Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тауар топтарының ұтымды орналасуы



Сауда нүктесіндегі құрал-жабдықтардың орналасуының типін анықтағаннан кейін тауар топтарын тиімді орналастыруды анықтау керек. Тауар топтарын орналастыру кезіде екі басты нәрсені есте ұстау керек:

· сауда залындағы орындардың приоритеттілігі;

· тұрақты сатып алушылар арасында танымалдығына байланысты тауар топтарын бөлу.

Сауда залындағы приоритетті орындар сатып алушылардың ағынына байланысты анықталады,я ғни сатып алушылардың көпшілігі өтетін жолы. Ең жоғары сапалы тауар, ең көп жарнамаланатын жән тіпті ең танымал тауар сатылмайды, егер олардың орны дәріханада дұрыс таңдалмаған болса.

Дәріхана бөлмелерінде сатып алушылар қозғалысының табиғи бағыты бар, ол дәріханаға кіру, сауда залындағы құрал-жабдықтарды және кассаны жобалау стадиясында анықталады. Сатып алушылар ағынының қозғалысы алдын ала есептелуі керек. Мынау анықталған:

· сатып алушылардың 80-90% сауда залының периметрі бойынша орналасқан барлық сауда нүктелерін аралап шығады, тек сатып алушылардың 40-50% ғана ішкі қатарларды аралап шығады;

· ең «ыстық» орындар сатып алушылар ағынының басталатын және және касса маңы.

Сатып алушын таңдайтын алғашқы бағытты анықтау өте маңызды, өйткені тауар үшін ең тиімді орын дәріхана кіргендердің көзіне ең бірінші түсетін жер болы табылады. Тауардың сатып алушының жолында бірінші кездесетіндей болып орналасуының негізгі себептері келесілер:

· кейбір тауарларды сатып алу импульсті түрде болады, ал сатып алушының жоспарланбаған нәрсені сатып алуы сатып алушы қозғалысының басында болады;

· егер тауар сатып алушы қозғалысы бойынша бәсекелес тауардан әрі орналасқан болса, онда сатып алушының бірінші көрген тауарын сатып алу мүмкіндігі жоғарылайды;

· ең маңыздысы сатып алушының сатып алуға жұмсалатын ақшалық заттары шектеулі. Дәріхана бойынша қозғалысының бастапқы кезінде оның сатып алуға арналған 100% ақшалық сомасы болды. Дәрілік заттарды көбірек алған сайын, осы мақсатқа арналған ақшалық заттары азая береді. Егер тауар әрірек орналасқан болса, оны сатып алушы ақшасының жететін немесе жетпейтініне сенімді болмағандықтан сатып алмауы мүмкін.

Касса маңында сатып алушы кезекте тұрғанда көп уақытын өткізеді және ештеңемен айналыспайды. Сондықтан касса маңы импульстің әсерінен сатып алынатын тауарлар үшін тартымды аймақ болып табылады (сағыз, витаминдер, мюсли және т.б.).

Сондықтан дәрілік заттардың негізгі және қосымша сату нүктелерін орналастырған кезде сауда нүктесіндегі сатып алушылардың мінез-құлқы, құрал-жабдықтардың орналасуын ескеру керек және стандартты емес шешімдерне баруға болады.





Дата публикования: 2014-10-20; Прочитано: 897 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...