Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Популяциялар санының ауытқулары



Полуляциялардың табиғаттағы сан мөлшері әлсін-әлсін ауытқып отырады. Оның көптеген ішкі немесе сыртқы себептері бар.

Көптеген ғалымдар популяцияның тез көбеюін қорекқорына байланыстырса, енді біреулері бәсекелестікке, экологиялық орынға тәуелді деп санайды. Шын мәнінде, қоректің мол болуы полуляция санын көбейтуге негіз болғанымен оның жетіспеуі керісінше шектеуші фактор ретінде әсер етеді.Популяциялардың ерекше қасиеттерінің бірі полиморфизм құбылысы, яғни, әрбір популяцияның өзіне тән ерекшеліктері болады. Олар — жас шамалары бойынша топтануы, жыныстық белгілері, маусымдық өзгерістерге байланысты құрылуы, даму фазаларындағы өзгерістер мен маусымдық өзгерістерге байланысты құбылу, даму фазаларындағы өзгерістер мен айырмашылықтар.

Полиморфизм құбылысы жыл маусымының ауысуына байланысты да байқалады. Мәселен, кейбір көбелектер, өсімдік бітелері күзге қарай түстері өзгерген ұрпақтар немесе қанатсыз формаларының орнына қанатты түрлері көбейе түседі.

Табиғатта популяциялардың сан мөлшерінің реттелу механизмінің бір формасы — популяция аралық реттелу.

Сондықтан, популяция жалпы биологиялық даму жүйесіндегі сыртқы ортамен үнемі қарым-қатынаста бола отырып, өзінің ішкі реттелу механизмі арқылы органикалық дүниенің эволюциялық дамутенденсиясын жүзеге асырады.

Бақылау сұрақтары:

1. Организмдердің популяциялары және олардың түрлері.

2.Популяцияны сипаттайтын негізгі қасиеттер.

Әдибиеттер:1. С. Бейсенова., Ж.Б. Шілдебаев., Г.З. Сауытбаева. Экология. Алматы 2001.





Дата публикования: 2014-10-18; Прочитано: 2553 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...