Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Лсарымұнайгаз” басқармасының маркетинг қызметін ұйымдастыру



Қазіргі кездегі өндіріс дамуында маркетинг, тек қана нарықтық саясатты ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның өндірістік саясатын анықтайтын, басқарудың негізгі функциясы ретінде қарастырылады. Маркетинг принциптеріне негізделген басқарудың кешенді жүйесінің мақсаты – қолда бар ресурстарды ескере отырып (материалдық, қаржылық, және т.б.) кәсіпорынның алдына қойылған мақсаттардың шешілуін қамтамасыз ету (ғылыми – техникалық, өндірістік, коммерциялық және өткізу). Басқарудың жүйесі ретінде және де ерекше қызмет ретінде макетинг келесілерді қамтамасыз ету керек:

- нарық туралы нақтылы және сенімді ақпараттармен, қажеттілік пен сұраныстың құрылымымен, тұтынушылардың қалауымен, яғни кәсіпорын қызметінің сыртқы жағдайлары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;

- тұтынушы проблемасын шешетін, сұранысты қанағаттандыратын, бәсекелестер тауарынан жақсы, нарық стандарттарына сай келетін тауар ассортиментін, тауарды шығару;

- өндіріс сферасына максималды мүмкін болатын бақылау жасауды қамтамасыз ететін, нарыққа, сұранысқа және тұтынушыға қажетті түрде ықпал жасау.

8 сурет – «ҚұлсарыМұнайГаз» басқармасының маркетингті басқару

Маркетинг бойынша басшы компанияның маркетингтік қызметін басқарады, яғни өнімді өткізу, тасымалдау және тағы да басқа маркетингке байланысты қызметті ұйымдастырады және бақылайды. Оған барлық маркетингтік қызметпен айналысатын қызметкерлер бағынады, ал ол өз кезегінде компанияның директорына бағынады, есеп беріп отырады.

Маркетингтік қызметті ұйымдастыру және бақылау тобы ағымдағы және стратегиялық маркетингтік жоспарларына жауапты. Бұл топтың мамандары әрбір мұнай кен орындары бойынша маркетингтік бақылау жүргізіп отырады.

Марктингт зерттеу тобы жоғарыдан, яғни басқа еншілес компаниялардан («ЕмбіМұнайГаз», «МаңғыстауМұнайГаз») алынған маркетингтік ақпаратты жинау, жоспарлау және ұйымдастырумен айналысады. Бұл жердегі ақпарат мұнай тасымалы және экспорты, мұнай өндіру көлемі, сонымен қатар бәсекелес компанияларының қызметімен байланысты.

Баға саясаты және экономикалық талдау тобы компанияның экономикалық көрсеткіштерін және қызметін талдап отырады. Бірақ бұл топтың қызметіне қаржылық талдау және компанияның қызметін жоспарлау кірмейді. Топ мамандары компанияның баға саясатын ұйымдастырады.

Мұнайды өткізу тобы мұнай келісім– шарттарын құрып, сатып алушылармен келісім сөздер жүргізеді және мұнайдың қай маршрутпен жүргізілетінін жоспарлайды, «КазТрансОйл» компаниясымен үнемі байланыста болады. Бірақ шешімді компания басшысы қабылдайды.

Мұнай тасымалдау тобы мұнайды ішкі нарыққа өткізу. Мұнайды мұнай өңдеу зауыттарына өткізу, ал содан кейін әртүрлі бензин колонкаларына тасымалдау.

Өнім ассортиментін басқару тобы мұнайды жер қойнауынан алу және оны тазарту процессін басқарады. Бұл билікті олар геология бөлімімен бөлісіп алады.

“ҚұлсарыМұнайГаз” АҚ – ның тағы бір қызметі – мұнай және мұнай өнімдерін ішкі және халықаралық нарыққа сату болып табылады. Негізгі мақсаты – АҚ “ҚазМұнайГаз” компаниясының экономикалық дамуының максималды стратегиялық көрсеткіштеріне жеткізу, мұнайгаз саласында сауда операцияларының жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ету. Компанияның маретинг және тасымалдау бөлімдерінің жалпы мақсаттары мен міндеттері:

1) Әлемдік бағамен неғұрлым көп мұнайды сату, өткізу.

