Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Рылыстың сметалық құны мен құрылыс монтаждық жұмыстардың құрылымы



Сметалық кұн мердігерлік жұмыстарға шарттар жасау, күрделі қаржыны жоспарлау, құрылыстықаржыландыру, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау үшін есептер жасауға жабдық алу және оны құрылысқа жеткізу, сондай-ақ құнның жиынтық сметалық есебінде қарастырылған қаражат есебінен басқа шығындардың орнын толтыру үшін негіз болып табылады. Сметалық құжаттаманың негізінде, сондай-ақ есеп жүргізу мен есептелік шаруашылық есеп және құрылыс-монтаж ұйымдары мен құрылыс салушылардың қызметін негізінде белгіленген тәртіппен салынған кәсіпорындардың, үйлер мен ғимараттардың іске қосылған негізгі қорларының баланстық құны айқындалады. Сметалық құн шаруашылық есепке көшірілген бригадаларға тапсырылған жұмыстарды орындауға арналған жоспарлы шығындарды айқындауға негіз болады.

Кәсіпорынның, ғимараттың құрамына кіретін жекелеген объектілердің құрылысына арналған және белгіленген тәртіппен мердігерлік құрылыс ұйымдарымен келісілген және тапсырыс беруші бекіткен жұмыстардың жекелеген түрлерін орындауға арналған сметалар құрылыс өнімінің сметалық құнын айқындау үшін негіз болып табылады.

Құрылыс жұмыстары – жалпы құрылыстық санитарлық-техникалық және арнаулы құрылыс жұмыстары болып үш топқа бөлінеді.

Жалпы құрылыстық жұмыстарға: жер, бұрғылау-жару, дәнеккерлеу, топырақты жасанды бекітуді, тас, бетон, темірбетон және ағаш құрастырмалардың, едеңдер мен жабындардың құрылғылары, әрлеу жұмыстары және басқалар жатады.

Санитарлық-техникалық жұмыстар – бұл сумен жабдықтау, канализация, газбен жабдықтау, жылу, желдету, труба құбырларының ішкі құрылысы мен сыртқы көрсеткіштері және басқалары.

Арнаулы құрылыс жұмыстарына: үйлерді немесе олардың негізгі құрастырмаларын салуға тікелей байланыссыз жабдықтарды орнатуға және кейін өндірістің технологиялық процесін қамтамасыз етуге – жабдықтарға іргетастар, технологиялық арналар, тоннельдер, алаңдар, камералар мен соған ұқсас құрылғылар жасауға бағытталған жұмыстар жатады.

Жабдықтарды монтаждау жөніндегі жұмыстардың құрамына: жабдықты жинау және орнату, технологиялық құбырлардың құрылғысы, энергиямен жабдықтау және осы секілділерді орнатылған жабдық пен труба құбырларын оқшаулау, жабдықпен құрастырмалық байланысты қызмет көрсететін алаңдар мен баспалдақтарды жинау және орнату кіреді.

Жабдықтар, құрылғылар, инструмент пен өндірістік мүкәммалдар алуға арналған шығындардың құрамына өндірістік, сондай-ақ өндірістік емес кәсіпорындар мен ғимараттардың құрылысының жобаларында көзделген жабдықтарға технологиялық көтергіш-көліктік, жылукүшіндік, энергетикалық байланыс, бақылау-өлшегіш, монтаждалатын сонымен бірге монтаждалмайтын басқа жабдықты ақы төлеу және оларды құрылыс алаңына жеткізу, лабораторияларды, тәжірибелік қондырғыларды, шеберханаларды, медецина кабинеттерін, сондай-ақ жабдықты пайдаланудың кепілді мерзімі кезеңінде қажетті босалқы бөліктерді жабдықтауға арналған шығындар кіреді.

Құрылғылар, аспап алуға арналған шығындарға өнім өндіру үшін қажетті өндірістік мүкәммалдар сатып алуға және оларды құрылыс алаңына жеткізуге кеткен шығындар жатады.

