Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәрістің жоспары. 1. Негізгі және айналымдағы құралдардың құрылымы және құрамы



1. Негізгі және айналымдағы құралдардың құрылымы және құрамы

2. Негізгі қорларды бағалау

3. Негізгі қорлардың амортизациясы

4. Негізгі қорлардың қолданудың тиімділігі мен көрсеткіштер мен оларды көтерудің жолдары.

1 Негізгі және айналымдағы құралдардың құрылымы және құрамы

Өнім өндірісі және қызмет көрсету процессінде келесі экономикалық ресурстардың түрлерін пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және тоғайлы, жер қойнауы); еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі); өндіріс қорлары (өндірістік ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат, энергия, запас бөлшектер және т.б.), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.

Құрылыс кәсіпорындарының негізгі қорларына келесілер жатады: жылжымайтын мүлік (жер учаскілері, ғимараттар, құрылыстар және т.б. жылжуы мүмкін емес жермен байланысты объектілер), көлік құралдары, құрал-жабдықтар, өндірістік және шаруашылық инвентарь, арнайы инструменттер және басқа да құрал-жабдықтар (библиотекалық қор, музей құндылықтары, тірі әлем экспонаттары және т.б.).

Құрылыс кәсіпорындарының негізгі қорлары олардың материалды-техникалық базасыны0ң негізін құрайды, олардың өсімі және жетілуі өнімнің сапасын көтеруінің және бәсеке қабілеттілігінің негізгі шарты болып табылады.

Негізгі қорларды көптеген өндірістік циклдер ішінде пайдаланады, олар жәй-жәй тозады, қасиетін және қалпын сақтап өзінің құнын жаңа шыққан өнімге ауыстырады.

Негізгі қорларға қарағанда айналым қорлары бір өндірістік процеске қатысады және өзінің құнын шыққан өнімге толықтай ауыстырады (мысалға, құн өзінің құнын жаңа пайда болған өнім-нанға толықтай ауыстырады).

Материалды активтер сатып алыну мақсатына байланысты негізгі қорлар есебінде, құрамында, тауарлы-материалдық қорларда немесе қаржылық инвестицияларда көрінеді, ал қайта сату мақсатымен сатып алынған болса – тауарлы материалдық қор құрамында; ұзақ уақыт бойы қаржы салу мақсатымен сатып алынған болса қаржылық инвестиция болып көрінеді.

Негізгі қорлар өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты төмендегілерге бөлінеді:

● өндірістік – бұл өндіріс процесіне тікелей қатысатын немесе оған жағдай жасайтын негізгі қорлар. оның құрамына өндірістік ғимараттар және құрылыстар, машиналар және құрал-жабдықтар, өлшейтін және бақылайтын құралдар және жабдықтар, лабораториялық құралдар, көлік құралдары, өндірістік және шаруашылық инвентарь, инструменттер, көпжылдық отырғызулар. негізгі өндірістік қорларды пайдалануды сипаттайтын экономикалық жалпылығын көрсеткіш болып қорқайтарым табылады, ол натуралды немесе ақша өлшеміндегі негізгі қорлардың бірлігіне өнім өндірісін сипаттайды;

● өндірістік емес – тұтынуға белгіленген негізгі қорлар. олар өндіріс процесіне қатыспайды, кәсіпорын жұмысшыларының мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған.

Тәнділігі бойынша негізгі қорлар келесідей бөлінеді:

● меншікті – ол субъектке тиесілі және оның балансында болатын негізгі қорлар;

● арендаға алынған – ол басқа бір субъекттен аренда шартымен белгіленген бір мерзімге алынған негізгі қорлар. ағымды аренда кезеңде оны аренда берушінің балансында болады, ал арендаға алушы шотында 001 «жалға берілген негізгі қорлар» көрсетіледі. арендаға берілген негізгі қорлар қатарына ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі қорлар жатады, егер арендаға алушы келісім шартта белгіленген сатып алу құнын аренда уақыты біткеннен кейін немесе бітпей тұрып өткізсе, онда ол аренда алушының меншігіне өтеді. оларды сәйкесінше 121, 122, 123, 124, 125 субшоттарда «ұзақ мерзімді жалға берілетін негізгі қорлар» есептейді.

● қозғалыстағы - өндірісте және шаруашылық қызметте пайдаланылатын негізгі қорлар;

● тоқтап тұрған – уақытша пайдаланылмайтын негізгі қорлар;

● запастағылар – қозғалыстағы негізгі қорларды жөндеуде, аварияда немесе жойылып кеткенде ауыстыруға арналып қойылған негізгі қорлар.

заттай құрамына байланысты негізгі қорлар:

● мүлікті – заттай құрамы бар объектілер (ғимараттар, құрылыстар, машиналар, құрал-жабдықтар);

● мүліксіз – жерге, тоғайлық және сулы жерлерге (құрылыстардан басқа) капитал салымдары, яғни заттай формасы жоқ шығындар (жер учаскілерін жоспарлау, жалға алынған негізгі қорларға капиталдық шығындар және т.б.).

өндірілген өнім және көрсетілген қызмет қай экономика саласына және қызмет түріне жатса, соған қатысқан негізгі қорлар сол экономика саласына және қызмет түріне жатады.

негізгі қорлар жасайтын функциясына және мақсатты белгілеуіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

i. жер – субъекттің меншік құқығымен сатып алынған жер көлемі және құны. жерге деген меншік құқығы «жер учаскесіне меншік құқық актісі» мен бекітілуі тиіс. инвентарлы болып жер учаскісіне меншік құқығы актісі берілген әрбір жер саналады.

ii. ғимараттар – еңбекке жағдай жасау, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, баспанап және материалды құндылықтарды сақтауға арналған архитектурлы-құрылыстық объектілер. инвентарлы объект болып әрбір бөлек тұрған ғимарат саналады.



       
 
Жер Ғимараттар Құрылыстар Таратқыш құрылғылар Машина және құрал-жабдықтар Тасымалдау құралдары Инструмент, инвентарь Көп жылдық отырғызулар Балық көбейту және т.б.
 
Геологиялық барлау жұмыстары компьютерлі-программалық қамтамасыз ету көркем шығарма түпнұсқасы (кітаптар, кино, суреттер, музыка және т.б.). Ғылымға сыйымды технологиялар.


