Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азақстан Республикасының саяси жүйесі



Қазақстан мемлекеті – бүгінгі таңда президенттік жүйемен басқарылатын демократиялық мемлекет. Мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

Республикамызда мемлекеттік билік біртұтас.

Еліміздегі билік жүйесі мынадай тармақтардан тұрады: Президент, Үкімет және Парламент. Парламент – заң шығарушы, ал Президент және Үкімет атқарушы билік болып саналады.

Парламент екі палатадан тұрады: Мәжіліс – төменгі палата, Сенат – жоғарғы палата.

Республика Үкіметі өзіне берілген өкілдіктер шегінде ғана мемлекет атынан билік жүргізеді.

президенттік жүйе – президентское правление

тармақ – ветвь

заң шығарушы билік – законодательная власть

атқарушы билік – исполнительская власть

өзіне берілген өкілдіктер шегінде – в пределах своих полномочий

Кімет

Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады.

Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауап береді, сондай-ақ Республика Парламентіне есеп береді. Үкіметтің қызмет тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді. Үкімет мүшелері Қазақстан халқы мен Президентіне ант береді. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің жүзеге асырылуын ұйымдастырады.

Есеп – отчет

Ант береді – дают клятву

Қорғаныс қабілеті – обороноспособность

Ұйымдастыру – организовывать





Дата публикования: 2014-10-25; Прочитано: 996 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...