Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Чарльз Диккенс



Чарльз Диккенс(7.2.1812,Ұлыбритания,Лендпорт - 9.6.1870,Гейдсхилл) - ағылшын жазушысы.Диккенс шетелдерді көп аралаған,әсіресе,Италия мен Францияда жиі болған.Негізінен,Лондонда тұрып,шығармаларына қала өмірін өзек етіп алған.Алғашқы "Поплар - Уақыттағы түскі тамақ"(1833)әңгімесі мен "Боз очерктері"(1836)арқылы Диккенс қалалық қаламгер ретінде танымалы болып,шыншыл сатира мен өміршең юморға бейімділігін көрсетті.Диккенс сол кезеңдегі шығармаларының астына "Боз" деп қоятын.Өзі роман-утопия деп атаған "Пиквик клубының өсиет жазбалары" (1837) жеңіл юмырымен ағылшын оқырмандарына ерекше әсер етті.Диккенс "Оливер Твистің басынан кешкендері"(1838)"Николас Никльбаның өмірі мен басынан кешкендері"(1839)аталатын шытырман оқиғалы романдары арқылы әлеуметтік мәселелерді көтере білді.Одан кейінгі "Мартин Чезлвиттің өмірі мен басынан кешкендері"(1844),"Жаңа жыл повестері"(1834-1846),"Домби мен баласы"(1948)романдары ағылшын өмірін жан-жақты ашылып көрсеткен әлеуметтік- психологиялық шығармалар болды.Диккенстің "Дэвидт Копперфилд"(1850),"Суық үй"(1853),"Ауыр кезеңдер"(1854)."Сүйкімді Дорит"(1857) романдары шыншылдықпен жазылған шығармалар.Диккенс өз шығармашылығында халық өміріне,әлеуметтік мәселелергеерекше көңіл бөлінді.Диккеністің "Үлкен үміттер" (1861),"Біздің ортақ досымыз" (1865),Эдвид Друдтың құпиясы" (1870)-қоғамның әлеуметтік мәселелерін көтерген,сатиралық,сыншылдық бағытта жазылған шығармалар.Жазушы өз романдарында аңқау,қорғансыз кейіпкерлерін өзімшіл және есеппен өмір сүретін ортаға қарсы қою арқылы өз заманының адамгершілік,имандылық мәселелерін көтере білді.Диккенстің "Бастилия тұтқыны" атты шығармасы 1923ж.қазақ тіліне аударылған.

Сөздік.

өзек - основа,стержень

кейіпкер - персонаж,герой,образ

имандылық - духовность,мораль

сыншылдық - критическое отнашение,кртика

аңқау - наивный,простак,бесхитростноый

шытырман - чаща,запутанное дело

шыншылдық - правдивость

Лексика - грамматикалық тапсырмалар

1- тапсырма.Мәтінге қатысты сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Чарльз Диккенс кім?

2.Шығармаларын қандай тақырыпқа арнаған?

3.Оның қандай еңбектері бар?

4.Ч.Диккенс "Оливер Твисттің басынан кешкендерін" романын қай жылы жазды?

5.Қай романдарында әлеуметтік мәселелерді көтерген?

6.Жазушының қандай шығармасы қазақ тіліне аударылған?

2- тапсырма.Мәтіннен өткен шақта айтылып тұрған етістіктерді тауып жазыңдар.

3- тапсырма.Сөйлемдерді толықтырыңыздар.

1.Чарльз Диккенс.........................................

2.Италия мен Францияда...............................

3."Ауыр кезендер" романы........................

4.Ч.Диккенс әлеуметтік мәселелерге.......

5.Сатиралық,сыншылдық бағытта...........

6. Ч.Диккенстің "Бастилия тұтқыны"......

4- тапсырма.Сөздермен сөйлем құраңыздар.

Шетелдерді,шығарма,шыншылдықпен,адамгершілік,имандылық.

5- тапсырма.Аяқталмаған сөйлемдердін екінші жартсын дұрыс тауып аяқтаңыздар.

А)Ч.Диккенс көп аралаған

Ә)Италия мен Францияда ағылшын жазушысы

Б)Ч.Диккенс шетелдерді жиі болған

В)Өзі роман-утопия деп атаған "Оливер Твисттің басынан кешкендері"

Г)Дикенс өз шығармаларында "Пиквик клубынын өсиет жазбалары"

әлеуметтік мәселелерді көтерді.

Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің өздік жұмысы (ОСӨЖ)

Лондон

Лондон- Корольдік құрамының астанасы.

