Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Потаниннің зерттеулері



Г.Н. Потанин Орталық Азияға алғашқы саяхатын Н.М. Пржевальскийден бұрын1863 жылы жасады. Орталық Азияға 8 рет саяхат жасап, 36 жыл бойы, 1899 жылға дейін, ауыр жағдайда жүріп қажымай-талмай зерттеді. Орыс География ғылымына көп еңбек етіп, үлкен жаңалықтар қосты. Ғалым, географ алғашқы зерттеу жұмыстарын өзінің туған Отаны Қазақстан жеріне бастады. 1863 жылғы бірінші экспедициясында Оңтүстік Алтай мен Зайсан қазаншұңқырын зерттеді, 1864 жылы – Тарбағатайды, бұдан кейін 1876 жылдан бастап Орталық Азияны зерттеуге кірісті. Ол 1876–1877, 1879-1880, 1883-1886, 1892-1893 жылдары саяхат жасады. Бұл экспедициялардың бәрінде де өзінің сүйікті зайыбы әрі көмекшісі А.В. Потанинамен бірге болады. Бұл экспедицияларда жиналған мәліметтер бұрыңғы кеңес дәуірінде толқтырылып басылып шықты.

Григорий Николайұлы 1835 жылдын 22 қыркүйегінде қазіргі Павлодар облысы, Ертіс жағасындағы Ямышев ауылында туды. Әкесі қызмет бабында бастықтарға қарсы шыққандықтан сотталып қара солдат болып төмендетілген казак–орыс еді. Ол түрмеде отырған кезде шешесі өліп Г.Н.Потаниннің үй–ішіне үлкен ауыртпалық түседі.Азияның болашақ атақты ғалымы бала кезінен өмірдің талай талқысын, жетімдікті, жеткіліксіз өмірді басынан өткізеді.

Г.Н.Потанинжас кезінде Ертіс жиегіндегі Пресногор ауылында оқып, полковник атағынан айрылған Эллизеннің үй–ішінде тәрбиеленеді. Одан кейінОмскідегі кадет корпусына түсіп, оны 1852 жылы 17 жасында бітіріп шығады. Жас офицерді Семей қаласындағы казак–орыс полкіне қызметке жібереді. Семейде ол қазақ халқының өмірімен толық танысады. Корпуста оқып жүрген кезде жан жолдасы Шоқан айтқан қазақ халқының тарихы, әдет–ғұрпы, өмірі көз алдына елестеп, ғалымды халық аузындағы бай аңыздар қызықтыра түседі.

Ғылыми еңбектер

Қазақ фольклоры үлгілерін, жалпы түркі тілдес халықтардың ауыз әдебиетін жинап, «Қазақтардың және алтайлықтардың аңыздары, аңыз-әңгімелері және ертегілері» (1916) атты еңбегін жазды. Потанин есімімен Наньшань тауындағы жота, Моңғол Алтайындағы мұздық аталған.[1][2]

12. Эксперимент әдісі – сол жергілікті жердегі отбасының немесе қоғамның әлеуметтік ортасымен бірге мейрамдарда, әртүрлі оқиғалардың ішінде бірге болу. Бұл тәсіл салт-дәстүрлердің қандай ерекшеліктері, қалай жүргізілетіні, кімдер қатысатыны жөніңде көп мәліметті көзбен көруге мүмкіндік береді. Ал қажетті жағдайда жергілікті халықтан белгілі бір салт-дәстүрдің немесе қажетті оқиғаның қалай орындалатынын сұрап, өз көзінмен көруге болады, бірақ бұның жүргізілуі сақна түрінде емес табиғи (шын болып жатқандай) жүргізілуі қажет.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 659 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...