Схема 1. Кәсіпорынның негізгі қоры.

iii. құрылыстар – еңбек затын өзгертпейтін функцияларды орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыру үшін арналған инженерлі-құрылыстық объектілер (шахталар, мұнай және газ скважиналары, платиналар, эстакадалар, мосттар).

инвентарлы болып әрбір бөлек тұрған құрылыс саналады.

iv. таратқыш құрылғылар – электро, жылу және механикалық энергияны тасымалдауға арналған құрылғылар (электроөткізу линиялары, жылу желісі, құбырлар).

v. машиналар және құрал-жабдықтар. инвентарлы объектісі болып әрбір машина саналады, егер ол басқа бір объектінің бөлігі болмаса, өзінің құрамына кіретіндер құралдар, керек-жарақтар, қоршаулар, фундамент негізгі қорлардың бұл тобы 5-ке бөлінеді:

● күш машиналары және құрал-жабдықтар – жылу және электроэнергияны шығаратын машиналар, генераторлар; әр түрлі энергияны механикалық энергияға айналдырылатын машина-двигательдері (тракторлар және өзі жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар, іштен жану двигательдері).

● күш машиналары және құрал-жабдықтар – еңбек өнімін шығару процесінде еңбек затына механикалық, теориялық және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдықтар (токарлы станоктар, насостар, электромоторлары, экскаваторлар, грейдерлер).

● өлшегіш және реттеуіш құралдар, жабдықтар және лабораториялық құралдар – бұл өндірістік процессті реттеу және өлшеу үшін арналған құрал-жабдықтар (дизаторлар, амперметрлер, микроскоптар, суөлшегіштер, монометрлер).

● есептеуіш техника – бұл процестерді автоматтандыруға және жылдамдатуға арналған машиналар, құрал-жабдықтар (компьютерлер және т.б. есептеуіш құралдар).

● басқа да машиналар және құрал-жабдықтар – машиналар, аппараттар және басқа да құрал-жабдықтар (телефон станцияларының, радиобуындарының құралдары).

vi. көлік құралдары – адамдарды және жүктерді тасуға арналған жүру құралдары (автомобиль, теміржол, су транспорттарының қозғалу составы). инвентарлы объектісі болып барлық оған қатысты құрал және жабдықтармен бірге бөлек объектілер табылады.

vii. аспаптар (құралдар) – бұл механикаландырылған және механикаландырылмаған қол еңбек құралдары немесе металдарды, ағаштарды және т.б. өңдеуге арналған машинаға бекітілген жабдықтар (кесетін, соғатын, езетін, жұқартатын еңбек құралдары – электро дрельдер, электро вибраторлар және т.б.). инвентарлы объектісі болып тек қана басқа инвентарлық объектінің құрамына кірмейтін құралдар жатады.

viii. өндірістік жабдықтар және құралдар - өндірістік операцияларды жасауға немесе жеңілдетуге арналған құралдар – жұмысстолы, шкафтар, және т.б.

ix. шаруашылық инветарь – конторлық және шаруашылық инвентарь (cтолдар, шкафтар және клемдер).

x. көпжылдық отырғызулар – жасанды, көпжылдық оптырғызулар (жеміс-жидектер, жүзім ағаштары, көпжылдық гүл отырғызулары, роза плантациялары, тірі шарбақтар және т.б.).

xi. жерді жақсарту үшін капитал шығындары (құрылыссыз) – шаруашылыққа пайдалану үшін жерді жақсарту шараларына инвентарлы сипаттағы шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, алаңды тастардан тазарту және т.б.).

xii. басқа да негізгі қорлар – библиотекалық қорлар, музей құндылықтары және т.б.

2. Негізгі қорларды бағалау

Материалды активтерді негізгі қор деп есептеу сәтінде қажетті шарт болып олардың бағалануының біріңғай әдістемесі табылады. осыған байланысты негізгі қорлардың бастапқы, ағымды, баланстық, өткізу құнын және жойылу құнын бөледі.

Негізгі қорлардың бастапқы құны.

Негізгі қорлар бухгалтерлік есепте бастапқы құн бойынша кіріске алынған кезде көрінеді, ол өзіне барлық қажетті шығындардың нақты жұмсалуын, төленген қайтарылмайтын салықтар және жинақтар, сонымен қатар активті жұмыс жағдайына және оны белгіленіміне пайдалануымен тікелей байланысты жеткізу, монтаждау, қондыру, эксплуатацияға жүргізу шығындары және басқа да әр түрлі шығындардың жұмсалуын қосады. жер учаскесінің бастапқы құнына келесілер кіреді:

● шотта көрсетілген сатып алу бағасы;

● қозғалмайтын мүлік жөнінде агенттерге комиссиондық сый-ақылар;

● сату-сатып алу келісім шартын жасаған заңгердің қызметіне төлем;

● салықтар және жинақтар;

● мақсатты пайдалануға жерді дайындау шығындары (ғимараттарды құлату, тазарту, тегістеу) және т.б.

Сатып алынған құрал-жабдықтың бастапқы құнына келессілер жатады:

● сатып алу құны;

● тасымалдауға кеткен шығындар (соның ішінде тасымалдау кезіндегі сақтандыру);

● монтаж;

● құрал-жабдықтардың эксплуатацияға жарамдылығын тексеру мақсатымен сынау жүргізу және т.б.

Ғимараттардың және құрылыстардың құрылысын жүргізгенде негізгі қорлардың бастапқы құнына құрылыс бойынша барлық шығындар кіреді:

● материалдар;

● еңбекақы төлеу;

● үстеме шығындардың сәйкес үлесі;

● архитекторлар, заңгерлердің қызметіне төлемдер;

● құрылыс кезіндегі сақтандыруға шығындар;

● құрылыс кезіндегі сақтандыруға шығындар;

● құрылыс кезіндегі берілген кредит проценті;

● құрылысқа рұқсат алуға кеткен шығындар.

Негізгі қорлар объектісінің бастапқы құны анықталады:

● негізгі қорлар субъектісінің өзім дайындалған кезде немесе оларды фактілік шығындар сомасымен сатып алу;

● объектілерді басқа бір заңды немесе жеке тұлғалардан эксперттік жолмен немесе қабылдау-беру актісі бойынша тегін алған кезде.

