Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Саяси идеологияның құрылымы, қызметтері мен деңгейлері



Идеология дегеніміз көзқарастар мен идеялар жүйесі. Саяси идеология дегеніміз абстрактілі теориялық түсініктің идеялар, теориялар, абстрактілі практиканың бағдарламалары, шешімдері, лозунгтық жүйесі. Саяси идеологияның концепсиясының қалыптасуына бірнеше философиялық, социологиялық бағыттар әсер етеді: марксизм ленинизм, әлеуметтік позитивизм, неміс социология білімдігі, франфурт мектебі, оңшыл ливизионизм.

Саяси идеология жалпы идеялогияның да өзегі. Оның ерекшелігі саяси болмысты түсіндіреді және оны сақтауға немесе өзгертуге іс әрекетті бағыттайды. Қоғам өмірінде идеялогия маңызды рөлді атқарады. Оның қызметтері мынадай: 1) идеялогияның танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп түсіндіреді. 2) Бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогресс, тұлға және билік жөнінде мағлұматтар беріп, адамның іс әрекетіне бағыт бағдар көрсетеді.3) Жұмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат мүдделерді айқындап, саяси идеялогия саяси іс әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жұмылдырады, рухтандырады. 4) Амортизациялық қызметі. Саяси іс әрекетті түсіндіру тәсілі болып, идеалогия әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді. Ұсынылған мұраттар сәтсіздіктен күш жинап қайта серпілуге шақырады. 5) Бағалау қызметі. Идеалогия халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады. Идеалогияны тудыратын объективтердің маңызы зор. Қоғамда саяси сана, саяси идеалогияның деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым саяси қате шешімдер қабылдау ықтималдылығы азаяды. Идеалогияның әлеуметтік негізі неғұрлым ауқымды болса, ол әлемдік өркениет жетістіктерін, жалпы адамзаттың құндылықтарды бойына неғұрлым тереңірек сіңірсе, соғұрлым өмір шындығын толығырақ бейнелейді, ғылымға жақын келеді. Жүйеленген түрінде саяси идеалогия партия бағдарламаларында, декларацмяларында, манифестерінде, жарғыларында, түрлі насихат құжаттарда қалыптасады, саяси идеалогия бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланысты. Оған баспасөз, радио, теледидар, бейне жазу, дыбысжазу кіреді. Бүгінгі таңда олар қоғамдық сананы қалыптастыруда шынайы болмыстан кейінгі негізгі құрал болып отыр. Саяси идеалогия саяси қатынастар саласында олардың іс әрекетіне бағыт бағдар береді, еркін қалыптастырады, саяси қызметке ұмтылдырады, белсенділігін арттырады. Саяси қызметке қатысушылардың іс әрекетіне мақсаттылық, жүйелілік, дәйектілік негізеді.




Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 4707 | Нарушение авторского права страницы



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...