Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азіргі кезеңдегі аймақтық саясат ерекшеліктері



Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімге арналған стратегиясы табиғи, әлеуметтік- экономикалық және т.б. аумақтық факторларды толықтай ескеріп, оларды мемлекеттік саясаттың барлық бағыттарында нақтылағанда ғана ғылыми тұрғыдан негізделген және жүзеге асу мүмкіндігі жоғары болады.

Қазіргі уақытта республика кеңістігіндегі әлеуметтік – экономикалық даму жағдайларының біркелкі болмауы мемлекет тарапынан жүргізілетін аймақтық саясат ерекшеліктерін анықтайды. Соған орай мемлекеттің аймақтық саясатының мақсаттары мен міндеттері, оларды жүзеге асыру механизмдері анықталады.

Мемлекет нарықтық қатынастардың дамуы барысында кәсіпорындарға толықтай дербестік бере отырып, олардың шаруашылық қызметіне тікелей араласпағанмен де, жанама түрде (салықтар, экологиялық, монополияға қарсы шектеулер т.б.) араласады. Бұл нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуінің бір шарты деуге болады. Ал егер мемлекет аймақтарымен дұрыс өзара қарым- қатынас орнатпаған болса, немесе халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін ортасы болып табылатын мемлекеттің барлық аумақтарының дамуы үшін жауапкершіліктен бас тартатын болса, онда жүргізіліп жатқан реформалардың оң нәтижеге жеткізбейтіндігі анық. Демек, аймақтардың дамуын мемлекет реттеу – бұл олардың дамуының қажетті шарты.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің ерекше бағыты ретінде қарастырылатын аймақтық саясаттың қазіргі ерекшеліктерін қарастыру оның тиімді жүзеге асуына ықпалын тигізетін негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да аймақтар дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған жағдайды саралау және соған орай аймақтық саясаттың бағыттарын айқындау өзекті мәселеге айналады. Осы мақсатта аймақтық саясаттың қалыптасуына әсерін тигізетін негізгі жағдайларды сараптауға жүгінейік.





Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 723 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...