Лондон- Ұлыбританияның мәдениет, өндіріс және қаржы орталығы.Лондонда 76 мың студент оқитын 14 колледж бар.Британиялық Кітапханада дүние жүзіндегі ең құнды, бағалы деген кітаптар қоры бар.Лондонда көптеген галерея мен мұражайлар бар: Британия Мұражайы,Ұлттық Галерея.Бұл қалада мынадай атақты концерттік залдар бар: Корнеги- Холл және Жаңа Корольдік фестиваль залы.

Лондон-ежелгі дәстүрлер қаласы.

1- тапсырма.Сөздерді есімізде сақтаймыз.

мәдени - культурный

өндіріс - промышленный

қаржы - финансовый

ең құнды,бағалы - одна из самых ценных

кітаптар қоры - коллеккций

2- тапсырма.Сөз тіркесін құраңыз (мәтін мазмұны бойынша).

Лондон қаржы орталығы

Британиялық мұражайлар

Ұлыбританиянын мәдениет өндіріс

Кітапханада Британияда

3- тапсырма.Жедел өткен шақты еске түсіріңіз.Жаздым етістігін жіктеңіз.

Студенттердің өздік жұмысы.(СӨЖ).

1.Сұрақтарға жауап жазыңыз.

-Ұлыбританияның астанасы қандай қала?

-Ұлыбританияда әлемге әйгілі қандай унверситет бар?

2.Ұлыбританияның қандай әйгілі адамдарды білесіз?Сол туралы жазыңыз.

3."Менің сүйікті - Астанам" деген тақырыпқа шығарма жазыңыз.

8 – сабақ

Лексикалық тақырып: Қазақстан-дүниежүзілік қауымдастықта.

Грамматикалық тақырып: Мезгіл, мекен үстеулері.

1.Мәтінге қатысты сөздермен жұмыс:

Айқын-отчетливый(ясный,четкий)

Мемлекеттер тарапынан-со стороны государства

Құқылы толыққанды –правовое полное

Жетті-достиг

ынтымақтастық-соотрудничество

Қауымдастық-сообщество

Кепіл-гарантия

Белсене араласу-активно участвовать

әлеует-потенциал

қол жеткізу-доступ

1991жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы айқын сыртқы саясат жүргізе бастады.Тәуелсіздіктің бір белгісі-еліміздің дүние жүзіндегі басқа мемлекеттер тарапынан танылуы болып табылады.

Тәуелсіз жас мемлекетіміз 1992жылы 2 наурыз күні БҰҰ-ына мүше болып қабылданды.Ел өмірінде жаңа кезең басталды.Қазақстан халықаралық құқылы толыққанды субьект ретінде әлем аренасына жетті.Республикамыздың көк байрағы әлем елдері туларының қатарына қадалды.Бүгінде Қазақстанның БҰҰ,ЮНЕСКО(БҰҰ-ның білім,ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы),ЕҚЫҰ(Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы) секілді 100-ге тарта халықаралық ұйымда өкілдігі бар.Қазақстан енді әлемдік мәселелерді шешуге араласады. Қазақстан Республикасы өз болашағын әлемдік мемлекеттер қауымдастығына тығыз байланыстан көреді.Сол қауымдастықпен тығыз байланыс тәуелсіздігіміздің де, экономикалық,әлеуметтік дамуымыздың да басты кепілдерінің бірі.

Қазіргі уақытта Қазақстанның басым міндеттерінің бірі- дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болып кіру. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіміз-сауданың маңызды халықаралық мәселелері бойынша шешім қабылдауға белсене араласу мүмкіндігіне ие болу дегеніміз.ДСҰ-ына ену Қазақстанның нарығын кенейтуге көмектеседі,экспорт әлеуетін көбейтеді, әлемнің жүргізуші елдеріне қол жеткізуіне жол ашады.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар.

1 тапсырма. Мәтінге қатысты сұрақтар құрастырыңыз.

2 тапсырма. Сұрақтарға жазбаша түрде өз ойыңызды білдіріңіз.

Тәуелсіздіктің белгісі дегенді қалай түсінесіз?

Тәуелсіз егеменді ел болу үшін қандай шарттар қажет деп санайсыз?

Сізді қазір қандай әлемдік мәселелер толғандырады? Оларды шешудің қандай жолдарын ұсынасыз?

Бүгінгі қайталайтынымыз.

Іс-әрекет, қимылдың, заттың сынының түрлі белгілерін білдіретін сөздердің лексико-грамматикалық тобы үстеу деп аталады.Мағынасына қарай 8 түрі бар.

Мезгіл үстеу (қашан? Қашаннан?) - бүгін, жаздыгүні, анда- санда,былтыр,жуырда,күн ара, кейде, әуелде т.б.. Ерте ояндым, жете алмадым (Абай).

