Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Франция готова наращивать сотрудничество



Делегация представителей деловых кругов Франции, возглавляемая минмстром внешней торговли Брюно Дюрью, провела переговоры в Министерстве внешнеэкономических связей Республики Казахстан. Были обсуждены перспективы развития двустороннего взаимовыгодного торгового-экономического сотрудничества.

В частности в Казахстане будут созданы совместные с французскими фирмами предприятия по изготовлению операционных столов и диагностических ультразвуковых аппаратов. Намечается также строительство заводов по производству алюминия, налаживания выпуска кабельной и проводниковой продукции.

Стороны пришли к предварительному соглашению в отношении обследования некоторых казахстанских предприятий экспертами из Франции с целью ускорения конверсии оборонного комплекса.

Французские партнеры намерены осуществлять деловые контакты непосредственно с регионами республики.

Делегация из Франции провела также переговоры в министерствах транспорта, промышленности, экономики,Национальном банке.

Мәтінге байланысты сөздерді есіңізде сақтаңыз.

Представители-өкілдері

Деловой круг-іскери орта

Взаимовыгодный-өзара тиімді

Проводниковая продукция-өткізгіш өнім

1-тапсырма. Мәтінге қатысты сұрақтар құрастырыңыз.

2-тапсырма. Сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырыңыз.

Мынау үлкен үй біздің басқарманікі. Мына тәтті алма біздікі емес, олардікі. Кішкентай дәрісхана-біздікі. Мына кітап-кітапхананікі. Төртінші бөлме-қарындасымдікі. Бұл ет жылқынынікі емес, қойдікі. Жақсы тауарлар онікі емес, біздікі.

3-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыз.

Пікр алысу, жұмыс туралы айту, қолдауын білдіру, іске кірісу, қоршаған ортаны қорғау, табысты деп бағалау, сенім білдіру, жұмыс істеуге шақыру, француз тілін оқыту.

4-тапсырма. Сөйлемдерді жалғастырыңыздар.

Қазақстан Республикасының Президенті.........................

Елбасы меймандарды.....................................................

Француз іскерлері...........................................................

Француз компаниялары.......................................................

Шетелдік инвесторлар.........................................................

5-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ)

1 Тапсырма. Жағдаят. Парижде іссапармен болған досыңызбен сұхбат құрыңыз.

2 Тапсырма. Газет бетіне Қазқстанмен Францияның Қарым-қатынасына байланысты шыққан мақаланы мазмұндауға дайындалыңыз.

3 Тапсырма. «Батыс және біз» тақырыбы бойынша шығарма жазыңыз.

10-САБАҚ

Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Ұлыбританияның қарым-қатынасы.

Грамматикалық тақырып: Мақсат үстеу.

Жаңа сөздермен жұмыс:

Өркениет-цивилизация

Ұмтылыс-стремление

Барлау-проверять, разузнавать

Игеру-освоить

Оң құбылыс-положительное явление

Меймандар- гости

Ластау-загрязнить

Мәтінмен жұмыс:оқу, аудару.

Қазақстан өз дамуында тең түсіністік пен ынтымақтастық қарым-қатынасқа айрықша мән беріп келеді. Бұл замана талабы біздің елдің Ұлыбританиямен қалыптасқан оң құбылыстарымен де анық байқалады.

Екі ел өркениет жолында өзектесіп, алыс-беріс қарқын ала бастаған. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбританияның іскер топтарымен болған бірқатар кездесулерде екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайту жолындағы ұмтылыстарды атап айтқан.

Қазақстанға инвестиция құюдан мәліметтер бойынша Ұлыбритания АҚШ пен Корея Республикасынан кейін үшінші орында тұр.

Екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастық негізінен энергетика,тау-кен өнеркәсібі,сауда, әлеуметтік құрылымдар,деңсаулық сақтау, көлік және байланыс, пайдалы кен қазбаларын барлау және игеру салалары болып саналады.

