Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азақстанның тіл саясаты



Еліміз егемендік алғаннан кейін қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Сол кезден бастап әр салада оның қолданыс өрісі кеңейді.

Бір тілдің мемлекеттік мәртебеге ие болуы оңай бола қалатын іс емес. Себебі ол тіл сол мемлекеттегі халықтың мүддесінен шығуы тиіс.

Тілдерді дамыту – еліміздегі мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі. Тіл проблемаларын оңтайлы шешу – ұлтаралық қатынастарда келісімді нығайтудың алғышарты.

Бүгінгі күні тілдерді дамытуға деген қамқорлық жан-жақты көрсетілуде. Еліміздегі тілдердің дамуы мен қолданылуына қатысты нормативтік құқықтық негіздері нығайтылды. Мемлекеттік тіл саясатының тірегі — Тілдер туралы заң 1989 жылы тұңғыш қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін бекітті. 1997 жылы Тілдер туралы жаңа заң қабылданды. Бұл заңды жүзеге асыратын құжат - Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Бұл бағдарламада тіл мәселесіне талдау жасалған, қазақ тілінің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту, орыс тілінің қолданылуын қамтамасыз ету, шет тілдерді меңгеру, этностық топтардың тілдерін дамыту міндеттері алға қойылған.

шарт – условие

оңтайлы – оптимально, оптимальный

үйлесім – гармония

жан-жақты – всестороний

құқықтық негіздер – правовые основы

талдау – анализ

көздеу – предусматривать

ұстаным – принцип

негіздеу – основывать

ТАҚЫРЫПҚА ҚАТЫСТЫ СӨЗДІК:

1. Тіл туралы Заң – Закон о языках

2. дамыту мен қолданудың бағдарламасы – программа развития и функционирования

3. даму болашағы – будущее развитие

4. тіл саясаты – языковая политика

5. маңызды мәселе – важная проблема

6. негізгі бағыт – основное направление

7. бүгінгі ахуалы – сегодняшнее состояние

8. азаматтық борыш – гражданский долг

9. қоғамдық келісім – общественное согласие

10. саяси тұрақтылық – политическая стабильность

11. қамқорлық көрсету – поддерживать, помогать

12. құндылық – ценности

13. құрамдас - составляющее

14. мүмкіндікке ие болу – получить, иметь возможность

15. нығайту – укреплять

16. іске асыру, жүзеге асыру – осуществлять

17. қатынас құралы – средство общения

18. қызмет атқару – выполнять функцию

19. қолдану аясы, қолданыс өрісі, – сфера, область применения

20. мүдде – интерес

21. қажеттілік – необходимость

22. қоғам тарапынан – со стороны общества

23. этносаралық жарастық – межэтническое соответствие

24. алғышарт – предпосылка

25. әлеуметтік қызмет – социальная функция

1.2 ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

1-тапсырма

Мәтінді оқыңыз, аударыңыз және мазмұнын айтып беріңіз:

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МҰРАТЫ ЖОЛЫНДА ҰЙЫСАЙЫҚ

Мемлекеттік тіл мәселесіне байланысты мемлекет өз тарапынан жасалуға тиісті нәрсенің бәрін жасап жатыр. Бұл мәселеге қатысты тиісті конституциялық бап бар.

Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі бар. Тиісті заң іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге мүмкіндік береді. Ол заң кез келген жерде мемлекеттік тілде сөйлеуге, кез келген қағазды мемлекеттік тілде жазуға, қажет жерінде сол тілде жауап алуға жағдай жасайды. Еліміздің өңірлері бірінен соң бірі іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшіп жатыр.

Тілге қамқорлықты алдымен тыныштыққа қамқорлықтан бастау керек. Менің ел басшысы ретіндегі де, қазақ ретіндегі де парызым – қазақ тілін өсіріп-өркендету. Тілге жаны ашитын адамдардан кеңес құрылсын.

Көп нәрсе тілді оқытуға байланысты. Ол жағын да ойластырып жатырмыз. Мемлекеттік тілді оқыту жүйесін жетілдіру мақсатында бүгінгі күні 16 аймақтық, 15 қалалық, аудандық тіл оқыту орталықтары құрылған. Биылғы жылы жергілікті атқарушы органдар республика бойынша 30-дан астам осындай орталықтар ашпақ. 2010 жылға қарай республика аумағында жүзден астам оқыту орталықтары жұмыс істейтін болады. Өзіміз ана тілімізде сөйлемейінше, өзге ешкім де бұл тілді шындап құрметтей қоймайтынын түсінуге тиіспіз. Бұл – мемлекеттік тұрғыдан, ұзақ жылдар бойы, ұдайы айналысатын іргелі іс.

Қазақтың қазақтығының басты белгісі – қазақша сөйлеуі. Үйде де, түзде де, баласымен де, немересімен де, досымен де, туысымен де, бажасымен де, құдасымен де. Тек осыны жасаған адамның өзі ана тілін өркендетуге өзінің титтей де болса үлесін қоса алады. Өз баласын қазақша сөйлетпеген қазақтың «қазақ тілі» деп сарнауының ешбір реті жоқ. Өркениет өнегесі – өз тіліңмен өмір сүру.





Дата публикования: 2014-10-25; Прочитано: 796 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...