Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Аржылық есептіліктің 1-ші Ұлттық стандартына сәйкес есеп беру



Қазақстан Республикасының салық Заңнамасына сәйкес қысқартылған декларация негізінде арнаулы салық режимдерін қолданатын шағын кәсіпкерлік субъектілері өздерінің бухгалтерлік есебі мен қаражылық есептілігін 2007 жылдың 21 маусымында №218 ҚР қаржы Министрлігі бекіткен бұйрыққа сәйкес қабылданған «Қаржылық есептіліктің 1-ші Ұлттық стандарты» бойынша жүргізеді.

ҚР Салық кодекісі бойынша арнайы салықтық режимдер шағын бизнес субъектілері, шаруа (фермерлік) қожалықтар, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін заңды тұлғалар, кәсіпкерлік қызметтің арнайы түрлері үшін қарастырылған.

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылған, салық заңнамасына сәйкес, сондай-ақ жеңілдетілген декларацияның негізінде шаруа (фермерлік) қожалықтарға арналған арнайы салық режимдерін қолданатын жеке кәсіпкерлер өздерінің шаруашылық операциялары мен оқиғаларын жеке кәсіпкерлерге арналған кірістерді есепке алу кітабында көрсетеді. Салық органында міндетті тіркелуге жататын және қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын жеке кәсіпкерлер 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өз қызметі бойынша бухгалтерлік есепті қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын жеке кәсіпкерлерге арналған кірістерді есепке алу кітабында жүргізеді. Қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын жеке кәсіпкерлер 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өз қызметі бойынша бухгалтерлік есепті қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын жеке кәсіпкерлерге арналған кірістерді есепке алу кітабында жүргізеді.

Кітап Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес қосарланған жазба тәсілін, бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын және өзге де талаптарды қолданбай хронологиялық тәртіппен толтырылады.

Кітапты бастаған кезде жеке кәсіпкер ақпараттың түсініктігі, сенімділігі, салыстырмалығы, толықтығы сияқты ақпараттың сапалы сипаттамаларын қолданады. Қысқартылған, кодталған жазбаларды және символдарды пайдаланған жағдайда олардың мағынасы әрбір нақты жағдайда түсіндірілуі тиіс.

Шаруашылық операциялары мен оғиғалары бастапқы есепке алу құжаттары Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамада талаптары белгіленген бухгалтерлік есепке алу тіркелімдері арқылы ресімделеді.

Кітап бір қаржы жылына ашылады және нөмірленуі, түптелуі тиіс. Нөмірленген және түптелген кітаптың соңғы бетінде онда қамтылған беттердің саны көрсетіледі, ол арналған дейін жеке кәсіпкердің қолымен және жеке кәсіпкердің мөрімен (бар болған кезде) расталады. Электрондық түрде арналған және кезең аяқталғаннан кейін қағаз тасығыштарға шығарылған нөмірленген және түптелген кітаптың соңғы бетінде онда қамтылған беттердің саны көрсетіледі, ол арналған дейін жеке кәсіпкердің қолымен және жеке кәсіпкердің мөрімен (бар болған кезде) расталады.

Кітапта қателерді түзету негізді болуы және түзету күнін көрсете отырып жеке кәсіпкердің қолымен және жеке кәсіпкердің мөрімен (бар болған кезде) расталуы тиіс.

Кітаппен қатар жеке кәсіпкер мынадай бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерін жүргізеді:

· 3-қосымшаға сәйкес ақша қаражатын есепке алу жөніндегі В-1 ведомосі;

· 4-қосымшаға сәйкес қорларды есепке алу жөніндегі В – 2 ведомосі;

· 7-қосымшаға сәйкес сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысудың есебі жөніндегі В – 5 ведомосі;

· 8-қосымшаға сәйкес өнім берушілермен есеп айырысудың есебі жөніндегі В – 6 ведомосі;

· 9-қосымшаға сәйкес еңбекақы төлеуді есепке алу жөніндегі В-7 ведомосі;

· 11-қосымшаға сәйкес биологиялық активтерді есепке алу жөніндегі В – 9 ведомосі;

· 12-қосымшаға сәйкес негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің қозғалысын есепке алу жөніндегі В – 10 ведомосі;

· 13-қосымшаға сәйкес негізгі құралдар мен материалдық емес активтер жөніндегі амортизациялық аударымдарды есепке алу жөніндегі В – 11 ведомосі;

· 16-қосымшаға сәйкес В – 13 жиынтық ведомосі.

