Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азақстанның халықаралық байланысының дамуы



Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады:

- ТМД, Азия, Еуропа елдері, АҚШ Тынық мухит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.

- Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.

- Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, ядролық қаруды қолданбау, дүниежүзілік соғысты болдырмау.

Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай Халық Республикасымен ойдағыдай қарымқатынас орнату.

Азақстан – Ресей байланыстары

1992 жылғы 25 мамыр – Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт жасалды.

1995 жылғы 20 қаңтар – Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы Декларация жарияланды.

1996 жылғы 27 сәуір – Алматыда Қазақстан мен Ресейдің бірлескен Декларациясына қол қойылды. Маңызы:

- Екі ел арасындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу.

-Аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын сақтау.

1998 жылғы 6 шілде – Мәскеуде ХХІ ғасырға бағдарланған «Мәнгі достық пен ынтымақтастық туралы» Декларация жарияланды. Нәтижелері:

- Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі проблемасын шешуді алға жылжытты.

- Қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеуді шешті.

- Байқоңыр ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану мәселесі қарастырылды.





Дата публикования: 2014-10-25; Прочитано: 761 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...