Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сағат



Есепті мерзім ішінде көшірме құрылғысы арқылы 110 000 көшірме жасалды, ал құрылғының жұмыс істеген уақыты 1900 сағат. Әрбір жағдайда жылдық амортизациялық аударым мынаған тең болады:

0,22 ´ 110 000 = 24 200 теңге;

11,0 ´ 1 900 = 20 900 теңге.

Тәжірибеде ұйым негізгі құралдар объектісінің өндірістік қуаттылығын сипаттайтын көрсеткіштердің бірін таңдап алуы қажет.

Азайып отыратын қалдық әдісі – негізгі құралдардың пайдалылығы мен өнімділігі соңғы пайдалану кезеңге қарағанда алғашқы пайдалану кезеңдерінде едәуір жоғары болытындығымен түсіндіріледі. Бұл объектінің тез моральдық тозуға ұшырауына немесе қызмет ету кезеңнің соңында техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге жұмсалған шығындардың шамадан тыс жоғарылауына байлансты болады. Шығындар мен кірістердің арасындағы арақатынасты қамтамасыз ету үшін объектінің амортизациясы әрбір ағымдағы мерзімде болашақ мерзімге қарағанда жоғары болуы тиіс. Бұл әдіс кезінде амортизация нормасы амортизацияланатын құнға емес, өткен мерзімнің соңындағы объектінің баланстық құнына қолданылады. Соған байланысты қалдық құнын азайту үшін қажетті шамамен шектелетін соңғы жылды қоспағанда, тозуды есептеген кезде жойылу құны есеп алынбайды. Азайып отыратын қалдық әдісіқолдану кезінде амортизацияның шектелген нормасы барлық уақытта қалдық құнға қолданылады.

4 мысал: Бірқалыпты әдіспен амортизациялық аударымның қарапайым нормасы – 20 %, жеделдетілген амортизация үшін 2 коэфициентін есепке алған жағдайда амортизация нормасы 40 % және ол қалдық құнға шектелген (қатаң) мөлшерлеме болып есептеледі. Мұндай жағдайда бастапқы құны 1 000 000 теңге, жойылу құны 100 000 теңге болатын құрылғының жыл сайынғы амортизациялық аударымы мынаған тең болады:

2 кесте – Бір қалыпты әдіс бойынша амортизациялық аударымды есептеу

Қызмет ету мерзімі Бастапқы құны, тг Амортизация нормасы Қалдық құны
1-ші жыл 1000 000 400 000 (40%×1000000) 600 000
2-ші жыл 1000 000 240 000 (40%×600 000) 360 000
3-ші жыл 1000 000 144 000 (40%×360 000) 21 600
4-ші жыл 1000 000 86 400 (40%×21 600) 129 600
5-ші жыл 1000 000 29600 (12 960-2960) 100 000

Бөліміндегі сома бойынша құнды есептен шығару әдісі (кумулятивтік әдіс) – есептелу коэфициентін анықтауды білдіреді. Коэфициенттің алымы қызмет ету мерзімінің жылдар сомасына тең болса, ал бөлімі кері тәртіп бойынша қызмет ету мерзімінің соңына дейінге қалған жылдар санын білдіреді. Бұл коэфициент пайдаланудың әрбір кезеңінде әртүрлі болады, бірақ амортизацияланатын құнның тұрақты деңгейіне қолданылады.

Бұл әдісті кезінде алғашқы жылдары амортизация сомасы кейінгі жылдарға қарағанда анғұрлым жоғары болады.

5 мысал: Дизелдік құрылғының болдамды қызмет ету ұзақтығы -5 жыл болса, онда алымы 15 тең болады, яғни бөлім самасына – қызмет ету жылы (1+2+3+4+5), мұндағы 15 – кумулятивтік сан, әрбір жыл үшін есептеу коэфициенті мынаны құрайды: 5/15, 4/15, 3/15, 2/15, 1/15. Егер дизельдік құрылғының бастапқы құны 200 000 теңге, жойылу құны 20 000 теңге болса, амртизацияланатын құн 180 000 теңге тең болады, ал жыл сайынғы амортизация төмендегідей тәртіппен анықталады:

3 кесте – Кумулятивтік әдіс бойынша амортизациялық аударымды есептеу

Қызмет ету мерзімі Амортизация сомасы, тг
1-ші жыл 60000 (180000×5/15)
2-ші жыл 48000 (180000×4/15)
3-ші жыл 36000 (180000×3/15)
4-ші жыл 24000 (180000×2/15)
5-ші жыл 12000 (180000×1/15)

Кумулятивтік санды тез анықтау үшін мына формуланы қолданады:

N × (N + 1)

S = ¾¾¾¾¾¾¾;

мұндағы, S – сандар сомасы, N – божамды қызмет ету ұзақтығы.

Біздің мысалда бұл:

5 × (5+1)

¾¾¾¾¾¾¾ = 15 (кумулятивтік сан).

Ұйымның негізгі құралдарға амортизацияны есептеу әдісі жие қайта қаралып отыруы тиіс. Амортизация әдісін өзгертудің қажеттілігі, мысалы нарықта тиімділігі әрі өнімділігі әлдеқайда жоғары құрылығылардың жаңа түрлерінің шығуына байланысты моральдық тозуға ұшырауына байланысты болуы мүмкін.

Жаңадан пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады, ал шығып кеткен негізгі құралдар бойынша шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады. Негізгі құралдарды тоқтатып қойып, қайта құру және техникалық қайта жаңарту, сондай-ақ оларды белгіленген тәртіппен тоқтатуға ауыстырған кезде амортизация есептелінбейді. Сонымен қатар амортизация негізгі құралдардың мына түрлеріне есептелмейді: жерге, өнім малдарына, кітахана қорларына, мұражай құндылықтарына, архитекторлық және мәдени ескерткіштерге, жалпыға ортақ пайдаланылатын автокөлік жолдарына.

Активтің амортизациялық құны пайдаланудың барлық мерзімі ішінде толықтай шығындарға апарылған болса, онда активті есептен шығармай, әрі қарай пайдалана беруге болады, бірақ мұндай жағдайда амортизация есептелінбейді.

Негізгі құралдарға ай сайын есептелген амортизациялық аударымдар 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы» шотын жүргізіледі. Осы кезде 8400 «Үстеме шығыстар» шоттарына тиісті негізгі және көмекші өндіріс шоттары 8410 «Негізгі құралдар және материалдық емес активтердің амортизацияся», 7210 «Әкімшілік шығыстар», 7110 «Өнімдерді сату және қызметтерді көрсету бойынша шығыстар» және т.б., яғни негізгі құралдардың орналасқан жерлеріне байланысты шоттар дебеттеліп, 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы» шоты кредиттеледі.

Негізгі құралдарға амортизацияны есептеу «Негізгі құралдарға амортизацияны есептеу ведомостісі» арқылы рәсімделеді.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 2580 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...