бөлігін жоғалту қауіпін білдіреді.
Банк үшін тәуекелдің сандық бейнеленуі банктің алға қойған шараларды жүзеге асырудың тәуекелділігінен шығынға ұшырауын және тәуекел саласындағы банктің стратегиясының сапасын көрсетеді.
Банк менеджерлері пайда табуды тәуекелмен байланысты әрекеттер жасаудың салдары ретінде қарамайды. Тәуекел мен шығын, бір жағынан алғанда банктік пайда алуы мүмкіндігіне қарама-қайшылық жасаса, екінші жағынан пайданың пайда болу табиғаты мен тәуекелдің пайда болуы табиғаты арасында айырмашылықтың барлығына көңіл аударуды қажет санайды.
Банктің өз қызметі процесінде тәуекел түрлерінің әр түрлі жиынтығымен кездеседі. Осы жиынтықтар бір-бірінен пайда болу уақыты мен орны, экзогендік факторлар жиынтығы (яғни, экономикалық орта, коньюктурамен байланысты «сыртқы») және эндогенді факторлар (банктің өзіндік қате қызметінен пайда болатын «ішкі») бойынша ажыратылады. Сонымен бірге, барлық тәуекел бір – бірімен байланысты және банк қызметіне әсер етеді.
Банк қызметі табысты болуы үшін, банк тәуекелді бөлшектеу және нақты тәуекел түріне ең жақсы басқару тәсілін қолдану керек.
Сыртқы тәуекелдерге банктік қызметіне тікелей байланысты емес немесе берілген бір клиентпен байланысты емес тәуекелдер жатқызылады. Банкте анықталған ақша – қаражаттары болғанда, ол жанама түрде сыртқы тәуекелдерді алдын – ала болжай алады және оларды өз уқытында басқара алады. Сыртқы тәуекелдер саяси – экономикалық, әлеуметтік – құқықтық, бәсекелестік, қаржылық және басқадай факторлардан пайда болады.
Банктің өзінің қызметіне байланысты және ол тәуекел жағдайларды белсенді түрде басқару мүмкіндігін иеленеді. Ішкі тәуекелдерге берілген жекелеген коммерциалық банк иеленетін кәсіпкерлік артықшылықтар әсер етеді. Атап айтсақ, қаржылық нарықтың берілген аясында банктің қызмет көрсетуін ұйымдастыру кезінде оның басшылары мен дұрыс таңдаған стратегиясы мен саясаты. Банктік операциалар технологиялық процестермен маманданған қызметкерлер жеткілікті минимумын оптималды басқару, тиімді маркетингтік стратегияны және тактиканы таңдау және т.б. факторлар. Ішкі тәуекелдер банктің өз қызметінен клиенттердің қарыз алушылардың немесе оның берілген контр серіктестер қызметіен байланысты. Олардың деңгейіне банк басшыларының іскерлік белсендігі, басқарудың тиімділігі мен тактикасы және басқадай факторлар әсер етеді. Осыдан келе тәуекелдер келесідей бөлінеді:
- банк активтермен байланысты (несиелік, валюталық, нарықтық,лизингтік, кассалық, есеп айырысушылық, факторингтік, корреспонденттік шот бойынша, қаржылық және инвестиция бойынша тәуекел және т.б.);
- банк пассивімен байланысты (салым және депозит бойынша, банкаралық несиелерді тату тәуекелдері және диверсификация тәуекелі);
- банк өзінің активтері мен пассивтерін басқару сапасымен байланысты (пайыздық тәуеккел, өтімділік тәуекелі,төлем қабілетсідігі, капитал құрылымы тәуекелі, банк капиталының жеткіліксіздік тәуекелі);
- қаржылық қызмет жүзеге асыру тәуекелімен байланысты (операциондық,технологиялық тәуекелдік, жаңа еңгізулер тәуекелдігі, стратегиялық, бухгалтерлік, әкімшілік тәуекелдігі, қауіпсіздік тәуекелі).
Банк операциялар есебінің сипаттамасы тәуекелдерді келесідей болуды ұсынады: баланстық және баланстан тыс операциялар бойыншы, активтік және пассивтік операциялар бойыншы тәуекелдер. Бірақ айта кететін жайт, баланстық операциялар бойынша пайда болатын тәуекелдер көбінесе баланстан тыс операцияларға таралады.