Мекен үстеу (қайда?қайдан?) - әрі, бері,жоғары, төмен, алға, артқа,мұнда, сонда т.б.. Ілгері басқан жасты кері қайтқан кәрі кейін тартады(мақал).

3 тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, үстеулердің мағыналық түрлерін анықтаңыз.

Британский совет активно продолжает фестивальную традицию, удачно начатую в прошлом году.

В Алматы недавно находилась делегация Национального совета американских предпринимателей.

Рано встанешь-солнце навстречу,

Поздно встанешь-ночь навстречу.

Подписанные соглашения вернулись назад.

4 тапсырма. Келесі сөздердің синонимдерін жазып шығыңыз.

Отан-........., көне-..............., мемлекет-..............., тәуелсіз-..............,қарқынды-...........,кұшті-...........,қазына-.............., тұтастық-...........,парыз-.................,тұтастық-........,қастерлеу-............,ереже-.............,дүниежүзі-...........,байланыс-............,мүше болу-..........,тұтынушы-...............

5 тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің өздік жұмысы (ОСӨЖ)

Жаңа сөздермен жұмыс:

Жеткізілім-доставки
тұтынушылар-потребители
кеңістік-пространство

ерітінді-сплав

көмірсутекті-углеводный

шикізат-сырье

сұраным-спрос

кешен-комплекс

өнім-продукт

жүн-шерсть

былғары-кожа

мақта-хлопок

пәрмен-сила

Оқып, аударырыңыз.

Сыртқы экономикалық байланыстар

Бүгінде республика дүниежүзіндегі жүз қырық бес мемлекетпен сыртқы сауда операцияларын жүргізуде.Экспорттық жеткізілімдер әлемнің жүз жиырма екі еліне жүзеге асырылуда, импорттық тауарлар жүз он бес мемлекеттен жеткізілуде.

Қазақстан өнімін негізгі тұтынушылар-Ресей, Нидерланды, Қытай, Швейцария,Германия, Өзбекстан, Италия, Украина, Ұлыбританият.б. Импортталатын тауарлардың басым бөлігі Ресейден, Өзбекстаннан, Түркіменстаннан, Германиядан, Түркиядан, Ұлыбританиядан, Беларусьтен, Украинадан, АҚШ-тан, Қытайдан жеткізіледі.

Қазақстан Еуропа мен Азия Тынық мұхит аймағын қосып жатқан маңызды геосаяси орын және стратегиялық кеңістікті алып жатыр. Сондықтан Қазақстанның Ресей және Қытаймен өзара карым-қатынастары ерекше мәселе болып табылады.1992 жылы Ресеймен өзара көмек, экономика, әскери және саяси сфераларда достық пен ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойылды. Қытай Халық Республикасымен де бірқатар келісімдер жасалды.Қазіргі кезде Қазақстаннан сыртқы нарыққа тауарлардың екі жүзден астам түрі шығарылады.Қазақстанның түсті металдары,ферроерітінділер,қара металл, минералдық тынайытқыштар, көмірсутекті шикізат дүниежүзілік нарықта көп сұраным тауып отыр.Республиканың экспорттық тауарларының маңызды тобын агроөнеркәсіп кешенінің өнімі: талшықты мақта, жүн, дәнді дақылдары, былғары шикізаты, ет консервілері құрайды.

Қазақстанның ең ірі және пәрменді шетелдік әріптестері арасында Шеврон, Бритиш Газ, Аджип, Мобил, Самсунг т.б.бар. Шетелдік инвесторларды бәрінен көп қызықтыратыны- мұнай-газ өнеркәсібі, түсті және қара металлургия.

Тізе берсек тізім үлкен, еліміз әлемнің бар елімен қатынаста десек артық болмас,ең бастысы тізім емес, нәтижелік, еліміздің алға дамуы, ДСҰ-ын басқаруы.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз

2 тапсырма. Мекен, мезгіл үстеулерін қолданып, сөз тіркестерінен сөйлемдер құраңыз.

Әлемдік қауымдастық, сыртқы саясат, лайықты орын, өтпелі кезең, іс жүзінде,тығыз байланыс,әңгіме барысында, баса назар аудару, дербес даму жолы,жөн болар еді,айрықша риза, жалғасын табу.

3 тапсырма. Келесі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қарапайым американдықтар(немістер) Қазақстан туралы неге өте аз біледі деп ойлайсыз? Оның себебі неде?

2.Кез-келген ел туралы пікір қалай қалыптасады деп ойлайсыз?

3.Қазір біздің елімізге кімдер қызығушылық танытып отыр? Не үшін?

4 тапсырма. Мақал-мәтелдердің мазмұнын ашып, есіңізге сақтаңыз.

1.Өз елің-алтын бесік.

2.Әркімнің өз жұрты-ұжмақ.

