Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жылжытылатын тауарлардың жарнамасы



Тиімді мерчандайзингтің алғашқы екі шарттарын орындағаннан кейін ғана тауарды ұсынудың қорытынды этапына көшуге болады. Сатып алушылар бағасы анық белгіленген және көрінген дәрілерді жақсы таңдайды, сондықтан дәріхана бағалықтарды дұрыс орналастыруңа көңіл аудару керек. Сатып алушыларды шатастырмау үшін бағалықтар сол тауардың астына дәл орналасу керек. Жарнамалық материалдардың дұрыс орналасуына да көңіл аудару керек. Өздерінің жарнамалық материалдарын стандартты орналастыру кезінде жетекшілікке алатын бірнеше жалпы ереже бар: олар көрсетілген дәрілік заттарды сату нүктесінің тікелей жанында немесе сатып алушыға жақсы көрінетіндей жақын орналасу керек. Мынаны есие ұстау керек, жарнамалық материалдарды орналастырудың мақсаты – осы дәріханада осы дәрілік затты сатып алуға болатынын сатып алушының есіне салу. Тиімді мерчандайзингтің басты ережесі: ол өндіруш, дистрибьютор және сатушының бірлескен еңбегінің нәтижесі болуы керек. Мерчандайзингті жүргізу бойынша жоспар барлық оған қатысушылардың мүдделерін ескерген жағдайда және ең бастысы сатып алушының қажеттілігі ескергенде ғана жүзеге асуы мүмкін.

Сауда нүктесіндегі сатып алушылар ағыны, сату нүктелеріндегі тауарлардың жалпы орналасуы, негізгі және қосымша сауда нүктелерінің ұтымды орналасуы деген түсініктер мерчандайзингтің тиімділігін анықтай отырып маңызды орын алады.

Сауда залында дәрілік заттарды орналастыру кезінде бірнеше факторды ескеру қажет:

· сауда залының кеңістігін ұтымды пайдалану;

· тауар топтарының ұтымды орналасуы;

· негізгі және қосымша сауда нүктелерінің орналасуы;

· сатып алушылар ағынын баяулату тәсілдері.

Сауда залының кеңістігін ұтымды пайдалану. Сауда нүктесінің ауданының 40% бөлме формасына байланысты максимальды тиімді орналасқан сауда құрал-жабдықтары алады (полкалар, тоңазытқыш құралдар, сөрелер және т.б.). Шамамен сауда нүктесінің ауданының 60% өздерін жақсы сезінуі үшін сатып алушылардың қозғалысына қалдыру керек (дәріхана бойынша сатып алушылардың еркін қозғалысын қамтамасыз ету, қауіпсіздік техникасының ережелері және т.б.).





Дата публикования: 2014-10-20; Прочитано: 863 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...