Жеңілдетілген декларацияның негізінде салық заңнамасына сәйкес арнайы салық режимдерін қолданатын шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар шаруашылық операциялар мен оқиғаларды бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес қосарланған жазба тәсілімен көрсетеді және 1-ші ҚЕҰС-на сәйкес қаржылық есептілікті жасайды.

Субъектінің қаржылық есептілігі мыналарды қамтиды:

· бухгалтерлік баланс (19 қосымшаға сәйкес);

· кірістер мен шығыстар туралы есеп (20 қосымшаға сәйкес);

· түсіндірме жазба және ескерту.

Субъектінің бухгалтерлік есепті жүргізуі және қаржылық есептілікті жасауы есепке алу және үздіксіздік қағидаттарына, сондай-ақ түсініктілік, орындылық, мәнділік, сенімділік, дұрыстық, бейтараптық, сақтық, толықтық сияқты сапалық сипаттамаларға негізделеді және операциялардың заңнама нысанын ғана емес, операциялардың экономикалық мәнділігін көрсетеді, олар қаржылық есептіліктерде көрсетілген ақпаратты пайдаланушылар басқарушылық және экономикалық шешімдер қабылдаған кезде олар үшін пайдалы етіп көрсетеді.

Қаржылық есептілік пайдаланушыларға жылына кем дегенде бір рет беріледі.

Қаржылық есептілікті дайындауға және ұсынуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес субъектінің басшысы немесе өзге уәкілетті тұлғасы жауапты болады.

Бухгалтерлік баланста 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша активтер, міндеттемелер мен жеке меншік капитал көрсетіледі.

Бухгалтерлік балансқа субъекті басшылығының қарауы бойынша субъекті қызметінің сипатына қарай қосымша баптар, бөлімдер мен аралық сомалар енгізілуі мүмкін.

Кірістер мен шығыстар туралы есеп 20-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша беріледі.

Қорытынды пайда (қорытынды шығын) 18-қосымша бойынша салық салғанға дейінгі кіріс пен шығыстар және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында анықталатын ставка бойынша есептелген корпоративтік табыс салығы арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба және ескерту реттелген тәртіппен берілуі тиіс. Баланстың, пайда мен шығындар туралы есептің әрбір бабы бойынша оған қатысты кез келген ақпаратқа қиылысты сілтемелер, сондай-ақ қаржылық есептіліктің өзінде көрсетілмеген, бірақ толық және дұрыс ұсыну үшін қажетті қосымша ақпарат беріледі.

Субъектінің шаруашылық операциялары мен оқиғалары алғашқы есепке алу құжаттары арқылы ресімделеді.

Алғашқы есепке алу құжаттарында қамтылған ақпаратты қорытындылау, сыныптау және жинақтау және оларды бухгалтерлік есепке алу шоттарында және қаржылық есептілікте көрсету үшін мыналар жүргізіледі:

· бухгалтерлік есепке алу тіркелімдері, оларға қойылатын талаптар тиісті нормативтік құқықтық актілермен бекітіледі;

· шаруашылық операцияларын есепке алу кітабы.

Талдамалы және синтетикалық есепке алу тіркелімі болып табылатын 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кітапты өнімдер өндіруді, қызметтер көрсетуді жүзеге асырмайтын ұйымдар қолданады.

Кітаптың негізінде белгілі бір күнге субъектідегі мүліктің және ақша қаражатының, сондай-ақ олардың көздерінің болуы анықталады және қаржылық есептілік жасалады. Ол субъектілер қолданатын барлық бухгалтерлік шоттарды қамтиды және олардың әрқайсысында шаруашылық операциялардың есебін жүргізуге мүмкіндік береді. Кітапты арнаған кезде ұйым ақпараттың түсініктігі, сенімділігі, салыстырмалығы, толықтығы сияқты ақпараттың сапалы сипаттамаларын қолдануы тиіс. Қысқартылған, кодталған жазбаларды және символдарды пайдаланған жағдайда олардың мағынасы әрбір нақты жағдайда түсіндірілуі тиіс.

Әрбір субъект бір ғана кітап арнайды, ол нөмірленеді, түптеледі және сүрме немес мастикалық мөрмен таңбаланады. Кітапта парақтардың саны соңғы бетінде субъектінің, бас бухгалтердің немесе осы субъектінің бухгалтерлік есебін жүргізуді қамтамасыз ететін тұлғаның қолымен расталады.