Біздің елде 100-ге тарта Қазақстан-британ бірлескен кәсіпорны және 50-ге тарта Британия компанияларының өкілдігі бар. «Бритишгаз» тәрізді әлемге танымал компаниясы, металлургия саласында «Испат-Қармет» компаниясының жұмысы біздің республика жұртшылығына белгілі. Алыс-берісі арнаға түскен Ұлыбритания мен Қазақстанның байланыстары тек қана экономика мен саясатта емес, сонымен қатар мәдениет, білім беру, әскери салада, атап айтқанда, дүние жүзінде бейбітшілікті сақтап қалу ісінде, халықаралық терроризмге қарсы мәселесіндегі ынтымақтастыққа да негізделген.(Ә.Ахметов).

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1.Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

2. Сөйлемдерді толықтырып жазыңыздар, қажетті сөздер берілген.

· Ұлыбритания Парламентінің мүшелері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының........................болды.

· Мәжіліс..................шетелдік меймандарға Қазақстанда жүріп жатқан реформалар туралы..................

· Ұлыбритания Қазақстанды өзінің.................ретінде санайды.

· Қазіргі әлемдік ауқымда көтеріліп отырған экология.................байланысты қоршаған................ластанудан сақтау......................кеңінен жүргізу керек.

· Елімізде жүріп жатқан экономикалық реформаларға, сондай-ақ.................жемқорлыққа байланысты министірлерге нақты.................берілді.

Қажетті сөздер: тапсырмалар, әріптесі, қабылдауында, баяндады, мәселесіне, шараларын, сыбайлас, ортаны.

3. Сөздердің орын тәртібін дұрыс келтіріңіз.

Беріп келеді, Қазақстан, айрықша мән, өз дамуында, қарым-қатынасқа, тең түсіністік пен ынтымақтастық.

Екі ел, ала бастады, өркениет жолында, қарқын, өзектесіп, алыс-беріс.

Кенейте бермек, даму жолындағы, өз аясын,мұндай,ықыласты мәселелер.

Алда тұр, қазіргі уақытта, шешілетін көптеген мәселелер, Ұлыбританияның, екі елдің арасында, сенімді инвестициялық әріптес, болуымен байланысты.

4.Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

В Национальной библиотеке открылась большая книжная выставка и прошел вечер английской народной музыки.

В ближайшие дни в рамках фестиваля британской культуры в Алматы состоится концерт группы «ИННЭ СЭНС», в состав которой входят знаменитые исполнители.

Завершится акция Неделей британских фильмов, которая пройдет в Доме кино в конце ноября.

Бүгінгі қайталайтынымыз.

Мақсат үстеулері(нар.намерения):әдейі, қасақана,әдейілеп, жорта, біле тұра т.б. Сұрақтары:қалай? Неге?

5. Мақсат үстеулеріне көркем шығармадан мысал жазып келіңіз.

Сұрақтарғажазбаша түрде жауап беріңіз.

1. Қазақстан мен Ұлыбритания қарым-қатынастары туралы не білесіздер?

2. Екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстар қашан орнаған?

3. Қазақстан мен Ұлыбритания қатынастары қандай салаларда дамыған?

ОСӨЖ

Жаңа сөздермен жұмыс:

Өкінішке орай- к сожелению

Зиялы қауым- интеллигенция

Көшпенділер- кочевники

Туындылар- произведения

Тамсану- восхищение

Назарынан тыс- вне внимания

Икем- склонность, умение

Икемді- приспособленный

Тепе-теңдік- равноправие

Ұстану- придерживаться

Мәтінді оқып, аударыңыз.

Қазақстан британдықтардың көзімен

Қарапайым британдықтардың көбісі, өкінішке орай, Қазақстанды білмейтін көрінеді. Кеңес Одағының сыртқы дүниеге жабық қоғам болғандығы кері әсерін тигізбей қоймады. Алайда іскер топтар, саясаттанушылар, бақылаушы-сарапшылар елімізде болып жатқан саяси-экономикалық өзгерістерге зор қызығушылық танытып отыр. Орта Азияның өзге елдерімен салыстыра отырып, Қазақстандағы қоғамның қай бағытта келе жатқандығын жіті қадағалаумен келеді. Республикада болып жатқан соңғы саяси оқиғалар, конституциялық өзгерістер британдық саясатшылардың назарынан тыс қалып жатқан жоқ.

