Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мерзімді есептеу



Шағымның наразылықтан негізгі айырмашылығы. шағымның авторы сотталушы, ақталушы, олардың қорғаушылары мен заңды өкілдері, жәбірленуші және оның өкілі, азаматтық талапкер, азаматтык жауапкер немесе олардың өкілдері болса, ал наразылықтың авторы тек мемлекеттің арнайы лауазымды тұлғасы - прокурор болады. Шағымаданушылар көбінесе жеке мүдделерін қорғаса, прокурор өзінің ерекше құқықтық мәртебесіне байланысты қоғамның мүдделерін қорғауды қамтамсыз етеді. Сонымен қатар, Қазакстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы" күші бар Жарлығының мазмұнын талдауда, прокурордың наразылық білдіруге фактілік негізі заңның бұзылуы болса, шағымның пәні ҚІЖК-де нақты түрде шектелмеген. Яғни, шағымданушы тек қана заңға қайшы әрекеттерді ғана емес, оның ойынша құқыққа қайшы әрекеттерді мысалы, олардың моральға немесе этикаға жат әректтерді де даулай алады. ҚІЖК-нің 398-бабына сәйкес, шағымдар, наразылықтар үкім қабылдаған сот аркылы беріледі. Аппеляциялық сатыларға тікелей келіп тускен шағымдар, нарзылықтар сотталушыны немесе ақталушыны, қоғаушыны. айыптаушыны, жәбірленушіні және оның өкілін, сондай-ак егер шағым, наразылық олардың мүдделерін қозғайтын болса, шағымды немесе наразылықты хабарлау үшін үкім қабылдаған сотқа жіберілуге жатады. Шағымның, наразылықтың көшірмесі бұл тұлғаларға жазбаша түрде және келсіпеушіліктерін білдіру мүмкіндігі, оның мерзімі түсіндіріліп жіберіледі.

Шағым бірнеше нұсқада сот кеңсесі арқылы беріледі. Бір нұсқасы сот кеңсесінде қалады және кейін судьяға жіберіледі. Екіншісінде штамп қойылып, құжаттың кіріс номері және мерзімі қойылады. Бүл нұсқа шағымданушыда қалады және тіркеуде шағым беру фактісін куәландырады. Үшінші нұсқасы немесе көшірмесі осы актімен мүддесі қозғалатын тұлғаға жіберіледі. Прокурордың наразылығы секратариатта (кенседе) тіркеледі және сотқа курьер немесе пошта арқылы жіберіледі. Заң аппеляциялық шағымның басқа әліспен жіберілуіне тыйым салмайды. Шағымдарды заказда хатпен немесе экспресс-поштамен де жіберуге болады.

ҚР ҚІЖК-нің 399-бабына сәйкес, бірінші сатыдағы соттың үкіміне шағымдар, наразылық білдірулер аппеляциялық тәртіпте үкім жарияланған күннен бастап он тәулік ішінде, ал қамауда ұсталған сотталушыларға оған үкім көшірмесі табыс етілген күннен бастап нақ сол мерзімде жасалуы мүмкін. Заңды күшіне енбеген сот үкімдеріне шағымданудың бірегей мерзімін орнатудың мақсаты: бірінші инстанциялы сотпен қаралған қылмыстық іс материалдарын жылдам рәсімдеу; процеске қатысушыларға қылмыстық істің материалдарымен танысуға және сот шешіміне шағымдану құкығын беру; шағымдарды. наразылыктарды аппеляциялық инстанциямен үкімнің занды күшіне енуін немесе күшін жою, өзгерту максатында жылдам қарау болып табылады.

Үкімге шағым жасау белгіленген мерзім ішінде іс соттан талап етіле алмайды. Мерзім өткеннен кейін берілген шағым, қарсылы қараусыз қалдырылады. Аппеляциялық шағым немесе наразылық беру мерзімін (есептеу ҚР ҚІЖК-нің 54-бабында бекітілген жалпы ережелерге сәйкес жүргізіледі. ҚР ҚІЖК-нің 399-бабы бекіткен он туәлік үкім шығарғаннан кейінгі күннен бастап немесе қамауда ұсталған сотталушыға үкімді бергеннен күннен бастап есептеледі.