ағымдық құн – бұл белгіленген уақытқа негізгі қорлардың пайдаланып жүрген нарықтық бағасының құны. әр түрлі уақытта эксплуатацияға енгізілген біртекті негізгі қорлар олардың өндірісіне әр түрлі шығын деңгейі көрсетеді. сондықтан оларды ағымдық құн бойынша бағалау қажеттілігі туады.

баланстық құн – бұл негізгі қорлардың активі есепте және есептемеде көрсетілетін жиналған амортизация сомасын шегеріп тастағандағы бастапқы және ағымды құн. бұл негізгі қорлардың өндірілетін өніміне, жұмысына және қызмет көрсетуіне немесе ағымды шығындарға әлі ауыстырылмаған құны. бұл құнның төмендеуі негізгі қорларды эксплуатацияда табу уақытының жоғарылау себебінен болады.

жойылу құны – негізгі қорлар жойылған кезде туатын запас бөлшектерінің, ломның, қалдықтардың болжамды бағасы.

Материалды активтерді негізгі қор деп есептеу сәтінде қажетті шарт болып олардың бағалануының біріңғай әдістемесі табылады. осыған байланысты негізгі қорлардың бастапқы, ағымды, баланстық, өткізу құнын және жойылу құнын бөледі.

Негізгі қорлардың бастапқы құны.

Негізгі қорлар бухгалтерлік есепте бастапқы құн бойынша кіріске алынған кезде көрінеді, ол өзіне барлық қажетті шығындардың нақты жұмсалуын, төленген қайтарылмайтын салықтар және жинақтар, сонымен қатар активті жұмыс жағдайына және оны белгіленіміне пайдалануымен тікелей байланысты жеткізу, монтаждау, қондыру, эксплуатацияға жүргізу шығындары және басқа да әр түрлі шығындардың жұмсалуын қосады. жер учаскесінің бастапқы құнына келесілер кіреді:

● шотта көрсетілген сатып алу бағасы;

● қозғалмайтын мүлік жөнінде агенттерге комиссиондық сый-ақылар;

● сату-сатып алу келісім шартын жасаған заңгердің қызметіне төлем;

● салықтар және жинақтар;

● мақсатты пайдалануға жерді дайындау шығындары (ғимараттарды құлату, тазарту, тегістеу) және т.б.

сатып алынған құрал-жабдықтың бастапқы құнына келессілер жатады:

● сатып алу құны;

● тасымалдауға кеткен шығындар (соның ішінде тасымалдау кезіндегі сақтандыру);

● монтаж;

● құрал-жабдықтардың эксплуатацияға жарамдылығын тексеру мақсатымен сынау жүргізу және т.б.

ғимараттардың және құрылыстардың құрылысын жүргізгенде негізгі қорлардың бастапқы құнына құрылыс бойынша барлық шығындар кіреді:

● материалдар;

● еңбекақы төлеу;

● үстеме шығындардың сәйкес үлесі;

● архитекторлар, заңгерлердің қызметіне төлемдер;

● құрылыс кезіндегі сақтандыруға шығындар;

● құрылыс кезіндегі сақтандыруға шығындар;

● құрылыс кезіндегі берілген кредит проценті;

● құрылысқа рұқсат алуға кеткен шығындар.

Негізгі қорлар объектісінің бастапқы құны анықталады:

● негізгі қорлар субъектісінің өзім дайындалған кезде немесе оларды фактілік шығындар сомасымен сатып алу;

● объектілерді басқа бір заңды немесе жеке тұлғалардан эксперттік жолмен немесе қабылдау-беру актісі бойынша тегін алған кезде.

Ағымдық құн – бұл белгіленген уақытқа негізгі қорлардың пайдаланып жүрген нарықтық бағасының құны. әр түрлі уақытта эксплуатацияға енгізілген біртекті негізгі қорлар олардың өндірісіне әр түрлі шығын деңгейі көрсетеді. сондықтан оларды ағымдық құн бойынша бағалау қажеттілігі туады.

Баланстық құн – бұл негізгі қорлардың активі есепте және есептемеде көрсетілетін жиналған амортизация сомасын шегеріп тастағандағы бастапқы және ағымды құн. бұл негізгі қорлардың өндірілетін өніміне, жұмысына және қызмет көрсетуіне немесе ағымды шығындарға әлі ауыстырылмаған құны. бұл құнның төмендеуі негізгі қорларды эксплуатацияда табу уақытының жоғарылау себебінен болады.

Жойылу құны – негізгі қорлар жойылған кезде туатын запас бөлшектерінің, ломның, қалдықтардың болжамды бағасы.

3.Негізгі қорлардың амортизациясы

негізгі қорлар өндіріс процесіне ұзақ уақыт бойы қатысып, жәй-жәй тоза бастайды, яғни физикалық күштің, техникалық және экономикалық факторлардың әсер етуімен өзінің құрамын жоғалтады және жарамсыз болып қалады.

Тозу – моральдық және физикалық сипатынан айыратын процесс. негізгі қорлар тозуының екі түрі бар физикалық және моральдық.

Физикалық тозуда негізгі қорлардың тұтыну құнының жоғалтуы болады, яғни еңбек процесінің, табиғат күштерінің әсер етуімен технико-экономикалық және әлеуметтік сипатының нашарлауы, сонымен қатар негізгі қоррларды пайдаланбау есесінен.

Өндірісте тозған негізгі қорлардың көпшілік бөлігі, мысалға өнеркәсіпте халық шаруашылығында елеулі шығындарға алып келеді, себебі біріншіден – құрал-жабдықтың көнеруі оны жұмыс жағдайында сақтап тұру үшін капиталдық жөндеуге қаржы салуды көбейтуді қажет етеді; екіншіден – ескірген өндіріс түгелдей жаңа техниканы пайдалануға мүмкіндігі жоқ. Осының салдарынан өнім және қызмет көрсету көлемі азаяды. Техникалы қартта қалған және моральды тозған шығынды өндіріс ғылыми техникалық прогресске бөгет жасайтын тоқырау аймағын тудырады.