3.Отан-елдің анасы,

Ел- ердің анасы.

4.Ұлтарақтай болса да

Ата қонысы-жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да

Туып-өскен ел қымбат.

5 тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

Студенттердің өздік жұмысы

1 тапсырма. Жағдаят. Сіз шетелге ресми іс-сапармен бардыңыз. Қазақстанды қалай таныстырар едіңіз?яғни, «Қазақстанды шетелдіктерге таныстыру» тақырыбы бойынша өз ойыңызды жазыңыз.

2 тапсырма. Сіз ірі шетел компаниясымен бірлескен кәсіпорынның басшысысыз.Осы компанияның қызметі, жоспарлары жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен баспасөз өткізіңіз. Шараның толық жоспарын құрып тапсырыңыз.

9 - сабақ

Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынастар.

Грамматикалық тақырып: -нікі, -дік, -тікі. жұрнақтары.

Жаңа сөздермен жұмыс:

Мойындау-признать

сенім гармотасы-вериткльная грамота

серіктес-партнер

мүдде-интерес

мәртебелі-авторитетный

жүзеге асыру-осуществить

белсенділік-активность

Оқыңыз, аударыңыз.

1992 жылдың 7-ші қантарынан бастап Франция Қазақстан республикасының тәуелсіздігін мойындады. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Францияға ресми сапары барысында достық,өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. 1992 жылдың 25-ш қаңтарындағы Францияның сыртқы істер министірінің сапары уақытында дипломатиялық қатынастар белгіленді. Парижде Қазақстан Республикасы елшілігінің ресми ашылуы 1994 жылдың 9-шы қарашасында болды. 1994 жылы франко-қазақ сауда палатасы ұйымдастырылды. Республикамыздың Франциядағы төтенше және өкілетті елшісі осы елдің Президенті Жак Ширакқа Сенім грамотасын тапсырды.

Содан кейін әңгіме барысында Қазақстан дипломаты Францияның басшысына Президент Нұрсұлтан Назарбаенвтың ең ізгі тілектерін жеткізіп, Француз Республикасымен достық және серіктестік қатынастарды қарышты дамытуға деген мүдделікті білдірді. Қазақстан Францияны Еуропадағы және тұтас алғанда әлем қоғамдастығындағы мәртебелі де басым серіктес ретінде қарайды.

Ж Ширак Н.Назарбаевтың реформалар саясатын жүзеге асыру жөніндегі қызметін, оның халықаралық аренадағы белсенділігін жоғары бағалайды. Мұның өзі Қазақстанның аймақтағы тұрақтылықтың кепілі ретінде маңызды рөл атқаруына мүмкіндік береді.

Өнер және мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы құжатқа да қол қойылған.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1 Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрыңыз.

2 Тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

Чрезвычайный и Полномочный посол вручил Президенту верительную грамоту.

Президент высоко оценил активность на международной арене.

Межправительственная рабочая группа начала свою работу.

В ходе доверительной беседы они обсудили важные международные проблемы.

Казахстан видит в Франции торгового партнера.

В обеспечении региональной стабильности эта страна сыграла значительную роль.

Бүгінгі қайталайтынымыз.

-нікі, -дікі, -тікі- тәуелдік форманың екінші түрі. Сұрақтары кімдікі? Ненікі?

-нікі-дауысты дыбыстардан соң +, ата+нікі, көше+нікі, бөлме+нікі т.б..

-дікі- ұяң және үнді й,л,м,н,ң,р,у дыбыстардан соң +, күз+дікі, қой+дікі,аң+дікіт.б..

-тікі- қатаң дауыссыз қатаң және ұян дыбыстардан соң +,университет+тікі, клуб+тікі т.б.. Сөйлемде баяндауыш қызметін атқарғандықтан сөйлемнің соңында тұрады.

3 Тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыздар.

Комната соседа, удостоверение друга, работа моя, семья ваша, отец твой, книга библиотеки, время наше, начальник управления, корпус факультета, журнал преподавателя, игрушка ребенка, дом наш.

4 Тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

Ж.Ширак Н.Назарбаевтың реформалар саясатын.................................................

Төтенше және өкілетті елші..................................................................................

Қазқстан дипломаты.............................................................................................

Франция Президенті...............................................................................................

Қазақстан басшысы...............................................................................................

Қазақстан........................................................

Франция Қазақстанмен........................................................................................

5 Тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

6 Тапсырма. Тілші мен Француз елшісі арасындағы сұхбатты құрастырыңыз.

Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің өздік жұмысы (ОСӨЖ)

Мәтінді оқып, жазбаша аударыңыз.





Дата публикования: 2014-10-29; Прочитано: 2294 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.021 с)...