ҚР ҚІЖК-нін 403-бабында бірінші сатыдағы соттың қаулысына шағымдану, наразылық білдіру тәртібі көрсетілген. Оған сәйкес, сот қаулысына шағым, наразылық білдіруге тараптар құқылы.

Дәлелдерді тексеру тәртібіне, процеске қатысушылардың өтініштеріне, сондай-ақ сот мәжілісі залында тәртіп сақтауға, ҚР Конституциялық Кеңесіне адамның құқықтары мен бостандыктарының мәселесін қозғайтын нормативтік актінің конституциялылығын анықтауға қатысты өтініші, ақшалай айып салу туралы қаулыны коспағанда, сот талқылауы барысында шығарылған қаулылар шағымдануға, наразылық білдіруге жатпайды.

Жоғарыда аталған шешімдерге қарсылық білдіру үкімге аппеляцнялық тәртіпте шағымдану немесе наразылық білдіру кезінде жасалуы мүмкін.

Бірінші сатыдағы соттың қаулысына жеке шағым, наразылық жоғары тұрған сотқа шағымданатын шешім шығарылған күннен бастап он тәулік ішінде беріледі және аппеляциялық іс жүргізу ережелері бойынша қаралады.

Үкім шығарумен аяқталған сот талқылауы кезінде шығарылған қаулыға шағым берілген, наразылық білдірілген жағдайда, іс жоғары тұрған сот сатысына үкімге шағымдану үшін белгіленген мерзім өткен соң ғана жіберіледі. Бұл ретте, егер үкімге аппеляциялық шағым берілген, наразылық білдірілген болса, жеке шағымды, наразылықты тексеру істі аппеляциялық тәртіпте қарайтын сол сот сатысы жүргізеді. Сот қаулысына шағымдануға сондай-ақ егер қаулы олардың мүдделеріне қатысты болса, бұл істе тараптар болып табылмайтын адамдар да құқылы.

Бірінші инстанциялы соттың шағымды мерзімінің бұзылуымен қабылдаған жағдайда, аппеляциялық инстанция шағымды өткен мерзімнің (қалпына келтірілу мүмкіндігін шешу мақсатында бірінші инстанциялы сотқа жібереді. ҚР ҚІЖК-нің 400-бабына сәйкес, шағым беруге, наразылык білдіруге арналған мерзім дәлелді себептермен өтіп кеткен жағдайда шағым беруге, наразылық білдіруге құкығы бар адамдар үкімді қабылдаған сотқа өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш жасай алады. Өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш қарапайым нысанда толтырылады, онда шағымданушы туралы мәліметтер, істің қысқаша фабуласы, өтініш білдірушінің шағымдану немесе наразылық білдіру мерзімін өткізіп алуының дәлелді себептермен өткізіп алуының жағдайлары және оны дәлелдейтін қүжаттар келтірілуі тиіс. шағымдану мерзімін өткізіп алудың (дәлелді себептеріне ауруға шалдығу, жақын туысының өлімі, үкімнің көшірмесін уакытылы алмауы, қызметтік іс сапар, табиғи апаттар және соттың ойынша шағымдануға мүмкіндік бермеген баска да объективті себептердің болуы.

Мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішті істі сот талқылауы кезінде төрағалық етуші судья, ал ол ұзақ уақыт бойы болмаған кезде осы соттың басқа судьясы сот мәжілісінде қарайды, ол өтінішті қозғаған адамды түсінік беру үшІн шақыртуға құқылы. Өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіруден бас тарту туралы судьяның қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым берілуі, наразылық білдірілуі мүмкін.