Банктік баланс тәуекеліне келесілер жатады:
- несиелік тәуекел (негізгі ссуда бойынша қарыздың қайтарылмау тәуекелі);
- пайыздық тәуекел (берілген ссуда бойынша пай ыздың алынбау тәуекелі);
- өтімділік тәуекелі (банктің өз міндеттемелерін уақытында орындамау тәуекелі, өтімділік нормативтетін бұзу тәуекелі);
- капитал құрылымының тәуекелі (капитал жеткіліктілік нормативінің банк орындамау тәуекелі, оның капитал құрылымының рационалды емес ұйымдастыру тәуекелі).
Соңғысы банктің қосымша капиталы (несиелік тәуекелдерді жабуға арналған резервтер, бағалы қағаздардың құнсыздануынан резервтер және т.б.) негізгі капиталынан асып түскенде пайда болады.
Баланстан тыс тәуекелдер банктің келесідей жағдайларда қызмет көрсете алмау мүмкіндігі:
- берілген кепілдер бойынша;
- шығарылған бағалы қағаздар, бағалы қағаздармен жасалған келісім- шарт бойынша;
- несиелік міндеттемелер бойынша;
- валюталық мәмілеге отыру бойынша.
Сонмен қатар, банктік тәуекелдер деңгейі лизингтік және факторингтік операцияларды, бартерлік және клирингтік мәмілелерді жүзеге асырған кезде пайда болуы мүмкін.
Негізінен мемлекеттік тәуекелдер халықаралық кредиттердің борышкерлерге әсер ету үшін шектелген шараларының нәтижесінде пайда болды. Алайда бұл осы қорларды инвестициялап отырған банктердің еларалық тәуекелдерді алдын ала болжамауынан және де оларды басқара алмауын білдірмейді, яғни оны көрсетіп отырған жоқ.
Валюталық тәуекел – бұл қандайда бір шетелдік валютаға ұлттық валютаның қатынасы кезіндегі курсының өзгеруі нәтижесінде зиян шеккен банктерде өз қорларының бір бөлігінің жоғалмауына, табыстардың толық алынбауына немесе қосымша шығындардың шығып кетуіне алып келеді.
Валюталардың курстары салыстырмалы түрде бір-біріне әрдайым да өзгерістер болатыны белгілі (KZT/USD, YEN/USD және т.б.), ол банк қызметінің пайдасы мен шығынында көрініс табады. Валюталық тәуекел трансляциялық, операциялық, контрактілік және басқа да тәуекелдерді ажыратады.
Валюталық тәуекел пайыздық ставка және өтімділік тәуекелімен байланысты. Ол валюталық актив және пассив құрылымдары сәйкес келмегенде, сондай-ақ мемлекетте инфляциялық процестер кезінде пайда болуы мүмкін. Валюталық тәуекел негізінде белгілі бір кезең ішіндегі несиелік немесе басқа келісімнің ақшалай мңндеттемесінің нақты құнының өзгерісі жатыр. Сонымен қатар, валюталық тәуекелге келісім – шарттың кез келген жағы баруы мүмкін (несиелік, саудадық және т.б.): кредитор өзінің шетелдік контрагентіне банктік несие бере отырып, қарызгерге ала алмау тәуекеліне барады. Ал қарызгер несиені алған кездегі болған курс бойынша несиелік келісім-шартта валюта курсын белгілегенмен салыстырғанда, төлейтін кездегі валюта құнының көтеріліп кетуінен құнын жолғататын валюталық тәуекелге барады.
Валюталық тәуекел, әсіресе әр түрлі валюталық рыноктарда сол бір валютаның курстары сәйкес келмеуіне байланысты сол айырымдардан пайда табатын (спекулятивтік табыс) немесе валюта курсының әр түрлі уақыт кезеңдерінде айрымынан түсетін пайда, мысалы, арбитраждық операциялар жүргізетін банктерде, яғни сондай қаржылық – несиелік институттарда өте жоғары. Валюталық тәуекел, қарызды қайтару кезеңі және несиелік контракт соммасы неғұрлым көп болса, соғұрлым жоғары болады.