Кірістерді есепке алу кітабы және бухгалтерлік есептің басқа тіркелімдері басшының қарауына қарай электрондық түрде жүргізілуі мүмкін. Электрондық түрде арналған және кезең аяқталғаннан кейін қағаз тасығыштарға шығарылған нөмірленген және түптелген Кітаптың соңғы бетінде онда қамтылған беттердің саны көрсетіледі, ол субъектінің мөрімен және бас бухгалтердің немесе осы субъектінің бухгалтерлік есебін жүргізуді қамтамасыз ететін қолдарымен расталады.

Субъектінің бухгалтерлік құжаттамасын жасау және ресімдеу 1-ші ҚЕҰС талаптарына, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген ережелер мен талаптарға, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алу ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Қызметкерлермен еңбекақы жөнінде есеп айырысуды есепке алу үшін шаруашылық операцияларын есепке алу кітабымен қатар субъект 9-қосымшаға сәйкес В – 7 нысанды еңбекақыны еспке алу ведомосін жүргізеді.

Өнімдер, жұмыстар мен қызметтер өндіруді жүзеге асыратын субъекті қаржы-шаруашылық операцияларын есепке алу үшін бухгалтерлік есепке алудың мынадай тіркелімдерін қолдана алады:

· 3-қосымшаға сәйкес ақша қаражатын есепке алу ведомосі - В – 1 нысаны;

· 4-қосымшаға сәйкес қорларды есепке алу ведомосі - В – 2 нысаны;

· 5-қосымшаға сәйкес қаржы инвестицияларын есепке алу ведомосі – В – 3 нысаны;

· 6-қосымшаға сәйкес есеп беретін тұлғалармен есепке алу ведомосі – В – 4 нысаны;

· 7-қосмышаға сәйкес сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысудың есебі ведомосі – В-5 нысаны;

8-қосымшаға сәйкес өнім берушілермен есеп айырысудың есебі ведомосі – В – 6 нысаны;

· 10-қосымшаға сәйкес есеп айырысуларды және өзге де операцияларды есепке алу ведомосі – В – 8 нысаны;

· 11-қосымшаға сәйкес биологиялық активтерді есепке алу ведомосі – В – 9 нысаны;

· 12-қосымшаға сәйкес негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің қозғалысын есепке алу ведомосі – В – 10 нысаны;

·13-қосымшаға сәйкес негізгі құралдар, материалдық емес активтер жөніндегі амортизациялық аударымдарды есепке алу ведомосі – В – 11 нысаны;

· 14-қосымшаға сәйкес есепті кезеңнің шығындарын есепке алу ведомосі – В – 12 нысаны.

Қолданылатын ведомостердегі айналымдар жөніндегі қорытындыларды 17-қосымшаға сәйкес қорыту жиынтық ведомосте В-14 нысаны бойынша жүргізіледі, оның негізінде бухгалтерлік баланс жасалады.

Жиынтық ведомость синтетикалық есепке алудың тіркелімі болып табылады және ағымдағы есепке алудың деректерін қорытындылауға және бухгалтерлік есепке алудың шоттары бойынша жүргізілген жазбалардың дұрыстығын өзара тексеруге арналған.

Есепті кезеңде қаржы нәтижесін анықтау үшін субъект 18-қосымшаға сәйкес қаржы нәтижесін есептеу кестесін пайдаланады, оның нәтижесінде табыс пен шығындар туралы есеп жасалады. Кітаптар мен ведомостерді толтыру 21-қосымшаға сәйкес кітаптар мен ведомостерді толтыру ережесіне сай жүзеге асырылады.

Жоғарыда көрсетілген тіркелімдерден басқа, субъекті бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен басқа да бухгалтерлік есеп тіркелімдерін қолдана алады.

Ауыл шаруашылығында өз қызметтерін жүзеге асыратын шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін заңды ұйымдардың жыл бойы алынған кірістері 1-ҚЕҰС-на сәйкес мынадай жағдайларда кіріс болып танылады:

● сатушыдан сатып алушыға елеулі тәуекелдердің және тауарларға иелік ету басымдықтарының көшуі;

● сатушы басқаруға көбірек қатыспайды және сатылған тауарды бақыламайды;

● кірістің сомасы сенімді бағалануы мүмкін;

● мәмілеге байланысты экономикалық пайда ұйымға түседі деген ықтималдылық бар;

● мәмілеге байланысты келтірілген немесе күтілетін шығындар сенімді бағалануы мүмкін.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының кірістері мынадай жолдары арқылы алынады:

1) тауарларды сату;

2) қызметтер көрсету;

3) қаржыландырудан алынатын кірістер;

4) өзге де шығыстар нәтижесінде алынған кірістер.