Өзге күрделі шығындар алуан түрлі, олар салып жатқан кәсіпорының немесе ғимараттың мақсатына және елеулі дәрежеде – ұрылысты жүзеге асырудың нақты жағдайларына байланысты. Оларға іздестіру, жобалау, ғылыми-зерттеу жұмыстарына; жер учасккелерін бөлу және оларды көшіруге; кеңшарларға және басқа да кооперативтік ұйымдарға, сондай-ақ қолхозшылар мен басқа да жеке адамдарға құрылысқа бөлінген учаскенің аумағындағы олардың иесіздендірілген құрылғыларын өтеуге, учаске бөлуге байланысты оларға келген залалды өтеуге, құрылыс салуға алынған жаңа игеруге, топырақтың құнарлы қабатын алуға және сақтауға, оны қайта қалпына келтірілген жерлерге салуға; салынып жатқан кәсіпорын немесе ғимарат үшін объектіні пайдалануға қосуға қажетті көлемде шаруашылық мүкәммалын сатып алуға арналған шығындар жатады. Бұған салынып жатқан мектептер, балалар бақшалары, ауруханалар және т. б. үшін мүкәммалдар сатып алуға; пайдалану кадрларын, бұқаралық емес мамандарды даярлауға, жұмысшылардың еңбегіне кесімді ақы қолдануға, құрылыстың халық шаруашылығы салаларының немесе құрылыстардың жекелеген аудандары үшін үкімет белгілеген құрылыстың қызметкерлеріне жеңілдіктер мени артықшылықтар берілуіне жәрдемақыға, сондай-ақ құрылыс жұмыстарының бірыңғай бағалауына және жабдықты монтаждау бағаламасына кірмеген аталмыш құрылыстың шарттарына болатын басқада шығындар жатады.

Құрылыс монтаж жұмыстарының сметалық құны өзінің экономикалық мазмұн-мәні бойынша жоғарыда атап өтілгендей, тікелей шығындарға, үстеме шығыстарға және қосарлы қорлануға бөлінеді. Тікелей шығындардың құрамына: жұмысшылардың негізгі еңбекақысы, материалдар құнымен машиналардың пайдалану жөніндегі шығындар кіреді. «Жұмысшылардың негізгі еңбекақысы» бабына құрылыс жұмыстарын орындайтын жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеу және жабдықты монтаждау жұмыстарының шығындары жатады. Құрылыстағы жұмысшылардың басқа санаттарының – жұмысшы-механизаторлардың, қоймаларда істейтіндердің, титулдық емес құрылғыларында тұрғын үй коммуналдық шаруашылықтағылардың еңбек ақысы осы баптағы тікелей шығындарға жатпайды.

«Құрылыс шығындарын пайдалануға беру жөніндегі шығындар» бабына құрылыс жұмыстарының өндірісіне және жабдықтарды монтаждау бойынша жұмыстарға арналған сметалық нормаларда осы мақсатқа көзделген шығындар жатады.

Үстеме шығындар – құрылыс-монтаж ұйымдарының құрылыс өндірісінің жалпы жағдайларын жасауға, оны ұйымдастыруға, басқаруға және қызмет көрсетуге байланысты шығындарын өтеуге арналған қаражатының срмасы қосымша шыгыстардың сметалық сомасы құрылыс жұмыстары жөніндегі сметалық тікелей шығындардың сомасынан белгіленген нормалар бойынша локальды сметалармен айқындалады. Үстеме құжаттардың нормалардың құрылыс, арнаулы және монтаж жұмыстарына бөлінеді. Үстеме шығындарға әкімшілік-шаруашылық шығындары (басқару аппараты қызметкерлерінің еңбекақысы, почта-телеграф шығындары, қызметтік жүріп-тұруларға байланысты шығындар, жоғарыда тұрған ұйымдарды ұстауға арналған аударымдар, коммуналдық қызметтер және т.б.), жұмыстарды ұйымдастыруға арналған шығындар, (ағымдағы жөндеу жұмыстарының, құндылығы аз және тез тозатын аспаптардың тозу, ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстардың, геодезиялық және жобалық жұмыстардың, өндірістік лабораторияларды ұстауға арналған және т.б. шығындар), басқа да шығындар (бір жолғы көмек көрсету, телестудия, радиогазета ұстауға және т. б. арналған шығындар)кіреді.

Жоспарлы қор жинаулар – бұл локальды сметамен айқындалатын нормативтік пайда. Ол сметалық тікелей шығындар мен қосымша шығындардың жалпы сомасынан айқындалады.

Жоспарлы қор жинау нормасы қор жинау және тұтыну қорларына аударымдар, өз айналым қаражатын өсіру, банк кредитін өсіру үшін проценттер төлеу, кадрлар даярлау және біліктілігін көтеруге арналған шығындарды және т.б. осы секілді құрылыс ұйымдарының шығындарын жабуға арналған.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 1598 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...