Несие берудегі валюта төлем валютасымен сәйкес келмесе де валюталық тәуекел болады. Бір банкінің бірнеше филиалдары бірігіп төлем жүргізген кезде де валюталық тәуекелдер болуы мүмкін. Көріп отырғанымыздай, валюталық тәуекелдердің болуы қаржылық-несиелік мекемеге өте маңызды зиян әкеледі. Сондықтан қаржылық-несиелік мекемеге валюталық тәуекелді болжау үшін немесе олардың салдарын барыншы болдырмау үшін мақсатты іс-әрекеттерді өз уақытында ойластырып жүргізу керек.
Несиелік тәуекел. Банктер жүргізетін келісімдердің арасында несиелік операциялардың тәуекелдері өте үкен болады, өйткені кредит беру табыс алудың ең маңызды көзі болып табылады. Несиелік тәуекелдерді минимизациялау несиелік мекемелер қызметін басқарудағы басты міндет болып табылады.
Несиелік тәуекел немесе қарызды өтемеу тәуекелі – бұл қарыз алушының несиелік келісімдегі мерзім мен жағдайларға сай кредиторға деген өзінің міндеттемелердің орындамаудың ықтималдығы.
Несиелік тәуекел бірқатар себептерге байланысты пайда болады:
- қарызгердің жауапкершіліксіздігі;
- қарізгердің өз кінәсынан емес, адекватты болашақ ақша ағымдарын жасауға қабілетсіздігі;
- банк басшылығындағы есептің дұрыс жүргізілмеуі, іскерлік және экономикалық ортадағы болжанбаған жағымсыз оқиғалар мен өзгерістер;
- саяси тұрақсыздық;
- қарызгердің іскерлік репутациясындағы олқылықтар;
- несие берілген кепілдеменің сапасына (өтімділігі мен рынокта сату мүмкіндігі) және болашақ құнына сенімсіздігі.
Кредиторлар несие берген кезде өздері берген несиенің немесе қарыздың барлық соммасы толық қайтарылатынына сенімді болады және де оған қоса көп жағдайларда олар өздері келіскен пайыз сомасын уақытынды, несие толық төленгенше алып отыруға сенімді болады. Олардың өздері тәуекелден қашады, сондықтан да өздерін тәуекелге баруын шектеуге тырысады немесе анықталмаған дәрежесін минимумға жеткізуге тырсады. Шынында олар нақты қарызгермен және несие түрімен байланысты тәуекел дәресін олар сол несиені бергенге дейін және де несие мерзімінің барлық бойында (тәуекел дәрежесі көбінде уақытпен алмасуы) анықтағылары келеді.
Несиелік тәуекел берілген несиенің түрі мен жылдамдығына байланысты болады, қамтылуына – қамтылған және қамтылмаған; несие берушінің ерекшелігіне байланысты – мемлекеттік,банктік, коммерциялық, сақтандыру компаниялары мен жеке тұлғалардың кредиттері; дебиторлар түріне қарай – ауыл шаруашылық, өнеркәсіптік, коммуналдық, персоналдық; пайдалану бағытыны қарай – тұтынушылық, өнеркәсіптік, жеке айналым қорларын құруға деген,инвестициялық,маусымдық. Уақытша қаржылық қиыншылықтарды жоюға, аралық, бағалы қағаздармен операцияларға, импорттық және экпорттық беру шартына қарай – вексельдік, ашық шоттарға көмек кезінде, ипотекалық, маусымдық, овердрафт және т.б. Беру мерзіміне қарай несиелер қысқа, орташа және ұзақ мерзімді болады.
Банкирлер несиелік тәуекелден басқа несие берушілерге қарағанда бірінші бас тартуы керек, өйткені олар өздерінің қажетті қорларымен қамтамасыз еткен өз салымшылары мен басқа жақтардың ақшаларын өз ақшаларына қарағанда көп қосады.
Ал олардың банкирлер ретінде өмірде орын алуы осы қорларды орыны толатын негізде тарта алу қабілеттіліктеріне толығымен байланысты болады. Бұл қабілеттілік банктің несиелік қабілеттілігіне байланысты болады, салымдарды өз уақытында қайтару қабілеттіліктермен, яғни алғашқы талапта қайтаруларымен анықталатын, біз депозиттерді қалай түсінеміз соған байланысты. Банк үшін мұның мүмкіндігі ол өзі беретін қарыздар мен тәуекелдерді жетістікпен бағалау қабілеттеріне байланысты болады.