Заңның бұл ережесі менің ойымша мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішті әділ түрде шешуге тиісті жағдайлар туғызбайды. Яғни, үкім шығарған судья өзінің қол қойған үкімінің жоғарғы сотта қаралуына мүдделі болмайды. Біріншіден, егер шағымданушының әрекеттері нәтиже беріп жатса, бұл оның қызметінде, оның жүмысының нәтижесіне әсер етуі мүмкін. Екіншіден, адамдық факторға келетін болсақ, адамдар өздерінің пікірлерін даулағанды ұнатпайды. Сондықтан, мерзімді ұзарту туралы өтінішті осы істі қарауға қатыспаған судьяның уәкілеттігіне берген дүрыс болады деп ойлаймын. Сонымен қатар, заң өкінішке орай мерзімді ұзарту туралы өтінішті қараудың мерзімін бекітпейді.

ҚР ҚІЖК-нің 402-бабында шағым берудің және наразылық білдірудің салдары көрсетілген:

1. Уақытылы берілген шағым немесе нарзылық үкімнің орындалуын тоқтата тұрады. Мерзімі кешіктіріліп, бірақ мерзімнің сотпен қалпына келтіріліп берілген шағым мен наразылық та үкімнІң орындалуын тоқтата тұрады. Үкімнің орындалуы тоқтатылған қылмыстық істер бойынша бас бостандығынан айыруға сотталған сотталушыны және камауда отырған тұлғаны жазасын өтеуге жіберуге, басқа да негізгі және қосымша жазаларды атқаруға жіберуге, сондай-ақ үкімнің азаматтық талап бөлігін және сот шығындарын өтеттіруге болмайды. Үкімнің орындалуының тоқтатылуы шағым берілмеген сотталушыларға да қатысты, барлық сотталушыларға қатысты жүргізіледі.

2. Бірінші сатыдағы сот үкімге (қаулыға) шағымдану, наразылық келтіру үшін белгіленген мерзім біткеннен кейін кешіктірмей, мүдделі тұлғаларға шағым беру және наразылық білдіру туралы хабардар етеді, содан кейін істі келіп түскен шағымдармен, наразылықпен және оларға қарсылықтармен қоса аппеляциялық сатыға жібереді және процеске қатысушыларға істің аппеляциялық сатыда каралатын уакыты мен орнын хабарлайды.

3. Үкімге шағымданған, наразылық білдірген адам өзінің шағымын, наразылығын аппеляциялық сатыларда сот отырысы басталғанға дейін
қайтарып алуға кұқылы. Прокурордың наразылығын жоғары тұрған
прокурор да кері қайтарып алуы мүмкін.

4.Үкімге шағымданған, наразылық білдірген адам сот отырысы басталғанға дейін өзінің шағымын, наразылығын өзгертуге не жаңа дәлелдемелермен толықтыруға құкылы. Бұл ретте прокурордың қосымша наразылығында немесе оның наразылықты туралы мәлімдемесінде, сол сияқты жәбірленушінің, жеке айыптаушының немесе олардың өкілдерінің үкімге шағымдану және наразылық білдіру мерзімі өткеннен соң берілген қосымша шағымында, егер мұндай талап бастапкы наразылықта немесе шағымда болмаса, сотталушының жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылмауға тиіс.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе мынаны анықтауға болады. Заң шығарушы бірінші инстанциялы соттың үкімімен мүдделері қозғалған барлық субъектілерге ол шешімді еркін шағымдану құқығын береді. Бұл құқықты жүзеге асыру барлығына, қорғау және айыптау тарабына да теңдей берілген. Сот өндірісінің барлық субъектілерінің өзінің позициясын негіздеуге қосымша фактілік мәліметтерді, кұжаттарды және материалдарды беру мүмкіндігі бар. Шағым беру немесе наразылық келтіру қарсы тарапқа құқықтық шектеулер туындатпайды және қылмыстық іс жүргізудің қағидаларына, тұлғаның құқықтарына және бостандықтарына қайшы келмейді.





Дата публикования: 2015-06-12; Прочитано: 2000 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...