Ұлыбританияның зиялы қауымы біздің мемлекетке экономикалық әлеуеті мол, табиғи қорларға бай ел деп қарайды. Британдық телетілшілердің қазақстандықтар өмірінен көрініс беретін деректі фильмдері де көрсетіліп тұрады.Көшпенділердің мәдениетінің лебі сезілетін музыка өнерінің туындыларын, айтысқа түскен суырып-салма ақын-жырауларымыздың өнерін, ұлттық дәстүрдегі спорт ойындарын тамсана қарап отырады.

Қазақстандағы тұрақтылықтың нақты кепілі оның Президенті екенін атап көрсетеді.

Қазақстанның сыртқы саясатын талдай келе, шолушылар Қазақстан өзінің қауіпсіздігі мен экономикалық өсуін қамтамасыз ету мақсатымен үш ұлы державаның – Ресейдің, АҚШ пен Қытайдың арасында икемді тепе-теңдік ұстанатын саясат жүргізуде деген тұжырымға келді. (Д.Жұмаділ).

Лексика-грамматикалық тапсырмалар.

1. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

2. Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер ойлап жазыңыздар.

Іскер топтар, бақылаушы-сарапшылар, қызығушылық таныту, назардан тыс қалмау, тыйым салу, экономикаға инвестициялар тарту, пікірдің қалыптасуы, пікір білдіру, тамсана әңгімелеу.

3. Төмендегі сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.

Правительственная делегация, глубокий анализ, всесторонний обмен мнениями, выражать заинтересованность, ставить на первый план, вкладывание и привлечение инвестиций, довольно значительный уровень, максимально благоприятные условия, относиться с ответственностью.

4. Берілген сөздердің синонимдерін жазып шығыңыз.

Жұртшылық................., танымал...................., инвестиция құю..............., нығайту......................, саналады..............., қадағалау....................., мол..............

5. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.

Ұлыбритания зиялы қауымының Қазақстан туралы пікірі қандай?

Британия ақпарат құралдарын Қазақстан неліктен қызықтыратын болды деп ойлайсыздар?

Сіздінше, Қазақстандағы тұрақтылық неге байланысты сақталып тыр?

Тұтастай алғанда Қазақстан Британия баспасөзінің беттерінде қандай орын алады деп санайсыз?

Студенттердің өздік жұмысы

1. «Астананың (Алматының) визит (танысу) карточкасы» тақырыбы бойынша сұхбат ұйымдастырыңыздар.

2. «Қазақстан британдықтардың көзімен» тақырыбы бойынша шығарма жазып тапсырыңыз.

3. Қазақстан мен Ұлыбританияның мәдени байланыстары жөнінде газет бетінен мақала алып, мазмұндаңыз.

11-сабақ

Лексикалық тақырып: Халықаралық сыйлықтар.

Грамматикалық тақырып: Себеп- салдар үстеуі

Сөздермен жұмыс. Сөздікті пайдаланыңыз.

Айрықша- особенный

тарихта қалу- остаться в истории

қайшылық- противоречие

өзгеше- особенно

мансап- карьера

жету- достигнуть

қарапайым- обычный

жалғыздық қонақжай-

жабырқау-

өнертапқыш-изобретатель

көзқарас-взгляд, мировоззрение

ойлап табу-

пайдалану-использовать

астам-более

бірігу-соединять

марапаттау-награждать

қор- фонд

Оқыңыз,аударыңыз.

Халықаралық сыйлықтар. Альфред Нобель.

Нобель сыйлығы айрықша халықаралық сыйлық болып табылады. Жазушы немесе ғалым, мемлекеттік қайраткер. Нобель сыйлығын алған болса, бұл дегеніңіз – жазушы талантты шығарма, кітап жазғаны ғалымның маңызды ғылыми жаңалық ашқаны, ал мемлекеттік қайраткер өз елінің өмірінде прогрессивті роль атқарғаны, мүмкін әлем үшін де Нобель сыйлығы берілген адам адамзат тарихында қалады.