Тағы бір айта кететін жайт банктер несиемен айналысатын банк қызметтеріне кредитті дұрыс бағалау үшін қажетті техникалық білімі және нарықпен танысуы жеткіліксіз болған өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындарға ссудалар бермеу тиіс.
Жоғарыда айтылғандарға қарап мынадай қорытынды жасауға болады: қаржылық-несиелік мекеммелердің қызметі тиімді болуы үшін коммерциялық банк басшыларына тәуекелдерді анықтау, олардың пайда болу ықтималдықтарын талдау, олардың әрекетінен келетін зиян мөлшерін болжау жөнінде өз уақытында қажетті іс-әрекеттер жасау қажет.
Пайыз тәуекелі. Пайыз тәуекелділігі пайыз мөлшерлемесінің деңгейіндегі өзгеріске қатысты табыстылықтың немесе қаржылық активтердің бағасының өзгеруі ретінде анықталуы мүмкін. Бұл анықтау негізінде ақша нарығы мен капитал нарығының қатысушыларына қатысты. Жалпы активтері қалыпты болатын коммерциялық банктер үшін анықтама өзгерілуі мүмкін. Қазіргі жағдайда пайыз тәуекелділігін реттеудегі өзекті мәселе – жалпы нарықтық жағдайға мониторинг жүргізу қажетілігі өсе түседі.
Пайыз мөлшерлемесін қалпына келтіру қажеттілігі, олардың шамадан тыс қозғалуы банктік жүйе операцияларының тиімділігіне кедергі, әрі жоғары пайыз тәуекелділігінің тууына себепкер болуы мүмеіндігінен шығады. Банк өз қызметіне пайыз тиімділігін толық бейтараптандыра алуы мүмкін бе? Теория жүзінде мүмкін. Егер активтердің табыстылығындағы өзгеріс пен қорларды тартуға кеткен шығынның өзгерісіндегі уақыт мерзімі сәйкес келсе. Бұл бірнеше несиелер үшін мүмкін және банктер өзінің несиелік портфелінің «мерзімді теңдестіру» саналы саясатына бара алады. Бірақ та, нақты жағдайда бұл мүмкін емес,себебі барлық несиенің уақытын теңдестіру мүмкін емес. Сондықтан банктер бұл саясатты жүргізуге мүдделі болмауы мүмкін. Сондықтан банктер пайыз тәуекелдлігімен қақтығысуы жалғасуда.
Пайыз мөлшерлемесін оқыс жағдайдағы өзгерісі банктің пайдасының және акционерлік капиталдың нарықтық құнының едәуір өзгеруіне әкелу мүмкін.
Пайыз тәуекелділігі осы өзгерістерді қамтиді. Ақша ағымы банктің активтері мен міндеттемелеріне тәуелді; бұл пайыз мөлшерлемесіндегі өзгеріс актив пен міндеттемелердің пайыздық табысын және нарықтық құнын өсіруі немесе төмендетуі мүмкін.
Пайыз тәуекелділігінің деңгейі мына төмендегілерге тәуелді:
· актив операция мен тұрақты және еркін мөлшердегі несие мен инвестиция көлемінің қатынасындағы портфелдік өзгеріс, олардың нарықтағы бағасының динамикасы;
· пассивтік операциядағы портфелдік өзгерістер мен тұрақты және еркін мөлшерлемесіндегі депозиттер көлемінің арақатынасы;
· меншікті және тартылған қаражаттар арақатынысындағы өзгеріс;
· пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіндегі динамика.
Пайыз тәуекелділігінің деңгейін бақылау және басқару үшін нақты жағдайарға байланысты банк қызметінің нақты стратегиясы жасалады.
Өтімділік тәуекелі. Кез келген банкті басқару кезінде ең маңызды міндет - өтімділікті бара-бар деңгейін қамтамасыз ету болып табылады.
Банктің өтімділігі оның мерзімі мен сапасы бойынша актив пен пассивтің теңгерілімімен анықталын өзінің міндеттерін өз уақытында орындай алу қабіеттілігі түсіндіріледі.
