Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Рылыс кешені мекемелерінің қызметін лицензиялау



Лицензиялар беру белгілі бір қызмет түрі үшін белгіленген талаптарға сай барлық тұлғалар үшін тең негіздерде және тең жағдайларда жүзеге асырылады.

Лицензия — тұлғаға инженерлік шығындар, жобалық жұмыс, құрылыс, монтаждық және реттеу жұмыстарын қамтитын инвестициялық қызметпен айналысуға берелетін ресми рұқсат.

Лицензиялар беру белгiлi бiр қызмет түрi үшiн белгiленген талаптарға сай барлық тұлғалар үшiн тең негiздерде және тең жағдайларда жүзеге асырылады. Қызметтiң жекелеген түрлерi бойынша лицензиялық тәртiп енгiзу құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру мақсатында белгiленедi.
Заңға жаңа қызмет түрлерi және (немесе) қызметтiң кiшi түрлерi енгiзiлген кезде оларды лицензиялау бiлiктiлiк талаптары мен қызмет түрлерiн лицензиялау ережелерi белгiленетiн тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер қабылданғаннан кейiн жүзеге асырылады. Бiлiктiлiк талаптарын, қызмет түрлерiн лицензиялау ережелерiн және экспорты мен импорты лицензиялануға тиiс жекелеген тауарлар тiзбесiн бекiтетiн нормативтiк құқықтық актiлер осы актiлер ресми жарияланғаннан кейiн жиырма бiр күндiк мерзiм өткенге дейiн қолданысқа енгiзiле алмайды.

Қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялау көзделген құрылысқа қойылатын талаптар, жекелеген жұмыс түрлерiнiң, процестердiң сәйкестiгiн мiндеттi түрде растау жөнiндегi талаптар мемлекеттiк әкiмшiлiк ету мақсаттарына жету үшiн жеткiлiксiз болған жағдайларда белгiленедi.

Лицензия иелiктен шығарылмайды және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.

Лицензияның күшi барлық аумақта қолданылады. Бiрыңғай технологиялық процеске кiретiн және (немесе) қызмет түрiн жүзеге асырудың қажеттi элементi болып табылатын қызмет түрлерi лицензиялануға тиiс емес. Мемлекеттiк органдар белгіленген өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асыратын қызметтi қоспағанда, лицензиялау талап етiлетiн қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға немесе белгiлi бiр iс-әрекеттер (операциялар) жасауға лицензия болған жағдайда ғана жол берiледi.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Экономика предприятия. Тесты, задачи, ситуации. - М.: 2003

2. Баяхметов Т. Құрылыс экономикасы, Алматы. 1998

3. В.В.Костюченко, К.М.Крючков, О.А.Кудинов Менеджмент в строительстве, "Феникс", 2002

4. Степанов И.С. Менеджмент в строительстве, Юрайт, 2004.

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары

1. Құрылыс кешенінің құрылыс-монтаждау кәсіпорындарының өндірістік қуатын анықтау

2. Құрылыс кешенінің кәсіпорындарының қызметтік лицензиялау

3. Кәсіпкерлік қызметті антимонопольді реттеу

4. Құрылыс кешендегі антикризистік басқару

5. Құрылыс ұйымдарынының қызметін диверсификациялау





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 936 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...