Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сот қарауы кезіндегі шығындар



Сот шығындары мемлекеттік баждардан және іс өндірісіне байланысты шығындардан құралады. Мемлекеттік баждың сомасы Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі, яғни Салық кодексі негізінде белгіленеді. Ал, істің өндірісіне байланысты шығындар – бұл істі қарау және шешу, сондай-ақ, ол бойынша қабылданған шешімнің орындалуы кезінде мүдделі тұлғалар (талапкерлер) көтерген нақты шығындар.

Істің өндірісіне байланысты шығындар:

1) куәгерлерге, сарапшыларға және мамандарға төленетін сомалар;

2) орынның тексерілуін жүзеге асыру шығындары;

3) заттай дәлелдемелерді сақтаумен байланысты шығындар;

4) жауапты тұлғаны іздестіру бойынша шығындар;

5) іс бойынша жариялау және хабарлама шығындары;

6) тараптарды сотқа шақыру және хабарлама беру шығындары;

7) тараптардың және үшінші тұлғалардың жүру жолына қатысты және сотқа келу үшін бөлмелерді жалдау шығындары;

8) өкілдердің көмектерін төлеу шығындары;

9) сот шешімдерінің, үкімдерінің, анықтамалардың және қаулылардың орындалуымен байланысты шығындар;

10) сотпен қажетті деп танылған басқа да шығындар.

Шешім қабылданған тарапқа сот, оның осы шығындарды төлеуден босатылғанына қарамастан келесі тараптың көтерген барлық шығындарын жүктейді. Талапкер талап-арыздан бас тартқан жағдайда онымен жұмсалған шығындарды жауапкер қайтармайды. Егер талапкер өзінің талаптарынан бас тартса және осы талаптарды жауапкер өз еркімен қанағаттандырса, сот талапкердің сұрауы бойынша жауапкерден талапкер көтерген сот шығындарын және өкілдің көмегін төлеу шығындарын өндіріп алуға құқылы.

Егер талап-арыз ішінара қанағаттандырылса, сот талапкермен көтерген шығындарды сотпен қанағаттандырылған сот талаптарының мөлшеріне теңдей жүктейді, ал жауапкерге – талапкерге бас тартқан талап бөлігін жүктейді.

Ақша қаражаттарын өндіру кезінде Азаматтық кодекс Қазақстанның барлық аумағында қабылдануы міндетті заңды төлем құралы ретінде теңгені қолдануды бұйырады. Үздіксіз төлемдерді өндіру кезінде сот өтемақы алынатын кезеңді көрсетуге міндетті.

Егер ақшаны шетел валютасында өндіріп алу туралы талап-арыз берілсе, сот шешім шығарған күні ҚР Ұлттық банкімен бекітілген курс бойынша шетел валютасын теңгеге айналдырып есеп айырысуға міндетті.





Дата публикования: 2015-06-12; Прочитано: 1891 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...