Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жерлеу әдісі



Үнді европейлік мәселенің туындауына байланысты «жерлеу дәстүрі» терминінің дифнициялау мәселесі ерекше қызығушылық тудырады. Арилер б.зд. 2 мыңжылдықта Балқан түбегінен Енесейге дейін және солтүстікте орман зонасынан бастап оңтүстікте Қытайдың солтүстік территориясына дейін ұлан-ғайыр жерді мекенднген болатын. Б.з.д. 2 мыңжылдық басында климаттың өзгеруіне байланысты өмірге қолайлы жер іздеу мақсатында жаңа жерлерге көше бастады. Кейбіреулері Еуропада қоныстанса, халықтың қалған бөлігі Үндістан және Иран территориясына қоныс аударды. Арилік тайпалар б.з.д. 2 мыңжылдықта Шығыс Еуропа, Батыс Сібір және Қазақстанда ерекшеленген дәне қазіргі ғылымға теселік немесе андроновтық мәдениет негізін қалаған үндіевропейлік тілдік және мәдени-тархи тобына жататын-ды. Жерлеу тәсілдерінің классификациясын жасауға алғаш рет француз этногрофы Жорж Монтандон тырысты. Ол жерлеу тәсілдерін негізгі сегіз топқа бөлген болатын. Олар: 1) тастап кету және алқтырып кету (abandon), 2) суға тастау (immersion), 3) айдалаға жерлеу (surelevation), 4) мәйітті көму (ensevelissement), ол мәйітті жерге көму (enterrement) және үңгірге жерлеу (inhumation), 5) өрттеп жіберу (ignition), 6) мумиялау (momification), 7) бөлшектеу (decharhement), 8) каннибализм. [3., 662 б.] Андроновтық зираттарда кездесетін барлық жерленгендер басымен батысқа және оңтүстік-батысқа бағытталған. Жерленгендердің бағыттары олардың о дүниедегі үйін мақсатында болған. Андроновтықтардың түсінігі бойынша жер кватрат немесе дөңгелек және дөңгелек ішіне салынған квадрат түрінде болғандықтан ортасында зираты бар дөңгелек оба әлем бейнесін берді. Әр көкжиектің төрт жақ бетінің өзінің құдайы бар және күннің батуына байланысты батыстың құдайы о дүние, яғни түнек пен қараңғылық құдайы деп сенді. Андроновтықтардың сену бойынша қорғанды «өлілердің үиі» деп санаған, сондықтанда жан-жағынан қоршалған көмуге арналған ор осы «үйдің» ошағын білдірген. Ингумациялау және кремациялау кезінде бірнеше уақыт өткеннен кейін зиратты топырақпен қоршап, кейін тастан дуал тұрғызып, өлілер әлемін тірілер әлемінен алшақтатқан. Тас дуалмен қоршалған зират кей кезері төртбұрышты, кей кездері дөңгелек түрінде болған. Дәстүр арқылы қоғамда қалыптасқан діни көзқарастар, рухани және мәдени құндылықтар бекітіледі. Адам және табиғат өмірін модельдейтін оның негізгі белгілері – консерванттылық, дәстүрлік және стериатиптілік. [4.,б. 67.]

Бір қорғанда көмілген жерлеулердің арақатынасы маңызды болып табылады. Бұндай көріністер қола дәуірінің жерлеу дәстүрлерінде көп кездеседі. Бір жерде көптеген жерлеулердің кезесуі олардың бір уақытта немесе әртүрлі уақытта жерленуілерін анықтауды қажет етеді. Бірінші жағдайда негізгі мырзаның бейітін жауынгерлер «қорғау» мақсатында (немесе мырзаға құлдар «қызмет ету» мақсатында) болса, екінші жағдайда әртүрлі жеке жерленгендер тайпа басшысының бейіті маңында немесе тайпаның құрбандық шалу жеріні маңайлата орналасқан. Ерлер, әйелдер және балалардың бейіттері белгілі бір белгіленген жерде орналасқан. Бір обада орналасқан жерлеулерге қарап олардың бір тайпа мүшелері екенін білуге болады. Осыған қоса бір тайпа мүшелері екінін бейіттердің бір түзу дұрыс қатар бойында жерлеулері арқылы да анықтауға болады. Кей кездері обадағы жерлеулерді тайпа ауылдарын жоспарлаумен салыстырады.Бұндай обаларда әр түрлі уақытта жерленгендер болғандықтан олардың хронология және өзара вертикаль жатуы сияқты статиграфиялық бақылаулардың маңызы артады. Бұл жерде зираттардың құрылысы ғана емес олақжың қандай қабатта және қандай құрылыс материалы қолданғаны және т.б. маңызды болып табылады. Бұндай қазбалардың мысалы ретінде Ягодное селосы маңындағы Н. Я. Мерперт жүпргізген қазба жұмыстарын айтуға болады.В.Я. Пертрухин Ибн-Фадлан жазған орысты жерлеу тәсілдеріне және онда жасалған істерге қарап, ежелгі идеологиябелгілерінің семантикасын ашудың қызық мысалдарын ұсынған. Ең бастысы зерттеушіні тірілердің бейіт басындағы іс-әрекеттері қызықтырды. Петрухинннің бұл бақылауы дәстүрді зерттеуге маңызды тәсілдердің бірі болуы мүмкін. Сонымен қатар Г. А. Федоров-Давыдовтың өзінің асқан дәл түрде көшпелілердің жерлеудәстүрлері маңызды істердің бірі болып табылады. Көшпелілердің заттары ұқсас болса да, ол анализ жүргізу арқылы печенегтердің, түріктердің және половецтердің жерлеу дәстүрлерін ажырата білді.[2.,б 47-49.]Қадырбаев М.К. тасмолалық қорғандардың материалдары арқылы логикалық ой қорытындылар жасаған болатын. Ол тонаушылар лақтырып тастаған ат бастарында табылған жүген қалдықтарына қарап, ұрлық жерлеуден кейін көп уақыт өтпестен бұрын болған деген ойға келді. Қадырбаев зираттардан түгел алтынның жоғалуына қарап, сол кезде мүліктік бөлінушілік қана емес, сонымен қатар жеке меншік дамыған деген қорытынды жасады.

5. Николай Александрович Аристов (1847 – 1910) – этнография Қазан университетінің заң факультетін бітірген (1864).1864–1968 жылы Тобыл губерниясының басқармасында, 1868–81 жылы Жетісу облысы мекемелерінде түрлі әкімшілік қызметтерде болды.Аристов халық шежіресіне сүйеніп рулық бірлестіктердің таңбаларын зерттеді, тарихи деректер мен жаңадан дамып келе жатқан антропология зерттеулерді негізге ала отырып, Ұлы жүз қазақтары мен қырғыздарының этнография құрамының тарихын жазды. «Түркі тайпалары мен халықтарының этн. құрамы жайлы және олардың адам саны жөнінде мәліметтер» аталатын еңбегінде түркі тайпалары мен халықтарының әлемдік тарих сахнасына шығу кезеңінен бастап, 19 ғасырдың аяғына дейінгі тарихы, этнография құрылымы, орналасуы, халқының саны, Қазақстанның Ресеймен, басқа да елдермен қарым-қатынасы туралы деректер берілген.




Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 733 | Нарушение авторского права страницы



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...