Альфред Нобель, танымал швед жазушысы, өмірі қайшылыққа толы адам болған (был человеком контрастов). Ол өнер мен әдебиет қызықтырған кәсіпкер болған. Ол табысты мансапқа жетті, бірақ, әрқашан қарапайым өмір сүрді және жалғыздықты жақсы көрді.Ол өте қонақжай және жақсы әңгімелесуші болған, ал күнделікті өмірде көңілсіз, жабырқау (грустный, мрачный) болған. Ол адамдарды жақсы көрген, бірақ өмір бойы жалғыз қалды. Ол Италияда дүниеден өтті. Оның жаңалықтары ойлап тапқандары әлемнің барлық елдеріне белгілі болды, бірақ өзі ешқашан белгілі болған емес, тек қана қайтыс болған соң оның есімі танылды.

Альфред Нобель 1833 жылы 21 қазанда Стокгольмде дүниеге келеді. Ол тоғыз жасқа толғанда, оның отбасы Ресейге көшті.

Альфредтің жастық шағы сол кезде әлем мәдениеті орталықтарының бірі болған Петербургте өтті. Қажетті білімді ол өз бетінше оқыды. Ол бірнеше шет тілін білді, ағылшынша, шведше, немісше, французша, орысша сөйлей білді. Он жеті жасқа толғанда Нобель Европаны саяхаттауға шықты (отправился путешествовать) Германияда, Францияда, Америкада болды.

А.Нобельдің әкесі талантты инженер болды. Ол бірнеше қызықты жаналықтар ашқан. Оның бірі су асты миналары. Әкесі сияқты Нобель де химияға қызықты. Отбасылары Швецияға оралғанда, Нобель химия лабораториясында жұмыс істеуді бастады. 1863 жылы әлемге өзін танымал еткен динамитті ойлап тапты.

Нобельды динамит королі деп санады, бірақ ол өзінің ашқан жаңалықтарын адамдарды жою үшін пайдалануды қаламады.

Нобель 350-ден астам жаналық ашты. Осы адамда ғалым мен кәсіпкердің таланты сәтті біріккен. Мүмкін оның таңқаларлық табыстарын осымен де түсіндіруге болар. Ол әлемнің 20 шақты елдерінде 93 өнеркәсіптің негізін салды және оларды басқаруға көп уақытын бөлді. Банк және қаржы істерімен өзі айналысты.

Нобельдің денсаулығы аса күшті болмаған, бірақ белсенді жұмыс істей алды. Ол 1896 жылы 10 желтоқсанда дүниеден өтті. Қайтыс боларынан бір жыл бұрын өзінің артында қалатын аса үлкен байлығы туралы аманат жазды. А. Нобель қайтыс болған соң, бұл құжатты жариялады. Оның мазмұны көпшілік үшін күтпеген және өзгеше болды. Онда оның барлық байлығы сатылуға қажетті екендігін жазған. Осы ақшаға акция сатып алуға тиісті. Осы акция әкелетін қаржы адамзатқа үлкен пайда әкелген адамдарға сыйлық ретінде жыл сайын пайдалануға тиісті.

Ғалымдарды, жазушыларды, мемлекеттік қайраткерлерді марапаттау үшін негізін салуды шешкен кәсіпкер, химик-экспериментатор Альфред Нобель осындай болған.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар.

1-тапсырма.

Мәтін бойынша сұрақтар құрыңыз.

2-тапсырма .

Мына сөз тіркестерінің қазақ тіліндегі баламасын табыңыз:

Айрықша сыйлық, халықаралық сыйлық, мемлекеттік қайраткер, ғылыми жаналық адамзат тарихы, қарапайым өмір, жалғыз қалу, ақылға сыймас махаббат, өте білгілі, өз бітінше, су асты миналары, әскери мақсат, таңқаларлық табыстар, аманат жазды, қайраткерлерді марапаттау.





Дата публикования: 2014-10-29; Прочитано: 713 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.022 с)...