Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мерчандайзинг стандартыныҢ бӨлімдері



Жалпы қағидалары – дүкнн немесе дәріхана сататын тауарлар үшін мерчандайзингтің жалпы ережелері. Бұл схема немесе суреттер қоса берілетін мәтіндік ақпарат. Бұл жалпы сипаттағы ақпарат, көбіне қандай да бір ереженің іс-әрекетін түсіндіреді. Ақпарат неғұрлым түсінікті тілмен жазылса, соғұрлым оны қызметкерлер дұрыс түсінеді және бұл ақпаратты естерінде сақтайды.

Мысал. Парфюмериялық-косметикалық заттарды сататын дүкеннің Стандартынан үзінді.
Орналастырудың жалпы ережесі:

· ерлер мен әйелдерге арналған тауарларды міндетте түрде бөлек орналастыру;

· бөлімнің немесе секцияның ішінде тауарларды сауда маркалары (мысалы, «ххх» компаниясының өнімі), сонымен бірге қолданылуы (сусабындар бөлек, кремдер бөлек) бойынша орналастыру. Орналастырудың екінші түрі ұтымды, өйткені сатып алушы ең алдымен категорияны іздейді, сонан кейін барып сауда маркасына көңіл аударады;

· тауарларды аралас тауарлар бойынша корпоративті блокпен орналастыру ұсынылады (мысалы, бір марканың сусабыны мен кондиционерін). Осылай біз сатып алушының көңілін аударатын үлкен көлемдегі түсті дақты түземіз және өзара бірін-бірі толықтыратын тауарларды сатып алуға дем береміз;

· егер сауда маркасын ерекше бөлу қажет болса, онда оны дисплейде қайталау керек (яғни бір сату орнынан екінші сату орнына шы,ару емес, қайталау). Корпоративті түстегі логотипті тартымды дисплей қызықтырады және сауда маркасын есте сақтауға мүмкіндік жасайды;

· ұтымды фейсинг (өнімнің қанша бірдей бірлігі қатар тұр) - 2-3 бірлік, онда тауарды байқайды. Қасында бағаның болуы міндетті.

· сатып алушылардың жолына сатып алу туралы ойлануға тура келетін тауарларды орналастыруға болмайды (мысалы, шашқа арналған бояу). Нәтижесінде бір сатып алушылар әрі қарай өте алмағандарына жыны ұстаса, екіншілері сатып алу туралы шешім қабылдай алмай ұзақ ойланады;

· ең ұтымды орын – көз деңгейінде немесе созылған қол деңгейінде. Ол жерлерге белгілі және жақсы сатылатын маркаларды орналастырады («неліктен, олар бәрібір жақсы сатылады ғой?» деген сұраққа жауап: олар онан сайын жақсы сатылуы және көп табыс әкелуі үшін), төменге арзан немесе мөлшері үлкен және ауыр тауарды орналастырады. Жоғары жаққа қымбат немесе сыйлыққа ұсынылатын бумадағы тауарларды орналастырады.

Тиімді қор: әрбір дүкен желісі үшін белгілі бір ассортименттік позициялардың минимальды жиынтығы болуы керек ("Ассортименттік минимумге" сәйкес). Дәріханалардағы ассортиментті кеңейту базалық және приоритетті категориядағы позициялармен кеңейту есебінен жүргізіледі, егер басқа жағдайлар қарастырылмаған болса. Әрбір тауарлық позиция үшін қор деңгейі анықталуы керек. Мерчандайзердің міндетіне дәріханада және тауарларды орналастыру орындарында тауарлар қорының минимальды деңгейінің болуына үнемі бақылау жасап отыруы керек. Тауар жоқ болған жағдайда сөреде бос орын болмауы керек – мерчандайзер ол туралы жетекшілікке хабарлауы керек, фактіні бақылау парағында көрсетіп, басқа тауарларды орналастыру туралы шешім қабылдауы керек. Дәріхана қоймасында бар тауарлардың барлық ассортимениі сауда залында болуы керек. Барлық ассортимент бекітілген планограммаға сәйкес сату көлеміндегі алатын үлестеріне қарай орналастырылуы қажет. Ерекше жағдайларда айналымға және алатын ауданына сәйкестігі өзгертілуі мүмкін. Стандарттан ауытқулар және енгізілетін өзгерістердің барлығы дәріхана жетекшілігімен немесе бас менеджермен келісе отырып жасалуы тиіс.