Өтімділік «ағым» ретінде банктің белгіленген уақыт мерзімі ішінде өтімділіктің тиімсіз деңгейін немесе өтімділіктің объективтік қажеті деңгейіне қол жеткізілген мөлшерін сақтап, активтер мен пассивтердің сәйкес баптарын тиімді басқару, қарызға қосымша қаражаттар тарту, банктің қаржылық тұрақтылығын табысты өсіру жолы есебімен жүргізе алу қабілеттілігін бағалауды түсіндіреді.
Осыған орай, банктің өтімділігі өз міндеттемелерін уақытылы орындауды қамтамасыз ету қабілеті мен болашақта өмір сүру ықтималдығының маңызды көрсеткіші болып табылады.
Кез келген жағдайда банк иелері депозиттерді қайтару және несиелер беру және т.б. жағдайларды қамтамасыз етуге қолма-қол немесе тартылған қаражаттардың жетіспеушілік туындағанда ол қолма-қол қаражаттарға ағымдық талаптарды қанағаттандыру үшін өте жоғары мөлшер бойынша қаражаттар тартады. Бұл банктің пайдасының төмендеу мен өтімділік тәуекелін азайтуына әкеледі. Банк өтімділігінің тәуекелі- бұл банктің активтерін жолымен қаражаттарды алу қиындығы жағдайынды банктің пайдасына туындаған қорқыныш мүмкіндігі.
Инвестициялық тәуекел. Банктің инвестор ретіндегі қызметі нәтижесінде банктің бағалы қағаздар портфелі қалыптасады.
Бұл жерді банктер табыс алу мақсатында өзге эмитенттердің бағалы қағаздарына қаражаттарын салады. Әрине қаражат салуда мынадай факторларды ескереді:
- тәуекел деңгейі;
- өтімділік дәрежесі;
- табыстылық.
Инвестициялық тәуекел – бұл қор нарығындағы өзгерістердің әсерінен бағалы қағаздардың нарықтық құндарының төмендеу қауіпін сипаттайды.
Инвестициялық тәуекел деңгейіне қарай бағалы қағздар тәуекелсіз және тәуекелді деп екіге бөлінеді. Тәуекелсіз бағалы қағаздарға тек қана мемлекеттің бағалы қағаздарын жатқызуға болады.
Тәуекел деңгейіне қарай бағалы қағаздар тәуекелсіз және тәуекелді деп екіге бөлінеді. Тәуекелсіз бағалы қағаздарға тек қана мемлекеттің бағалы қағаздарын жатқызуға болады. Қалған бағалы қағаздардың барлығы тәуекелді бағалы қағаздарға жатады.
Мемлекеттің бағалы қағаздары – эмитенті мемлекет болып табылатын мемлекетттің ішкі қарызының болу формасы немесе борыштық бағалы қағаздарды білдіреді.
Мемлекеттің бағалы қағаздарын мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер шығарады.
Операцияондық тәуекелдер – бұл банктің күнделікті қызметінде жекелеген бөлімшелерді басқарумен байланысты туындайтын ағымдағы тәуекелдерді білдіреді. Операциялық тәуекелдерің түріне технологиялық тәуекелдер жатады. Олар банктегі әр түрлі техникалар мен технологияларды пайдалану барысынды туындайтын тәуекелдерді сипаттайды. Ондай тәуекелдер кезінде электрондық төлемдер жоғалуы мүмкін, одан туындаған шығында қаржыландыру банктің қосымша қаражатын шығындайды. электронных платежей.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: [ 3. 69-72, 6. 68-75, 7. 71-74 бет],
Қосымша: [ 4. 3-15 бет],
Бақылау сұрақтары:
1. Несиелік тәуекел дегеніміз не?
2. Несиелік тәуекелді басқару жүйесіне қандай элементтерді құрайды?
3. Несиелік мониторинг қандай түрлері бар?
4. Валюталық тәуекел нені білдіреді?
5. Өтімділік тәуекелін қалай бағалауға болады?
6. Пайыздық тәуекелге қандай факторлар ықпал етеді?
7. Инвестициялық тәуекелден сақтанудың қандай әдістері бар?
8. Операциондық тәуекел дегеніміз не?
Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 4638 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!