Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Німдер, жұмыстар мен қызметтерді сатудың талдамалық және жиынтық есебі



Өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді сатуға байланысты жұмсалған шығындарды есепке алуға 7110 «Өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді сату бойынша жұмсалған шығыстары» шоты арналған. Бұл шоттың дебетінде есепті кезең бойы өнімдерді сату бойынша төмендегідей шығыстар жинақталады:

- өнім салынған ыдыстар мен ыдыстық заттардың құны;

- өнімді жөнелтетін бекетке дейін тасымалдау, тиеу-түсіру шығындары;

- комиссиялық алымдар немесе жасасқан келісім шарттарға сәйкес өткізуші ұйымдарға өнімді өткізгені үшін төленетін сыйақылар;

- өнімді өткізетін жерлерде сақтауға арналған қоймаларды күтіп-ұстау шығындары;

- сатушылардың және басқа қызметкерлердің еңбек ақысы мен еңбек ақыдан аударымдары;

- өнімді сақтау және тасымалдау кезінде болатын табиғи жоғалтулар;

- жарнама және өнімді өткізу үшін жасалған нарықты зерттеулерге байланысты шығындары;

- өткізушіге және басқа делдалдық ұйымдарға төленетін коммиссиялық сыйақылар;

- өнімді сатуға байланысты басқа да шығындар.

Сатылатын өнімнің шығындары сатып алушының есебінен өтелетін болса, онда бұндай шығындар 7110 шотта көрсетілмейді, тек қана қосалқы және қызмет көрсететін өндірістер мен шаруашылықтардың қызметтері ретінде есепке алынады.

Өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді сату бойынша кірістер есебі 6010 «Өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді өткізу бойынша кірістер» шотында жүргізіледі. Шоттың кредитінде сатудан алынған кіріс сомасы көрсетіледі, ал есепті мерзімнің соңында бұл шот жабылып, сатудан алынған кіріс 5610 «Қорытынды пайда» шотына апарылады.

Төменде өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді сату және сатудан алынған кірістер бойынша шаруашылық операцияларына бухгалтерлік жазу берілген.

10 кесте - Дайын өнім сату және алынған кіріске байланысты шаруашылық оперциялары

Шаруашылық операциялардың мазмұны   Шаруашылық операциялары
Дебет   Кредит  
Қоймадан нақты өзіндік құнымен дайын өнім босатылды    
Келісімді бағалар бойынша сатып алушыларға салықтық шот фактуралар ұсынылды    
Қосылған құн салығы      
Сатып алушылардан сатылған өнім үшін төлем алынды   1010,  
Бюджетке қосылған құн салығы төленді      
Жыл аяғында дайын өнімді өткізуден келген кірістің есепке алынған сомасы    
Өнімді өткізуге жұмсалған шығындардың есепке алынған сомасы    

Бақылау сұрақтары:

1. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында өнімді сату есебінің негізгі міндеттері қандай?

2. Өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді өткізуге байланысты қандай құжат үлгілері қолданылады? Және олардың рәсімделу тәртіптері қандай?

3. Өнімдерді, жұмыстарды, қызметтерді сатуға байланысты қандай шығындар жұмсалады? Және оларға сипаттама беріңіздер?

4. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында сатудың талдамалық есебіне сипаттама беріңіздер.

5. Өнімді сатуға байланысты қандай бухгалтерлік жазулар беріледі?

Тест сұрақтары:

Сімдік шаруашылығынан алынған астық, көкөніс, мақта, қант қызылшасы және тағы басқа да өнімдерді жөнелту кезінде қандай құжаттар рәсімделеді?

А) төлем тапсырмасы;

Б) ішкі жүкқағазы;

В) тауарлық-транспорттық жүкқағазы және шот фактура;

Г) төлем ведомостісі;

Д) чектер.

Ауыл шаруашылығы өндірісінен алынған дайын өнімді, жұмыстар мен қызметтердің сатылу процесін жинақтап көрсетуші есеп тіркемелері ретінде қандай құжаттарды қолдануға болады?

А) 11 журнал ордер және оған тіркелген өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді өткізу ведомостісі мен ауыл шаруашылығы өнімдерін сату бойынша құжаттардың тіркемелерін;

Б) 11 журнал ордерді;

В) бас кітапты;

Г) бухгалтерлік балансты;

Д) пайда және зиян туралы есептілікті.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 1157 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...