Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Биосфера эволюциясы. Қазіргі биосфераның қалыптасуы ғасырлар бойы орын алған эволюцияның нәтижесі



Қазіргі биосфераның қалыптасуы ғасырлар бойы орын алған эволюцияның нәтижесі. Биосфера эволюцясы дегеніміз түрлердің және олардың арақатынастарының үздіксіз бір мезгілде өзгеру және бір түрдің түсіп қалып, бұрын болмаған екінші бір түрлердің пайда болу құбылыстары.

Биосфера эволюциясы биотадан бұрын болған, химиялық эволюция тіршіліктің пайда болуын дайындаған кезеңнен және дұрысын айтқанда биологиялық эволюциядан тұрады. Қалыптасқан көзқарастарға сәйкес олардың негізгі сатылары төменде келтірілген.

Биоталық эволюциядан бұрынғы кезеңнің біртіндеп алмасып отырған сатылары:

1.Ғаламшар мен оның атмосферасының түзілуі (шамамен 4,5 млрд. жыл бұрын). Алғашқыда пайда болған атмосфераның температурасы жоғары, тез қалпына келетін болған, сутектен, азоттан, су буынан, метаннан, аммиактан, инертті газдардан құрылған, көміртек оксидінің, сутекті цианның, формальдегид пен басқа жай қосылыстардың болуы мүмкін.

2.Күннің сәулелену энергиясы мен атмосфераның біртіндеп сууының нәтижесінде заттектердің абиоталық айналымы пайда болды. Сұйық су пайда болып, гидросфера құралды, су ай-
налымы, элементтердің судағы миграциясы мен ерітінділерде
бірнеше фазалық химиялық реакциялар жүрді. Автокатализдің
арқасында молекулалардың түзілуі меңгеруі орын алған.

3. Күннің ультракүлгін сәуле энергиясының, радиоактивтіліктің және әртүрлі энергиялык күш нәтижесінде көміртектің, азоттың, сутектің, оттектің жай қосылыстары конденсация мен полимеризация процестеріне түсулері арқылы органикалық қосылыстар түзілген.

4. Бұл төртінші сатыны антропоген (терминді академик А.П. Павлов 1922 ж. ұсынған) сатысы деп атауға болады, себебі Жердің геологиялық тарихының соңғы кезеңі. Осы антропогендік кезеңнің көрнекті оқиғасы эволюцияның басқарушысы саналы адамның пайда болуы (кезеңнің атауы осыдан шыққан). Адамзат қоғамының пайда болуы мен дамуы техногенезге өте көп мөлшерде заттек пен энергия ағысын тартып, биоталық айналымның тұйықтылығын бұзды, антропогенді экологиялық дағдарыстар туды және эволюцияның негативті факторына айналды.

Тарихи тұрғыдан қарайтын болсақ адам пайда болып биосфераға әсерін тигізе бастаған шақтан осы кезеңге дейінгі уақыт аралығында биосфераның өзгеруін бес сатыға бөлуге болады. Бұл сатылар:

1) адамзаттың биосфераға әсері әдеттегі биологиялық түр ретінде қана болған;

2) адамзаттың калыптасу кезеңінде экожүйелерді өзгертпейтін бірақ өте қарқынды түрде аңшылық орын алған;

3) табиғи процестердің өзгеруіне байланысты экожүйе де өзгере бастаған;

4) жерді жырту мен ормандарды кесу арқылы табиғатқа зиян келтірілген;

5) биосфераның барлық экологиялық құрауыштары түгелімен әлемдік өзгерістерге ұшыраған.

Сонғы саты осыдан шамамен 300 жыл бұрын басталып қазіргі кезге дсйін келе жатыр. Сонымен, адамның іс-әрекетінің әсерімен биосферада болатын негізгі өзгерістер түрлеріне келесі жағдайлар жатады:

• жердің беткі кабатының құрылымының өзгеруі (даланы жырту,
орманды кесу, мелиорация, жасанды көл мен теңізді құру және
жер бетіндегі сулардың режиміне басқа да өзгерістер әкелу, т.б.);

• биосфераның құрамын, оны құратын заттектердің балансы мен
айналымын өзгерту (кен қазбаларды жер қойнауынан алу,
үйінділер жасау, әртүрлі заттектерді ауа мен су объектілеріне
шығарынды ретінде тастау, ылғалдылық айналымын өзгерту);

• кейбір организмдер түрлерін жою арқылы, немесе жануар-
лардың жаңа тұқымдары мен өсімдіктердің жаңа сорттарын
шығарып, оларды жаңа мекендейтін орындарға ауыстыру арқылы
биотаға өзгерістер енгізу;

• жер шарының кейбір аудандарындағы және ғаламшар деңгейіндегі энергиялық балансты өзгерту.

• Кейбір организмдер түрлерін жою арқылы, немесе жануарлардың жаңа тұқымдары мен өсімдіктердің жаңа сорттарын шығарып, оларды жаңа мекендейтін орындарға ауыстыру арылы биотаға өзгерістер енгізу;

• Жер шарының кейбір аудандарындағы және ғаламшар деңгейіндегі энергиялық байлансты өзгерту.

Бақылау сұрақтары:

1. Биосфера және жер бетінде жүріп жатқан процестер

2. Биосферадағы энергия ағыны.

3. Биосфера эволюциясы.

Әдибиеттер:

1. Ж.Ақбасова., Г.Ә. Саинова. Экология. Алматы 2003 ж.





Дата публикования: 2014-10-18; Прочитано: 2410 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...