Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Кінәрат ұғымы



Құқыққа қарсы мінез және себепті байланысқа қарағанда азаматтық құқықтық жауапкершіліктің субьективті шарты болып табылады. Осы тараптың құқыққа қарсы мінезіндегі психикалық қатынасын анықтайды. Кінәнің осы түсінігі теңдей заңды тұлғаларға және азаматтарға қолданылады. Заңды тұлғалардың кінәсінің көрінбеуі мүмкін, өйткені оның қызметін міндеттемеге байланысты қызметкерлері атқарады. Мысалы, жұмыс күшінің немесе құралдың жетіспеуіне орай өнімді жеткізуде мерзімді өткізіп алса, осы кемшіліктерді жоюға тиісті шаралар қолданбағаны үшін шаралар комерциялық ұйымның жетекшісі кінәлі болып есептеледі. Заңды тұлғаның кінәсі оның қызметкерінің кінәлі іс-әркетінен көрініс табуы мүмкін. Мысалы, қызметкердің өнімді дайындаудағы кемшіліктер.

Сонымен қатар әдебиеттерде берілген сұраққа басқа да тұжырымдар айтылады. Заңды тұлғаның кінәсі оның жеке қызметкерлерінің кінәсімен емес, сонымен бірге бүкіл ұжымның бүтіндей кінәсін көрсетеді.

Кінә қасақаналық және абайсыздық түрімен ажыратылады. Өз кезегінде абайсыздық ауыр және жеңіл түрінде кездеседі. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің субьективтік шарты ретінде кінә адамның санасында болатын психикалық процестермен байланысқан. Алайда қоғамның өзіндік дамуына орай жауапкершілік туралы сұрақты шешу кезінде құқық бұзылғандығы адамның санасында болатын психикалық процестерді зерттей аламыз. Осы ішкі процестер тек қана адамның мінезіндегі сыртқы көріністерін талқылай аламыз.

Егер тарап өзінің іс- әрекеті арқылы құқық бұзушылыққа саналы түрде жол берсе, онда кінәнің қасақаналық түрі орын алады. Азаматтық айналымдағы пайда болатын кәдімгі құбылыстар ретінде азаматтық құқықта кінәнің қасақаналық түрі жиі кездеседі. Сонымен қатар әдеттегі жағдайларды басқа тараптардың заңмен қорғалатын құқықтарын қасақана бұзады. Мысалы, тәжірибеде жеткізіп беруші сатып алушының өнімін ұстағаны үшін тиісті дәрежеде өнімді жіберуді тоқтатады. Себебі міндеттеменің қасақана бұзушылық сферасын шектейді. Кінәнің абайсыздақ түрімен жасалған азаматтақ құқық бұзушылық жиі кездеседі. Бұндай жағдайларда адамның іс-әрекетінде көрінеу істердің элементтері болмайды. Ол саналы құқық бұзушылыққа бағытталмаған, алайда адамның іс-әрекетінде мұқияттылық және байқаушылық болмайды. Қажетті байқаушылықтың және мұқияттылықтың болмауы абайсыздықтың екі түріне де тән. Кінәнің екі формасының арасында белгілі ерекшеліктер болады. Осы ерекшеліктер заңдылықта және жоғарғы сот органдарының түсініктерінде де жауабын таппайды. Сот тәжірибесі белгілегендей адамның денсаулығына келтірілген залал үшін абайсыздықтың қайсы түрі болмасын нақтылы жағдайларды анықтауды қажет етеді.

Осы екеуін ажырату үшін одан да тереңірек бағдарлау қажет. Бұл бағдарлар ғылым дауымен жетілген. Абайсыздықтың менмендік түрінде тараптың іс-әрекетіне байқаушылық және мұқияттылық болмайды, алайда құқық бұзушылықтан арылуға жеткіліксіз. Мысалы, азамат светофор жасыл жанған кезде өтсе, онда абайсыздықтың қарапайым түрі, ал трамвай жолында ұйықтап жатқан азамат мұқияттылық және байқаушылық элементтері болғанымен, абайсыздықтың менмендік түріне жол береді.

Жалпы ережеге сәйкес азаматтық заңдылыққа кінә жауапкершілік шарасы ретінде емес, шарты болып саналады. Егер кінә болған жағдайда құқық бұзушы азамат кінәнің формасына қарамастан келтірілген зиянды толық көлемде өтейді. Алайда заңмен немесе шартпен кінә формасы көзделсе, онда азаматтық жауапкершілік мөлшерінде әсер етуі мүмкін. Бұл жалпы ережеден ауытқиды., бірақ қылмыстық құқықтағыдай кінәні төрт түрге бөлу қажеттігі жоқ. Көп ретте жоғарыда көрсетілгендей кінәнің үш мүшелігі кінәнің жауапкершілік мөлшерінде әсер ететін болса жеткілікті. Азаматтық құқықта аралас кінә кездеседі.

Аралас кінә төмендегі белгілермен сипатталады:

А) зиян тек қана несие берушінің мүліктік сферасында жинақталады.

В) зиян бүтіндей бірлікті құрап, борышқордың кінәлі әрекетін және несие берушінің кінәлі әрекетін анықтауға мүмкіндік болмайды.

Аралас кінәда борышқордың зиянды әрекеті қанша ал несие берушінің кінәсінің қанша екендігі анықтау мүмкін болмаған кезде, осылардың арасындағы зиянды анықтау кезінде тек бір белгі ретінде осылардың арасындағы зиянды анықтау кезінде тек бір белгі ретінде борышқордың және несие берушінің кінәсімен дәрежесін (формасын) анықтау қолданады. Бұл кезде міндеттеме қайсы тараптың кінә дәрежесі көбірек болса, зиянның көп бөлігі соның есебінен өтеледі.

Аралас кінәні бірлесіп келтірілген зияннан ажырата білуіміз қажет. Бірлесіп келтірілген зиян төмендегі белгілермен сипатталады:

а) зиян несие берушінің мүліктік сферасына пайда болады.

Б) зиян екі немесе одан да көп тараптардың құқыққа қарсы әрекетімен келтіріледі

В) тараптардың қайсысының әрекетіне зиян келтіру мөлшерін анықтау болмайды.

Г) бірлесіп зиян келтірушілер несие берушінің алдында солидарлы жауапкершілікте болады.

Кінәнің болмауынан міндеттемені бұзған тарап дәлелдейді.

Қылмыстық құқыққа қарағанда азаматтық құқықта құқық дәлелдегенше кінәлі деп танылады. Міндеттеменің орындалуы үшін тарап барлық тиісті шараларды қолданса, онда тарап кінәсіз деп танылады. Егер азаматтық айналымға қатысушылардың біреуі құқыққа қарсы әрекетімен азаматтық айналымды бұзатын болса, әрекет салдарынан зиянның болғанын зиян келген тарап қана біледі.





Дата публикования: 2015-06-12; Прочитано: 3583 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...