Моральдық тозу көбінесе физикалық тозудан ерте келеді, яғни әлі пайдалануға болатын негізгі қорлар экономикалық тиімсіз болады. Өз кезегінде моральдық тозу екі түрге (немесе екі факторға) бөлінеді:

Моральдық тозудың бірінші түрі – машиндердің жарты бөлігінің құнын физикалық тозусыз жоғалту, яғни сол машиндердің жаңа жағдайдағы дайындалуының арзандау нәтижесінен (ғылыми техникалық прогресстің жетістіктерін пайдаланып). Бұл түрдің моральдық тозуы дәл сондай конструкциялы машиндерді шығару үшін жұмыс уақытының азаюынан болып тұр. Моральдық тозудың бірінші түрі құрал-жабдықтың қызмет ету уақытының ұзақтығымен, оның физикалық тозуының дәрежесімен байланысты емес, ол өнімді дайындау құнын төмендететін техникалық прогресстің қарқынына байланысты. Моральдық тозудың бірінші түрінде негізгі қорлардың тұтыну құны, құрал-жабдықтың өнімділігі өзгермейді, тек негізгі қорлар құны өзгереді.

Моральдық тозудың екінші түрі - бұл бар машиндердің, құрал-жабдықтардың әрекет ету ұзақтығының қысқаруы, оның өнімділігінің және қуаттылығының төменделуімен, ал көне машиндердің жаңалармен салыстырғандағы эксплуатациясы өндірісті үлкен шығындарға алып келетіменен серттелген.

Тозуды анықтау әдістері.

Физикалық тозу негізгі қорлардың қызметтену негізінде анықталады:

Ттозу(ф) = Тфн · 100% (1.10)

мұндағы, Тф – нақты қызмет ету уақыты (жыл);

Тн – нормативті қызмет ету уақыты (жыл).

Тозуды толық анықтау үшін негізгі қорлардың элементінің жағдайын анықтау қажет.

Моральдық тозудың бірінші түрі баланстық және қалпына келтірілген құнның қатынасы негізінде анықталады:

Ттозу(м1) = Фб – Фвб · 100% (1.11)

мұндағы, Фб – баланстық құн (мың тг.);

Фв – қалпына келтірілген құн (мың тг.).

Моральдық тозудың екінші түрі көп жағдайда құрал-жабдықтардың өнімділігін салыстыру негізінде анықталады.

Ттозу(м2) = Пр2 – Пр1 /Пр2 · 100% (1.12)

мұндағы, Пр1 – қозғалыстағы негізгі қорлардың өнімділігі;

Пр2 – жаңа негізгі қорлардың өнімділігі.

Бірақ бұл кезде жаңа негізгі қорлар қамтамасыз ете алатын шикізат және материалдарды үнемдеу немесе еңбек күшін үнемдеу есептелмейді. Сондықтан моральдық тозудың екінші түрін дәл есептеу үшін келесі формуланы қолданып негізгі қорларды және өндіріс шығындарын салыстыру қажет.

Ттозу(м2) = Изд2 – Изд1 /Изд2 · 100% (1.13)

мұндағы, Изд1 – қозғалыстағы негізгі қорлардың өндіріс шығындары (тенге);

Изд2 – жаңа негізгі қорлардың өндіріс шығындары (тенге).

Негізгі қорлардың амортизациясы.

«Амортизация» термині тікелей мағынада негізгі қорлардың өлімі жоқтығын, олардың тозуды толтыру, қалыптасу мүмкіндіктерін білдіреді.

Амортизация процесі негізгі қорлардың қызмет ету уақыты ішінде өзінің құнын бөлектеп шығарылатын өнімге ауыстыруын және тұтынылған негізгі қорларды өтеу үшін осы құнның келесі пайдалануын айтамыз.

Негізгі қорлардың ауыстырылған өнім құрамындағы құны өндіріс сферасынан кетіп айналу сферасына түседі.

Өнімді шығарғаннан кейін сәйкесінше негізгі қор құнына ауыстырылған ақша бөлігі амортизациялық қорға тұседі, онда толық мөлшерге дейін негізінде бастапқы құнына сәйкес жиналады (тозған негізгі қорларды шегергенде). Бұл амортизациялық қор (жиналған ақша сомасы) тозған негізгі қорлар орнына жаңа негізгі қорлардың заттық элементтерін сатып алуға пайдаланылады, яғни негізгі қорлардың қайта қалыптасуы жүреді.

Амортизацияның негізгі функциялары – қайта өндірісті қамтамасыз ету, негізгі қорлардың есебі және қайта қалыптасуы.

Одан басқа анықталған деңгейде негізгі қорларды толық пайдалануын қарастырып ынталандырушы функцияны да орындайды: құрал-жабдықтың функционирлеу мезгіл қанша ұзақ болса, сонша көп өнім шығарылады және сонша тез негізгі қорлардың құны ауыстырылады.

Шаруашылық практикада амортизацияны есептеу үшін амортизациялық аударымдар қолданылады, яғни аударылған құнның ақшалай көрінісі.

Амортизациялық аударымдар өнімнің, жұмыстың, қызмет көрсетулердің өзіндік құнын құрайтын негізгі бір элементтері болып табылады. Амортизациялық аударымдардың сомасын көтеру немесе төмендету өндірісте шығындардың, қосылған жылдық табыстың мөлшерінің бұзылуына, сәйкесінше салық салуда қайшылықтарға алып келеді.

Амортизацияның объективті негізі болып өндірістік процесте және бағаның қалыптасуында еңбек құралдарының қатысу ерекшеліктері табылады. Осыдан негізгі қорлардың жұмыс уақытының ұзақтығы олардың құны бір өндірістік циклда өнімге түгел емес бөлшектен ауыстырылады, олардың физикалық және моральдық тозу шамасына байланысты. Амортизация өнім құнының бір бөлігі есебінде бірнеше кезеңдерден өтеді: бітпеген өндіріс элементі ретінде, дайын және шығарылған өнім ретінде. Бітпеген өндіріс және дайын өнім кезеңдерінде оның қозғалысы айналым құралдарының аванс беруін қажет етеді.

Амортизациялық аударымдар шығып кеткен негізгі қорларды қайта өндіруге бағытталады. Сондықтан функционирленуінің барлық кезеңіндегі амортизациялық аударымдар оның бастапқы құнына тең болуы керек, олардың жоюдан түскен таза түсіімінен басқа

Өнімге ауыстырылған құн көлемі келесіндей анықталады; біріншіден негізгі қорлардың бастапқы құнымен, бастапқы құн қанша жоғары болса, сонша негізгі қорлар құнының ауыстырылатын бөлігі көп болады.

