Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Саяси әлеуметтеу (социализация): анықтамасы, кезеңдері, факторлары



Адамдар туғанынан саяси сауатты, саяси өмірге бейімделіп тумайды. Олар біртіндеп, өмір бойы саяси білімін кеңейтеді, толықтырады. Саяси мәдениеттің үлгілері бір дәуірден екінші дәуірге мұра ретінде қалып, соңғы ұрпақ алдыңғы ұрпақтың үлгі - өнегісінен үйреніп отырады. Мұндай процесті ғылым тілінде саяси әлеуметтену дейді. «Әлеуметтену» деген ұғымды ХІХ ғ. Аяғында Америка әлеуметтанушысы Ф.Гидденс және француз әлеуметтанушысы және психологі Г.Тар ғылыми айналымға енгізді. Олар әлеуметтану деп тұлғаның әлеуметтік ортаға байланысты осы ұғым негізінде Америка әлеуметтанушылары және саясаттанушылары «саяси әлеуметтену» деген ұғымда ойлап шығарды. Г.Алмонд, С.Верба, Д.Истон еңбектерінде бұл ұғым кеңінен пайдаланылды. Олар бұл ұғымға жеке адамдардың осы қоғамдағы саяси құндылықтарды, қалыптарды, ережелердіөз бойларына сіңіріп, іс-әрекетінде басшылыққа алуын жатқызды. Ресей саясаттанушысы Е.Б.Шестопал саяси әлеуметтену деп тұлғаның саяси санасы мен іс-әрекетінің қалыптасу, саяси рөлдерді қабылдау және орындау, саяси белсенділік таныту процесінің барлық жиынтығын айтады. Саяси әлеуеметтену мәселесі ХХ ғасырдың 50 жылдары кеңінен көтерілді. Оған себеп болған Батыс саяси жүйесінің дәстүрлі институттарының дағдарысқа түсуі еді. Бұл кезде сыбайластық жемқорлық көбейді, нәсілдік кемсітушілік әлі жойыла қоймаған, саяси билік адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырмады. Сондықтан билік институттарына сенімсіздік көбейді, саяси абсинтеизм (саясатқа селқос қарау), билікке жаппай қарсы шығу және т.б. көбейді. ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында Батыс елдерін негрлер, соғысқа қарсы, экологиялық, феминистік қозғалыстар дүр сілікіндірді. Бұрынғы дәстүрлі материалдық құндылықтарға қарсы шыққан субмәдениет пайда болды. Мысалға, ХХғ. 60 жылдары дамыған хиппилер қозғалысын алайық. Оған ірі саясаткерлердің, бизнесмен, заңгерлер сияқты ауқатты отбасыларының балалары қатысты. Олар жеке адамның өзін-өзі толық көрсетуіне жағдай жасалмағандығы, адамдар арасында теңсіздіктің, алалаушылықтар бар екендігіне сол кездегі қоғамдық тәртіпті кінәлады. Сондықтан қоғамдағы әлеуметтік тәртіпке қарсы шықты. Мысалы, дәстүрлі мәдениетте адам өзін-өзі ұстауы, шектеуі керек, бүтін, таза киінуі, сақал – шашын алуы, мәдениетті сөйлеуі, нашақорлықпен айналыспауы керек болса, олар, керісінше, шаштарын жалбыратып өсіріп жіберді, жыртық-тесік киім киді, өз диалектерінде сөйледі, нашақорлықпен айналысты және т.б. қоғамда үстемдік еткен адамгершілік қалыптарына қарсы шықты. Мұның бәрі америка қоғамын қатты толғантты. Ғалымдар бұл құбылыстың себептері мен сырын ашу үшін зерттеулер жүргізді. Сөйтіп, саяси әлеуметтену мәселесі бұл кезде күн тәртібіне қатты қойылды. Саяси әлеуметтену процесі үш негізгі мәселені шешуге бағытталады: • Қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу; • Қоғам мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс-әрекет етуге және шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау; • Саяси мәденеиттің элементтерін өзгерту. Адамның саяси әлеуметтенуі үхдіксіз өмір бойы жалғасады. Әлеуметтік –саяси тәжірибе жинақтауына қарай оның саяси белсенділігінің түрі әрқашан өзгеріп немесе бекіп отырады. Сонымен саяси әлеуметтену деп адамның саяси ілімдерді, ережелерді, құндылықтарды бойына сіңіріп, олардың өзінің рухани ішкі дүниесіне айналдырып, сол арқылы өзінің саяси санасы мен мәдениетін қалыптастыру, саяси іс-әрекетке дайындалу пр

оцесін айтады. Саяси әлеуметтену барысында адам қоғамның толыққанды мүшесі боларлық саяси ережелерді, салт-дәстүрлерді, білімді меңгереді.




Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 3287 | Нарушение авторского права страницы



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...