ӘДЕБИЕТ:

Негізгі:

1. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации.- Москва: Медицина.- 2004.- С.98-105.

2. Мнушко З.Н. Менеджмент и маркетинг в фармации. Ч.2. Марукетинг в фармации. – Харьков: Изд.НФаУ.- 2008. – 536с.

3. Мнушко З.Н. Менеджмент и маркетинг в фармации. Ч.2. Маркетинг в фармации. – Харьков: Изд.НФаУ.-2008. – 536с.

4. Юданов А.Ю. Фармацевтический маркетинг.-Издатель: Издательство "Ремедиум".- 2007.- 400 с.

5. Грибкова Е.И. Изучение эффективности интегрированных маркетинговых коммуникаций в деятельности субъектов фармацевтического рынка.-М.-2004.-300 с.

6. Макашов Д. Мерчандайзинг – искусство сбыта товара. // www.psy-portal.ru

7. Рамазанов И.А. Мерчендайзинг в розничном торговом бизнесе: Учебное пособие. М.- 2003. С. 9–10.

Қосымша:

1. Колборн Р. Мерчандайзинг / Пер. с англ. / Под ред. И.О. Черкасовой. СПб.- 2002. С. 13–27; Канаян К. и Р. Мерчандазинг. М., 2001. С. 9–116.

2. Батра Р., Майерс Дж.Дж., Аакер Д.А. Рекламный менеджмент / Пер. с англ. 5-е изд. М.; СПб., 2000; Энджел Дж.Ф., Блекуэлл Р.Д., Миниард П.У. Поведение потребителей. СПб., 2000; Джоббер Д. Принципы и практика маркетинга / Пер. с англ.: Учеб. пособ. М., 2000; Говард Дж. и Шет Дж. Теория поведения покупателя // Классика маркетинга / Сост. Б.М. Энис, К.Т. Кокс, М.П. Моква. СПб., 2001. С. 175–197; Лоусон Р. Поведение потребителей // Маркетинг / Под ред. М. Бейкер. СПб., 2002. С. 134–149.

3. Паркинсон С. Покупательское поведение организаций // Маркетинг / Под ред. М. Бейкер. СПб., 2002. С. 150–164; Энджел Дж.Ф., Блекуэлл Р.Д., Миниард П.У. Поведение потребителей. СПб., 2000; Лоусон Р. Поведение потребителей // Маркетинг / Под ред. М. Бейкер. СПб., 2002. С. 134–149.

ТАҚЫРЫП: МЕРЧАНДАЙЗИНГ ЗАҢДАРЫ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

МАҚСАТЫ: Студенттерді мерчандайзинг заңдарымен және технологиясымен – тауарларды орналастыру заңдары және ережесімен таныстыру.

ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ:

Мерчандайзинг заңдары, тауарларды орналастыру ережелері мен заңдары бойынша білімді қалыптастыру.

ӨТКІЗУ ФОРМАСЫ:

Оқытушының кеңесі, реферат тақырыптарын презентациялау, пән тақырыптарын студенттердің өздігінен оқып-үйренуі, «Дәріханада мерчандайзингті ұйымдастыру принциптері» іскерлік ойыны.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМА:

1. 2 категориялы дәріхана үшін мерчандайзинг шараларының жоспарын жасау, құрастыру.





Дата публикования: 2014-10-20; Прочитано: 1251 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...