Екіншіден, бұл мөлшер негізгі қорлар түрімен анықталады, мысалға: өнеркәсіпте ғимараттардың нормативті қызмет ету уақыты 30-50 жыл (өндіріс спецификасына байланысты), ал машиндердің және құрал-жабдықтардың қызмет ету уақыты – 3-15, 15-20 жылға дейін.

Үшіншіден, өнімге ауыстырылатын негізгі қорлар құнының мөлшері өндіріс спецификасының саласымен де шартталған: бір салаларда өнеркәсіптік өнім өндірісіне шығын амортизация үлесі өнеркәсіптердегі орташадан жоғары, бірінде төмен болады.

Амортизациялық аударымдардың көлемі норма амортизациясы бойынша негізгі қорлардың бастапқы құнынан олардың жұмыс уақытының мөлшерін есептеумен анықталады.

Осыған байланысты амортизация нормасы мына формула бойынша анықталады:

На = Фп (б) – Фпп · tсл · 100% (1.14)

мұндағы На – жыл ішіндегі амортизация нормасы (%);

Фп (б) – негізгі қорлардың бастапқы құны;

Фп – жойылатын құн;

tсл – негізгі қорлардың жұмыс жасау мерзімі.

Амортизация нормасы негізгі қорлар құнының жылдық процентін өтеумен байланысты. Амортизация нормасы амортизациялық аударымының жылдық мөлшерінің негізгі қорлардың ортажылдық құнына қатынасымен анықталады.

Көпшілік салаларда өндірістің технологиялық ерекшеліктеріне, құрал-жабдықтар жұмысының ауыстырылуына және режиміне, жасалған жұмыстың жүктеме деңгейіне және физикалық көлеміне, сыртқы ортаның шарттарына, географиялық орналасуына (объектілердің) және т.б. факторларға байланысты амортизация нормасы көтерілуі немесе төмендетілуі мүмкін.

Амортизация нормалары экономикалық оқшауланған және негізгі қорларды уақытында төлеуге бағытталуы қажет. Оларды есептегенде негізгі қорлардың экономикалық лайықты жұмыс жасау уақытын келесі факторлардың есебімен дұрыс анықтау маңызды болып табылады: моральдық тозуы (бірінші және екінші түрі); техникалық қайта құралдануының перспективалық жоспары; құрал-жабдық балансы; модернизация мүмкіндіктері және капиталдық жөндеу. Амортизация деңгейі капитал салымдарының және жаңа техниканың тиімді вариантын таңдауда маңызды роль ойнайды.

Бухгалтерлік есептің 6 стандартына сәйкес амортизацияны есептеу үшін келесі әдістер қолданылады:

1. Бірқалыпты құнды тізімнен шығару;

2. Жасалған жұмыс көлеміне сәкес құнды тізімнен шығару (өндірістік әдіс);

3. Тездетілген тізімнен шығару: а) кішірейетін қалдық

б) сандардың сомасы бойынша құнды тізімнен шығару (комулятивтік әдіс).

бірқалыпты құнды тізімнен шығару әдісі – объектінің амортизацияланатын құнын ай сайын тең сомада тізімнен шығару. бұл әдіс негізгі қорлардың объектісін пайдаланудан түскен пайда оны пайдалану уақытының әр кезеңінде бірдей деп болжаған кезде қолданылады, яғни объектінің қалатын пайдалылығы бірқалыпты болады.

Өндірістік әдіс амортизациялық аударымдар тек қана объектіні пайдалану мерзімен анықталады, яғни амортизация сомасының және өндірістік қуаттылықтың арасында тікелей байланыс бар. Бұл кезде амортизацияны анықтау үшін жұмыс жасау мезгілі ескерілмейді. Өндірістік қауттылық өнім шығару бірлігімен, экпслуатация сағатымен, жүріс бірлігімен және т.б. берілуі мүмкін. Активтің қалдық құны жойылу құнына жеткенше өндіріс қуаттылығына тіке пропорционалды жыл сайын төмендей береді. Бұл әдіс эксплуатация уақыты техникалық көрсеткіштерге немесе субъекттің шаруашылық қызметінде өзгерулермен шектеулі болған кезде қолайлы.

Өндірістік әдісті таңдауда объектінің өндірістік қуаттылығын пайдаланудан байланысты амортизацияның ауытқу көлемі жылдан жылға амортизацияның өзгеретін тенденциялар туралы нақты анықтамалар бермейтінін және өзіндік құнды және қаржылық жағдайын анықтауда тікелей әсерін тигізетінін ескеру қажет.

Технологияны жетілдіру жағдайында құрал-жабдықтар моральды тез тозады. Сондықтан қаржылық шарттарды құру мақсатында өндіріске ғылыми техникалық жетістіктерді енгізуді тездету үшін және негізгі қорларды жаңартуда мүдделігін көтеру үшін субъектілер амортизацияның жеделтілген есептеу әдісін қолдануларына болады:

а) сандардың сомасы бойынша құнды тізімнен шығару әдісі (кумулятивті);

б) кішірейетін қалдық әдісі.

Сандардың сомасы бойынша құнда тізімнен шығару әдісі есептік коэффициентін анықтаудан тұрады, коэффициент бөлімі пайдалы жұмыс істеу жылдарының сомасына тең, ал алымы кері қатардағы қызмет мезгілінің қалған жыл мөлшерінен тұрады. Бұл коэффициент әр түрлі эксплуатация мезгілінде әр түрлі, бірақ амортизацияланатын құнның тұрақты мөлшеріне қолданылады. Бұл әдісті қолданғанда бірінші жылдары амортизациялық аударымдар сомасы келесі жылдарға қарағанда айтарлықтай жоғары болады.

Кішірейетін қалдық әдісі амортизацияны есептеу бастапқы құнмен емес баланстық құнмен жүргізуден тұрады. Тіке сызықты әдісте амортизация нормасы екі еселенеді. Бұл кезде амортизация сомасы жылдан-жылға төмендейді, алғашқы жылдары ол айтарлықтай көп болады. Амортизацияны есептеген кезде қалдық құнды жойылу құнына дейін төмендету үшін пайдаланатын амортизация сомасы мөлшерімен шектелетін соңғы жылды қоспағандағы жоспарланатын жойылу құны амортизацияны есептеген кезде ескерілмейді.

