Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Німдерді, жұмыстар мен қызметтерді сату есебінің жалпы ұстамдары мен міндеттері



Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары өздері өндірген өнімдердің негізгі бөлігін сатуға шығарады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары көмекші өндіріс пен өнеркәсіп өндірісінің қызметтері мен жұмыстарын да басқа жаққа ұсынады. Өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді өткізу ұйым қаражатының соңғы айналымы болып саналады. Демек, өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді сатудан түскен түсім оларды өндіруге жұмсаған шығындарды толықтай жауып, шаруашылыққа пайда әкелуі қажет.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы кәсіпорындары өздері өндірген өнімдерін, соның ішінде астық, көкөніс, ет, сүт өнімдерін өңдеуші өнеркәсіптік кәсіпорындарға келісім бағалар бойынша өткізеді.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында дайын өнімді сату есебінің негізгі міндеттері болып мыналар саналады:

- өнімнің түрі, саны, сапасы бойынша сату көлемінің деңгейін анықтау;

- сату процесін көрсететін барлық алғашқы құжаттардың дер кезінде және дұрыс рәсімделуін қамтамасыз ету;

- сатылу бағаларының дұрыс қолданылауын бақылау;

- өңдеуші өнеркәсіп орындарының дер кезінде есеп айырысуын және ұйымға кірістердің дер кезінде түсуін бақылау;

- өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді өткізуден қаржылық нәтижені анықтау.

Бұл аталған міндеттердің барлығы өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді сату бойынша алғашқы құжат айналымын дұрыс ұйымдастыру, талдамалық және жиынтық есепті тиімді құру арқылы орындалады.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 711 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...