2) Максималды таза табысты және өндірісте қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

3) АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз” персоналын рационалды қолдану және персоналды дайындау мен оқытуды қамтамасыз ету.

4) Сатудың және өндіріс көлемінің тым өсуіне дайын болу.

5) Транспорттық шығындарды максималды азайту және мұнайды сатып алушыларға тікелей жабдықтау арқылы теңіз шикі мұнайының құнын максималды көбейту.

Маркетинг бөліміне өнімді өткізу кезінде басты рөлді атқаратын мұнай өнімінің тобы кіреді. Бұл топтың негізгі мақсаты болып: өндірісті тиімді ұйымдастыру және оптималды пайда табу үшін мұнай өнімдерінің барлық түрлерін жабдықтау, сонымен қатар компанияның негізгі шарттарына сәйкес экспортты жоғарылату.

Компанияның мұнайды өткізуге байланысты негізгі бағыттары:

§ Мұнай және газ өнімдерін өңдеуді бөлшек және көтерме сауда арқылы жүргізу;

§ Мұнайдың экспортқа шығуын қамтамасыз ету;

§ Транспорттық – экспедициялық, жүк бағыттау қызметтерін жүргізу

АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз” шет елге шикі мұнайдың негізгі транспорттық маршруты болып магистральдық құбырлар жүйесі арқылы жеткізу болып табылады. Бұл маршрут келесі бағыт бойынша жүреді: Батыс Қазақстан облысынан Ресей Федерациясы мен Украина территориясы арқылы Одесса портына жеткізіледі. Содан соң Қара теңізі мен Жерорта теңізінің терминалымен Батыс Еуропаға су жолы арқылы жеткізіледі. Компанияның маркетинг бөлімі өндірілетін өнімді тасымалдау үшін әртүрлі компаниялардың көмегін пайдаланады. Бұл жерде артықшылыққа ие болатын “НКТН КазТрансОйл” компаниясы. Компания - мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау, экспорттау және импорттау, инвестиция тарту, магистральдық құбырлар жүйесін пайдаланушылар үшін бір тарифтік саясатты қолдану мақсатында құрылған. Мұнай құбырлары транспортының стратегиялық дамуы ҚР президентінің “Қазақстан 2030” стратегиясына байланысты құрылған, яғни бұл – энергетикалық тәуелсіздік, экономикалық потенциалының нығаюы, мемлекет бюджетінің кіріс көзінің жоғарылауы.

Компания Қазақстанда монополист және Қазақстанда өндірілетін мұнайдың 90 пайызын мұнайгаз компаниялары осы “ҚазТрансОйл” компаниясының қызметін пайдалануда. Соның ішінде 54 пайызы “ЕмбіМұнайГаз”, “ҚұлсарыМұнайГаз” және “ӨзенМұнайГаз”, үлесіне тиеді. “КазТрансОйл” компаниясының мұнай мен суды тасымалдаумен қатар қосымша қызметі ретінде материалдық – техникалық жабдықтау, мұнай құбырларын, технологиялық және арнайы транспорттарды ремонттау және эксплуатациялау, сонымен қатар инженерлік – техникалық және әлеуметтік – шаруашылық қызметтер. “ҚазТрансОйл” жұмысының басты мақсаты – қазақ мұнайын өткізетін нарықтың ауқымын мейлінше кеңейту болып табылады.

“КазТрансОйл” компаниясының міндеттері:

§ Ішкі нарықты мұнаймен қамтамасыз ету мақсатында ішкі мұнай құбырлар транспорт жүйесінің дамуы;

§ Магистральдық мұнай құбырларының экологиялық қауіпсіздігін және эксплуатациялық сенімділігін жоғарылату;

§ Алдағы уақытта қысқа мерзімдік жобаларды орындау арқылы қазақстандық мұнай құбырларының экспорттық потенциалын көтеру;

§ Қаржылық жағдайдың тұрақтандыру.

Төмендегі кестеде 2004 және 2005 жылғы шығарылған мұнай көлемі көрсетілген.





Дата публикования: 2014-10-23; Прочитано: 1385 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...