Бекітілген орнатылған тәртіптегі сәйкескен инвентарьлы объектінің амортизация нормасы өскен кезде кәсіпорынның жеделдетілген амортизациясын есептеу бірқалыпты әдіс базасында жүргізеді.

Соңғы жылдары дамыған елдерде машиндердің құнын тез тізімнен шығарудан жаңа әдісі – амортизацияның регрессивті және прогрессивті әдістер комбинациясы қолданылады.

Негізгі қорлардың инвентаризациясы.

Бухгалтерлік есептің және қаржылық есептеменің мәліметтерінің нақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, сәйкесінше СБУ 24 «Бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру» және оған методикалық кепілдемелерімен жылына бір рет шаруашылық субъект түлігінің және қаржы міндеттемелерінің инвентаризациясын жүргізеді.

Инвентаризация – бұл мүліктің және міндеттемелердің нақты барлығын бухгалтерлік есеп мәліметтерінен сәйкестігін тексеру.

Есептік жылдағы инвентаризация мөлшері, оларды жүргізу уақыты, мүлік тізімін шаруашылық субъектімен орнатылады, мына жағдайларда инвентаризацияны жүргізу міндетті болып саналады.

● жылдық бухгалтерлік есепті құрастырудан бұрын, есептік жылдың 1 ноябірінен кейін;

● кәсіпорын мүлігін арендаға, сатуға, сатып алуға берерде, сонымен қатар шаруашылық объектінің өзгерісінде;

● материалды жауапты адамдарды уаыстырғанда;

● ұрлық немесе қиянат, сонымен қатар құндылықтарды бүлдіру фактілері анықталғанда тез арада жүргізеді;

● жойылу балансын құрудан бұрын субъектінің жойылуы кезінде;

● экстремальды жағдайлардан болған өрт немесе апаттардан кейін тез арада жүргізеді;

● субъекттің есептік саясатпен анықталған мезгілінде негізгі қорларды қайта бағалау кезінде және басқа да Қазақстан Республикасы заңдарында қарастырылған кезде.

Инвентаризацияны жүргізу үшін инвентаризациондық комиссия шаруашылық субъектінің жұмысшылары ішінен құрылады, оған бухгалтерия өкілі міндетті түрде қатысуы қажет, оның құрамы басшымен бекітіледі.

Комиссия міндетті түрде объектілерді тексереді және «Негізгі қорлардың мүлікті түгендеу жазбаларына» оның толық атауын, арнауын, инвентарлық номірлерін және негізгі техникалық және эксплуатициондық көрсеткіштерін енгізеді. Эксплуатацияға жарамайтын және қайта жөндеуге жатпайтын негізгі қорлар инвентаризационды (мүлікті түгендеу) тізімге кірмейді.

Негізгі қорларды жалға беру түрлері.

Аренда – бұл аренда берушінің аренда алушыға келісім шарт негізінде анықталған бағаға мүлікті уақытша пайдалануға және иеленуге беруі. Келісім шарт әр жақтық қарым қатынастар жүйесін, нақты құқықтарын және келісім шартқа әр бір қатысушының міндеттемелерді орындалуының өзара жауапкершілігін анықтайды.

Аренда келісім шартының заты – аренда берушінің меншігі болып табылатын өндіріс қорлардан аренда алушыға қайтару мақсатымен уақытша паайдалануға беру.

Халықаралық тәжірибеде аренданың үш түрін ажыратады:

Ұзақ мерзімді аренда (лизинг) – бұл 3 жылдан жоғары мерзімге мүлікті арендаға беру. Ұзақ мерзімді лизинг жәй және қаржылық (қаржыланатын аренда) болып бөлінеді.

Жәй лизинг аренда берушіге мүлікті аренда келісім шартының уақыты біткенде қайтаруын қарастырады.

Қаржылық лизинг – бұл аренданы ұзақ мерзімді несиелуі формасы. Көбінесе арендаға берілген мүліктің аренда уақыты біткеннен кейінгі сатып алу құқықсыз мүлікті жалға беру. Аренда мерзімі бір жылға дейін.

Экономикалық жағдайларға байланысты аренда: ағымда және қаржыланатын аренда болып бөлінеді. СБУ 17 «Аренда есебі» сәйкес ағымды арендаға қаржы алатыннан басқасының барлығы жатады.

Қазақстан Республикасының «Бюджетке салықтар және басқа да төлемдер туралы» заңды күші бар жарлығына сәйкес аренда және жерді пайдалану және иемдену құнын сату немесе ғимараттарды сату және арендаға беру қосылған құнға салынатын салықтан босатылады.

Пайдалану құнымен байланысты тәуекел және сыйақылар егерде айтарлықтай мөлшерде арендаторға берілетін болса, және келесі шарттардың біреуі болса да орындалса аренда қаржылық болып табылады:

● аренда алушыға жалға берілетін мүлікті аренда уақыттық басында анықталатын қойылған баға бойынша сатып алу құқына иелі.

● аренда уақыты жалға берілетін мүліктің жаратымды пайдаланудың 80% мезгілінен асады.

● аренда мезгілінің ішінде арендалық төлемдердің дисконталған құны ағымды құнынң 90% асады.

Аренда алушының арендаға алатын мүлігі актив есебінде бухгалтерлік есепте есептеледі.

Арендалық төлемдер төмендегілерден тұрады:

1. Қаржыландыру үшін төлемдер (проценттерге төлеу шығындары).

2. Арендалық міндеттемелердің баланстық құнды қысқартатын төлемдер (негізгі міндеттемелерді төлеу).

Аренда берушінің жалға берілетін мүлігі бухгалтерлік есепте аренданың таза капитал салымдарына тең дебиторлық қарызды болып есептеледі. Табыс бөлігінде арендалық төлемдер әрбір есептік аренда берушімен арендаға капитал салымдары ретіндегі табыс болып есептелінеді.

4.Негізгі қорлардың қолданудың тиімділігі мен көрсеткіштер мен оларды көтерудің жолдары.

Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары экономикалық потенциалдық материалдық базасын, олардың өндірістік аппаратын құрайды. негізгі қорлардың құрамын сапалы жетілдіру, оларды пайдаланудың тиімділігін жақсарту еңбек өнімділігін көтерудің, өнімнің өзіндік құнын төмендетудің негізгі факторлары болып табылады.