Кіріс субъекті ұсынатын кез келген сауда және көтерме жеңілдіктерді ескере отырып, алынған немесе алуға жататын өтеудің әділ құны бойынша өлшенеді. Операциядан туындайтын кіріс сомасы субъекті мен сатып алушы немесе активті пайдаланушы арасындағы шартпен анықталады.

Тауарларды сатудан түсетін кіріс төмендегі берліген барлық шарттар қанағаттандырылғанда танылады:

1) субъект сатып алушыға тауарға меншік құқығына байланысты елеулі тәуекелдер мен сыйақыларды берді;

2) субъект әдетте меншік құқығымен үндесетін деңгейдегі басқаруда енді қатыспайды және сатылған тауарларды бақыламайды;

3) кіріс сомасы сенімді өлшенуі мүмкін;

4) операцияларға байланысты экономикалық пайдалар Субъектіге түседі деген ықтималдылық бар;

5) операцияға байланысты келтірілген немесе күтілетін шығындар сенімді түрде өлшенуі мүмкін.

Қызметтер көрсетуді ұйғаратын операция нәтижесін сенімді өлшеген кезде кіріс баланс күніне операцияның аяқталу сатысына көрсету жолымен танылады. Операцияның нәтижесі егер мынадай шарттар орындалса, сенімді түрде есептелуі мүмкін:

1) кіріс сомасы сенімді түрде өлшенуі мүмкін;

2) операцияға байланысты экономикалық пайдалар субъектіге түседі деген ықтималдылық бар;

3) операцияға байланысты келтірілген немесе күтілетін шығындар сенімді түрде өлшенуі мүмкін;

4) операцияны жүзеге асыру үшін келтірілген шығындар және оны аяқтау үшін қажет шығындар сенімді өлшенуі мүмкін.

Операцияның аяқталу сатысы орындалған жұмысты сенімді бағалауды қамтамасыз ететін тәсілмен анықталуы тиіс, атап айтқанда:

1) орындалған жұмыс туралы есептер;

2) қызметтердің жалпы көлемінен пайыз ретінде ұсынылған қызметтер;

3) шеккен шығындардың жалпы күтілетін шығындарға тепе-тең ара қатынасы.

Қызметтер көрсетуді ұйғаратын операцияның нәтижесі сенімді бағаланбаса, кіріс танылған өтелетін шығыстар сомасында ғана танылады.

Қаржыландырудан түсетін кірістерге кірістердің мынадай түрлері жатқызылады:

1) сыйақылар бойынша кірістер, онда қаржы активтері бойынша кірістер алуға (пайдалануға ақша қаражатын бепргені үшін алынған, осы банкте шоттағы ақша қаражатын банктің пайдаланғаны үшін пайыздар) байланысты операциялар көрсетіледі;

2) дивидендтер бойынша кірістер, онда бағалы қағаздар жөніндегі алынған дивидендтер бойынша кірістер алуға байланысты операциялар көрсетіледі;

3) қаржылық жалға беруден түсетін кірістер, онда қаржылық жалға берілген активтер бойынша кірістер алуға байланысты операциялар көрсетіледі;

4) жылжымайтын мүлікке инвестициялармен жасалатын операциялар-дан түсетін кірістер, онда кез келген капиталдың құнының өсуінен түсетін жалдау төлемдерін немесе кірістерді алу мақсатында (иесінің немесе жалға алу шарты бойынша жалға алушының) иелігіндегі жылжымайтын мүліктен (жер, ғимарат немесе олардың бір бөлгі) кірістер алуға байланысты операциялар көрсетіледі;

5) қаржыландырудан алынатын өзге де кірістер, онда кірістердің басқа түрлерінде көрсетілмеген қаржыландырудан түсетін өзге кірістер көрсетіледі.

Ауыл шаруашылығы кәсіпоырндарының өзге де кірістеріне мыналарды жатқызуға болады:

1) активтерді есептен шығарудан түсетін;

2) өтеусіз алынған активтерден түсетін;

3) мемлекеттік субсидиялардан түсетін;

4) оң бағамдық айырманың;

5) операциялық жалға беруден кіріс түрлері;

6) шарттардың талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімақылар, тұрақсыздық айыптары;

7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгілен-ген қуыну мерзімі өткен кредиторлық берешектің сомасы;

8) түгендеу кезінде анықталған материалдық құндылықтардың артықтары;

9) субъектіге келтірілген шығындарды өтеуге түсетін түсімдер;

10) өзге де осыған ұқсас кірістер жатқызылады.

