Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тапсырма. Сөздердің орын тәртіптерін тауып, сөйлемдер құрастырыңыз



Сөздердің орын тәртіптерін тауып, сөйлемдер құрастырыңыз.

1. «Болашақ», Қазақстанның, жастарына, жоғары, талантты, оқу, шетелдік орындарында, жоғары, үшін, білім алу, беріледі, стипендиясы.

2.Сынақ, үміткерлерді, жыл, мақсатында, таңдау, сайын, стипендияға,өткізіледі.

3.Сынаққа, бітіргенне, жоғары, оқу, кейін, өзі, орнын, мамандығы, қалаған, бойынша, үміткер, бір, жыл, жіберіледі, жұмысістеген.

4.Жастар, «Болашақ», қазақстандық, негізінде, стипендиясы, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Жапония, Канадада, білім алады.

5. Өкілдіктерінде, білікті, стипендиясы, бойынша, шет елде, білім алып оралған, бірқатар, Қазақстанның, шет елдердегі, «Болашақ», жұмыс істеп жүр.

Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ)

1. Нақыл сөздердің мағынасын ашып, жаттап алыңыз.

1) Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе білім.

(М. Әуезов)

2) Бақыт жолы біліммен табылады.

(Ахмет Югнаки)

3)Халыққа қызмет етудің жолдары да, амалдары да көп ақ. Солардың мен білетін жолы – ғылым

(Әлкей Марғұлан)

4) Білімнен қымбат нәрсе жоқ,

Көңілде жатса баспай тат

(Н. Байғанин.)

Реферат жазып, қорғаңыз.

Ағылшындар үшін тақырып

«Американың білім беру жүйесі».

Немістер үшін тақырып

«Германияның білім беру жүйесі».

5 – САБАҚ

Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Германия қарым қатынастары

Граматикалық тақырып: Келер шақ түрлері.

Мәтінді оқып, аударыңыз. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

Қазақстан мен Германия қарым қатынастары

Егемен Қазақстан мен Герман Федералдык Республиканың сауда-экономикалық қарым-қатынасы Президент Н. Назарбаевтың 1992 жылғы қыркүйекте осы елге ресми сапарынанкейін алғашқы серпін алған. 1997 жылы мемлекет арасындағы тауар айналымы елеулі түрде артты.

Қазақстан Президентінің Германияға екінші сапары барысында алты бірлескен кұжатқа қол қойылды. Бұлар негізінен экономикалық сипаттағы келісімдер бундестаг президенті Қазақстандағы немістердің жағдайы туралы республикамыздың басшылығымен әнгімесі барысында Германияның қажетті көмек көрсетуге дайын екендігі атап көрсетілді.

Қазақстанның сыртқы саясаты екі жақты ғана емес, сонымен қатар көп жақты байланыстарды дамытуға да бағытталған. Қазақстанның Германиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып В. Гизатов тағайындалды.

Герман Федералдык Республиканың Қазақстан Республикасының негізгі сауда әріптестестерінің бірі болып табылады. Тауар айналымы жөнінен ГФР Ресей Федерациясынан кейінгі екінші, еуропа елдері арасында бірінші орын алады.

Қазіргі кезде Қазақстанда немістің 130 банк пен фирма өкілдіктері бар, 180 біріккен кәсіпорын жұмыс істейді.

Сөздікпен жұмыс:

Өкілдіктер - представительство

төтенше - чрезвычайный

өкілетті – полномочный

Бүгінгі қайталайтынымыз Келер шақ   Ауыспалы болжалды мақсатты Ет+ а, е, й + ж.ж. –ар, -ер, -р -мақ, -мек, - бақ, -бек, - пақ, -пек  

1 Тапсырма. Келер шақтағы етістіктерді тауып, түрлерін анықтап, талдаңыз.

Бұл қаржыны стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндігі агенттік Германия Жағымен Келісе отырып Павлодар, Қостанай және Өңтүстік Қазақстан облыстарына бөліп бермек. Делегация басшысы Мартин Лемман «біз сіздің елдің өзін әлем алдында ашуына және ішкі реформалар жүргізуіне көмектескіміз келеді» деп мәлімдеді. Бірақ мына қиын заманда адал еңбекпен байып кету үшін осының бәрі аздық етер еді.

2 тапсырма. Сөз тіркестерінен келер шақтағы сөйлемдерді құрастырыңыз.

Сауда айналымы, өтпелі кезең, инвестиция тарту, жаңа серпін, банқротқа ұшырау, әлемдік деңгей, нақты шаралар, мүше болу, емшілік қызметі, тиімді әріптестік.

3 тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

Поддержание общественной безопасности и порядка – центральная задача государства. В Германии ее выполнение возложено на органы земель и федерации.

ФРГ поддерживает дипломатические отношения почти со всеми странами мира. 3 октября 1990 года были реформированы вооруженные силы бывшей ГДР. Бундесвер подчиняется политическому руководству. Верховный федеральный суд находится в г. Карлсруэ.

4-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің

өздік жұмысы (ОСӨЖ)

Оқимыз. Мәтінді оқып, жазбаша мағынасына қарай аударыңыз.

ГФР Қазақстанда шағын бизнес саласын дамытуға көмектеспек.

Германия мен Қазақстанның арасындағы техникалық және қаржы жөніндегі әріптестік бойынша консультация өткізу мақсатында республика астанасы ГФР Федералдық экономикалық ынтымақтастық және даму министрлігініңделегациясы келді.

Делегация басшысы Мартин Лемман «біз сіздің елдің өзін әлем алдында ашуына және ішкі реформалар жүргізуіне көмектескіміз келеді» деп мәлемдеді. Олардың бұл ниетін Германияның қаржылай көмек ретінде 115 миллион марка бөлуге және экономиканы қалпына келтіру мен «Шағын және орта кәсіпорындарға арналған несие желісі» жобасын іске асыру үшін қосымша 60 миллион марка беруге дайындық білдіріп отырғаны қуаттай түседі.

Бұл қаржыны Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік Германия жағымен келісе отырп павлодар, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарына бөліп бермек.

(«Егемен Қазақстан»)

1 тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.

2 тапсырма. Сөз тіркестерін аударып, келер шақтағы сөйлемдерді құрастыру

Традиция ярмарки, казахстанские участники ярмарки, казахстанские издатели, проводить переговоры, организовать мероприятие, долгосрочное сотрудничество, установить деловые контакты, встретиться с коллегами, посетить ярмарку, выставить отечественную продукцию, дорогие экспонаты.

3 тапсырма. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.

1.Елші болу үшін терең біліммен қатар, қандай қассиеттер керек деп есептейсіз?

2.Сіз елшісіз. Қызметіңізді неден бастайсыз?

Студенттердің өздік жұмысы

Реферат тақырыптары:

«Неміс халқының мінез- құлқы, салт-дәстүрлері»

«Германияның өнер, спорт, ғылым қайраткерлері».

6 - САБАҚ

Лексикалық тақырып: Маман – полиглот.

Граматикалық тақырып: Көмекші есімдер.

Мәтінді оқып, аударыңыз. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.





Дата публикования: 2014-10-29; Прочитано: 1113 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...