Кәсіпорынның техникалық потенциалын тиімді пайдалануды көтерудің негізгі жолдары – бұл өндіріс процесстерінің механизациясы және автоматизациясы, құрал-жабдықтардың тұрып қалуын резервтік қуаттылықтың жүктеуін реттеу жолымен төмендету, негізгі номенклатураға кірмейтін өнім дайындау, құрал-жабдықтардың ауыстыру коэффициентін көтеру техниканы автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықтандыру, ғылыми техникалық прогресс шараларын жүргізу және т.с.с.

Негізгі өндірістік қорлардың құрылымына әсер ететін негізгі факторлар болып төмендегілер табылады:

● шығарылатын өнім сипаты;

● шығарылатын өнім көлемі;

● механизация және автоматизация деңгейі;

● мамандандыру және коопеприрование деңгейі;

● кәсіпорындардың климаттық және географиялық орналасу жағдайлары.

Бірінші фактор ғимараттардың көлеміне және құнына, тасымал құралдарының және жеткізетін құрылғылар үлесіне әсер етеді. қанша шығарылатын өнім көлемі (екінші фактор) көп болса, сонша құрал-жабдықтардың және арнаулы прогрессивті жұмыс машиндерінің үлес салмағы артады. қорлардың құрылымына үшінші және төртінші факторлардың әсер етуі дәл осындай сипатта. климаттық жағдайлардан ғимараттармен құрылыстар үлесу байланысты.

Негізгі қорлардың өндірістік құрылымына концеетрацияның, маманданудың, коопирирлеу және өндірісті біріктірудің дамуы әсер етеді, оған тағы да капиталдық құрылыс әсер етеді. құрылыстың құнын төмендету арқылы, мысалға өндірістік ғимараттардың, негізгі қорлардың массивті элементі үлесінің жалпы құнын төмендетуге болады және осының арқасында жаңа кәсіпорынның негізгі қорларына салынған шығындардың тиімділігін көтеруге болады.

Негізгі өндірістік қорлардың құрылымын жақсартуға төмендегілер мүмкіндік береді:

- құрал-жабдықтарды жаңарту және модернизациялау;

- станок және машиналардың прогрессивті түрлерінің үлесін көтеру нәтижесінде құрал-жабдықтардың құрылымын жетілдіру, әсіресе мәрелік операцияларды орындайтын станоктар, автоматты және жартылай орындайтын станоктар, универсалды агрегаттық станоктар, автоматтық машиналарды, сандық программамен басқарылатын станоктар;

- ғимараттарды және үйлерді жақсы қолдану, бос алаңдарда қосымша құрал-жабдықтар орналастыру;

- құрылыс жобаларын дұрыс жасау және кәсіпорынның құрылыс жоспарларын жоғары сапалы орындау;

- аз пайдалынатын және артық құрал-жабдықтарды және оның бөлек топтарының арасында дұрыс пропорцияларды қамтамасыз ететін құрал-жабдықтарды орнату.

Құрылыс көлемі артқан сайын кәсіпорын алдында терең бір проблема болып каапитал салымдарының тиімділігін көтеру табылады, яғни капитал салымдарының бірлігіне келетін материалдық өндіріс саласында қайтарымды көтеру немесе жоғары әлеуметтік эффектіге жету. капитал салымдарының тиімділігі - өте ауыр көрсеткіш, оның жақсаруы келесі факторлардың комплексінен байланысты болады:

1. инвестициондық цилды қысқарту, яғни қандай да бір құрылыс объектісін қаржыландырудың басы және оны пайдалануға енгізу аралығы. бұл кезеңді қысқарту 2 мәселені шешуге мүмкіндік береді:

а) құрылыс объектісіне жұмсалатын халық шаруашылығынан алаңдайтын құралдар, демек олар өнімдерді пайдалану өндірісінде және халықаралық пайдаға қатыспайтын уақытын қысқарту;

б) негізгі қорлардың физикалық және моральдық тозуының арасындағы айырылысты қысқарту;

Бұл мәселелер құрылыстың негізгі объектілеріне капитал салымдарын біріктіру, құрылыс ұзақтығын және қуаттарды меңгеру мезгілін қысқарту есебінен шешілуі мүмкін.

Негізгі құрылыс объектілерінде капитал салымдарын біріктіруді көтеру олардың эксплуатацияға тез енгізуіне және аяқталуына жәрдем береді.

Құрылыс ұзақтығын және кәсіпорындарды реконструкциялау қысқарту – қазіргі замандық құрылыс өндірісінде бірден-бір актуальды мәселе болып табылады. біздің елімізде құрылыс ұзақтығының қолданылатын нормалары өте жиі сақталынады, нормативтен 1,5 – 2 есе артатын нақты мезгілі белгіленген құрылыс объектілері кездеседі.

Бұл мәселені шешуде маңызды болып құрылыстың ары қарай индустрияландырылуы табылады, ол құрылыстық өндіріске машиндерді кең көлемде енгізу және құрылыстың өнеркәсіптік базаларын дамыту есебінен болуы керек.

Құрылыстық өнеркәсіптік базаларының технологиясын және ұйымдастыруын жетілдіру төмендегілерді қамтамасыз ету қажет:

● заводтық дайындау, өнімді тасымалдау және объектілерді тұрғызу сатыларында толық еңбек сыйымдылығын төмендету;

● құрылыстың материал сыйымдылығын және отын-энергетикалық ресурстардың шығындарын төмендету;

● эксплуатацияға енгізілетін объектілердің сапасын көтеру;

● эксплуатациялық объектілердің қажетті сапамен қамтамасыз еткенде құрылыстың құнын төмендету.

Құрылыс ұзақтығын қысқарту үшін құрылыс объектілерінің техникалық дайындалған және жабдықтауды жақсарту үлкен маңызға ие. құрылыс бөгелістерінің көпшілігі территорияның құрылысты салуға уақытына дайын болмауы (барлық бөгелістердің 10% мөлшерінде), техникалық құжаттамаларының уақытына дайын болмауы (7% мөлшерінде), құрылыста техникалық және технологиялық үзілістер және т.с.с. объектілерді енгізу мезгіліне құрылысты материалдармен, бұйымдармен және конструкциялармен өзіндік өнеркәсіптік кәсіпорындардың қуаттылығын меңгеру уақытын қысқарту инвестициялық циклдың қысқаруына әсер етеді.