Кірістер берілген ақша қаражатының сомасына түзетілген алынған тауарлардың немесе қызметтердің әділ құны бойынша өлшенеді. алынған тауарлардың немесе қызметтердің әділ құны сенімді өлшенбеген жағдайда кіріс берілген ақша қаражатының сомасына түзетілген берілген тауарлардың немесе қызметтердің әділ құны бойынша өлшенеді.

Субъектінің активтерін басқа тараптардың пайдалануынан туындайтын пайыздар бойынша кіріс активтің іс жүзіндегі кірістілігін ескеретін тепе-тең уақыт негізінде танылады.

Ауыл шаруашылығы кәсіпоырндары кірістерді алуға байланысты белгілі бір мөлшерде шығындар жұмсайды. 1-ҚЕҰС-на сәйкес шығыстарға мыналарды қамтиды:

1) сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны;

2) өнімді және көрсетілген қызметтерді сату жөніндегі шығыстар

3) әкімшілік шығыстар;

4) қаржыландыруға арналған шығыстар;

5) тоқтатылатын қызметке байланысты шығыстар;

6) үлестік қатысудан түсетін шығындар;

7) корпоративтік табыс жөніндегі шығыстар;

8) өзге де шығыстар.

Шығыстар егер сенімді өлшенуі мүмкін активті азайтуға немесе міндеттемелерді арттыруға байланысты болашақ экономикалық пайданы азайту болса, пайда және шығындар туралы есепте танылады.

Шығыс егер шығындар болашақ экономикалық пайда түсірмесе немесе болшақ экономикалық пайда баланста актив ретінде тануға құқық алмаса немесе жоғалтса, пайдалар мен шығындар туралы есепте танылады.

Шығыс сондай-ақ өнімге кепілдік жөнінде міндеттемелер туындаған жағдайдағыдай активті танымай міндеттеме туындағанда пайда мен шығындар туралы есептен танылады.

Сатылған өнімнің өзіндік құны оны өндіруге, толықтай қалпына келтіруге жұмсалынған тікелей және үстеме шығындардың жиынтығы болып саналады.

Өнімді және көрсетілген қызметтерді сату жөніндегі шығыстар өнімді және көрсетілген қызметтерді сатуға байланысты шығыстарды қамтиды. Оларға мыналар жатады:

1) сату бөлімі қызметкерлерінің еңбекақысы және еңбекақысынан түсетін аударымдар, меншікті сақтандыру жөніндегі шығыстар, іссапар шығыстары, қорларды сату кезінде пайдаланылатын негізгі құралдар объектілерін ұстау жөніндегі шығыстары және басқалар;

2) жүктерді жеткізу пунктіне дейін тасымалдау, тиеу-түсіру жұмыстары;

3) маркентингтік қызметтерге арналған шығыстар және басқа да осыған ұқсас шығыстар.

Әкімшілік шығыстарға өндірістік процеске байланысты емес басқару және шаруашылық шығыстары жатқызылады.

Қаржыландыруға арналған шығыстар мыналарды қамтиды:

1) сыйақылар бойынша шығыстар;

2) қаржылық жалдау жөнінде пайыздар төлеуге арналған шығыстар;

3) қаржыландыруға арналған өзге де шығыстар.

Салықтар бойынша шығыстарға 1-ҚЕҰС-на сәйкес «Табыс салығы жөніндегі есеп» бөлімінде анықталатын корпоративтік табыс салығы жөніндегі шығыстар жатқызылады.

Өзге шығыстарға қарапайым қызмет процесінен тәуелді болмай туындайтын өзге өндірістік шығыстар жатқызылады. Оларға мыналар жатқызылады:

1) активтерді істен шығару жөніндегі шығыстар,

2) бағамдық айырма жөніндегі шығыстар;

3) резервті құру және үмітсіз талаптарды есептен шығару жөніндегі шығыстар;

4) операциялық жалдау жөніндегі шығыстар және басқалар.

Шығыстарды есептен шығару есепті кезеңнің аяғында жүзеге асырылады және қаржы жылындағы қорытынды нәтижемен жабылады.

Қаржылық есептілікте берілген табыс салығы жөніндегі салық төлемі салық мақсаттарында мәлімделген кіріс салығына сәйкес келеді.

Сонымен, қаржылық есептіліктің 1-ші Ұлттық стандарты бойынша ауыл шаруашылығында қызметтерін жүзеге асырушы шаруа қожалықтары мен фермерлер және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу мақсатында реттелмеген ережелер мен талаптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және қаржылық есептіліктің 2-ші Ұлттық стандартымен реттеледі.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 1073 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.02 с)...