2. Транспортта және құрылыста өнеркәсіптік базаларының еңбек өнімділігін көтеру. құрылыс өндірісінің барлық звеноларына және соның ішінде кәсіпорындардың өнеркәсіптік базаларына еңбек өнімділігін көтеру резервтері жұмыс уақытының жоғалуын қысқарту, техниканы жақсы пайдалану және ең алдымен ауыр қол еңбегімен байланысты болады.

Еңбек өнімділігі тиімді өсуі үшін құрылыс детальдарының және конструкциялардың заводтық дайындылығын көтеру табылады. бұл еңбек операцияларын құрылыс алаңдарынан заводқа аудару операциясы техникалық прогресстің принципті бағыттарының бірі.

3. Құрылыстың сапасын көтеру. құрылыс өндірісінде біткен объектілердің ақырғы өнімнің сапасы тек қана олардың ұзақ уақыт пайдалануында ғана әшкереленеді. өз кезегінде бұл ақырғы өнім сапасы объектілерді тұрғызуға қолданған барлық материалдардың, бұйымдардың және конструкциялардың сапасы қиыстырылады. осылайша құрылысқа қызмет көрсететін әрбір өнеркәсіптік кәсіпорында құрылыспен дайындалған объектінің сапасы сол немесе өзге өлшемде қалыптасады. бұл жағдай өндірістік кәсіпорындарда жобалауда, олардың қызметін жетілдіруде және өндірілетін өнімнің сапасының бағасын анықтайтын болуы қажет.

4. Құрылыстың басқару жүйесін жетілдіру, соның ішінде құрылыс материалдары, бұйымдар және конструкциялар өнеркәсіптерінің кәсіпорындары, олардың ведомствалық бағыныштылығына байланыссыз. техникалық прогресс жүрісінде өндіріс звеноларының саны көбейеді, құрылысқа қатысатын ұйымдар арасындағы байланыстар қиындайды және біржола оперативті шешім қабылдау және тарату талаптары көбейеді. басқару жүйесін бірқалыпты жетілдіру, өндірісті жоспарлаудың барлық стадияларында оптимизационды есептерін пайдалану, басқарушылық еңбектің механизациясы және автоматизациясы - өнеркәсіптік құрылыс базалы кәсіпорындардағы техникалық прогресстің сипатты элементтері болып табылады.

5. Құрылыс құнын төмендету – көптеген фактор санына байланысты нәтижелі көрсеткіш. еңбек процестерінің көп мөлшерін құрылыстан заводқа ауыстырғанда құрылыс құнымен берілген заводтық өндірістің рөлі артады. бірақ онымен завод өнімінің өзіндік құнының төмендеуіне алып келмейді. кейінгі шығындарға талдау жасап және заводының өзіндік құнын төмендеткен өнімді немесе оның өндіріс технологиясын өзгерткен кезде келесі этаптарда артық шығындарға алып келмейтінін көрсету қажет. белгіленген шаралардың тиімділігі құрылыс өндірісі деңгейінде тек қана нәтижелік шығындармен бағалануы мүмкін.

Құрылыс жұмыстарын механикаландыру әр түрлі жұмыстарға арналған кең көлемде машин паркін қолдануды қажет етеді. осыған байланысты құрылыс техникасын жетілдіру және оның даму тенденциясы салалық қимада үлкен бір мәселе болып табылады. бұл үшін ары қарай құрылыс техникасының негізгі түрлерін жетілдірудің мағынасын және артықшылығын жеке қарастырайық.

Бірковшты экскаваторлар – циклдік әрекетпен жұмыс жасайтын жер қазатын машиналар, арнайы және универсалды болып келеді.

Экскаваторлардың экономикалық артықшылығы конструктивті және технологиялық артықшылықтарынан шығады. осылайша ауыстырылатын жұмыс құралдарының номенклатурасын кеңейту және оның спецификалық кинематикасы, сонымен қатар жұмыс қозғалыстарын біріктіретін жылдамдықты тәуелсіз реттеу бұрын қолмен жасалып жүрген жұмыстарды механикаландыруға жағдай жасайды. бұл мүмкіндік тек қана бағасын түсіріп және мұндай жұмыстардың өндірісін тездетіп қана қоймай, сонымен қатар көптеген жұмысшыларды жұмыстан босатады. бұдан басқа эксплуатацияланатын эксковаторлар паркі үшін запас бөлшектерінің номенклатурасы едәуір төмендейді және машина жөндеудің агрегаттық әдісін қолдануға мүмкіндік туады, демек олардың жөндеуде тұрып қалулары төмендейді және пайдаланудың пайдалы уақыты көбейеді.

Басқаруды автоматтандыру нәтижесінде еңбек жағдайларын жақсарту экскаваторлардың өнімділігін көтеруге мүмкіндік береді, ал олардың приводтарын автоматтандыру энергетикалық ресурстардың үнемдеуіне алып келеді бұның салдарынан машиндердің барлық кпд көтеріледі.

Машиндерге техникалық қызмет көрсетуге арналған уақытты қысқарту оның смена ішінде пайдалану коэффициентін көтеруге және кеңінен тараған экскаваторларға қызмет көрсететін персоналдың санын қысқартуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта техникалық деңгейін ары қарай көтеру гидравликалық экскаваторлардың конструкциясын принциптары болып мыналар табылады: өнімділікті 1,5 – 2 есе көтеру; маатериал сыйымдылығын минимум 20% үлеске және энергия сыйымдылығын 10% үлеске түсіру; мықтылығы жоғары болаттарды енгізу; техникалық қызмет көрсетудің сенімді және еңбек сыйымдылығы көрсеткіштерінің кенет жақсаруы; басқару жүйелерін жетілдіру және машинистің жұмысына жағдай жасау; микропроцессорлық техниканы құру және енгізу, соның ішінде ақпараттарды бейнелейтін құрылғылар және т.б.

Шетел тәжірибесінде машиндерді жетілдірудің аталған бағыттарды пайдалану үшін тенденциялар байқалды. экскаваторлардың кең номенклатурасын құру, мини экскаваторларды қоса сипатты болып табылады.

Үздіксіз қимылдағы экскаваторларды ары қарай дамытудың негізгі бағыттары болып оның эксплуатациалық сипаттарын (өнімділігі және сенімділігі) көтеру; универсалдығын және қолдану облыстарын кеңейту.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 1927 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.054 с)...