Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Конституция құқықтық ережелер жүйесі ретінде



Конституциялық құқық – Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі салаларының бірі.Құқық саласы – бұл белгілі бір әдіспен бірыңғай қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық жүйенің дербес бӛлігі, құқықтық нормалардың жиынтығы. Құқықтық реттеу пәні мен оның әдісі салаларға бӛлудің заң ғылымындағы негізгі ӛлшемдері болып саналады.Құқықтық реттеу әдісі түрінде, мемлекет (оның органдары) тарапынан құқықтық нормалар кӛмегімен қоғамдық қатынастарға әсер ету тәсілдері түсіндіріледі.Құқықтық реттеу пәні сапалық бірыңғай қоғамдық қатынас-тарды құрайды. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін, қоғамдық қатынастар конституциялық құқық пәні болып саналады, мемлекет пән қоғам құрылысының негізін құрады және мемлекеттік билікті жүзеге асырумен тікелей байланысты. Құқықтың басқа салаларымен салыстырғанда конституциялық құқық түбегейлі түрде ӛзгешеленеді. Конституциялық құқық қоғамның ӛмірлік қызметінің саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани және т.б. бүкіл аясында қалыптасатын қатынастарды реттейді, сонымен бір мезгілде басқа салалар сияқты ӛмірдің қандайда бір саласындағы қоғамдық қатынастарға әсерін тигізеді. Конституциялық құқықтың ерекшелігі, әрбір кӛрсетілген аядағы базалық қатынастар мен оның нормалары кӛрсетілген салалардағы қатынастардың белгілі бір қабаттарын ғана реттейтіндігінен тұрады.

1.2. тақырыпшада конституциялық-құқықтық нормалар мен конституциялық құқық институтына анықтама берілген. Конституциялық-құқықтық институтты ӛзара байланысты бірыңғай қоғамдық қатынастарды реттеуші конституциялық-құқықтық нормалардың жиынтығы ретінде анықтай отырып, біз конституциялық құқық жүйесін анықтайтын қорытынды жасай аламыз.

Конституциялық құқық жүйесі – оның ішкі құрылымын сипаттайтын және оны құқықтың басқа салаларынан ӛзгешелеп тұратын институттардың жиынтығы болып саналады. Конституциялық құқық институттарының жүйесі мынадай түрде беріледі: конституциялық құрылыстың негіздері;жеке адамның (тұлғаның) конституциялық мәртебесі; әкімшілік-аумақтық құрылым;мемлекеттік органдар жүйесі.

1. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы – Қазақстан Республикасы мен қоғамның басты негізгі бастауларын реттейтін заң нормаларының жиынтығы болып саналады.

2. Конституциялық-құқықтық норма – азаматтық қоғамды ұйымдастыру негіздерінен, мемлекет пен жеке тұлғалардың ӛзара байланысынан, мемлекеттің аумақтық құрылымдарынан, оның органдарының қызметі мен оны ұйымдастырудан туындайтын қатынастарды реттейтін мемлекет белгілеген тәртіптің жалпыға міндетті ережесі.

3. Осы нормалармен қаралған, ӛзара құқықтар мен міндеттер формасындағы субъектілер арасындағы заңдық байланыстар конституциялық-құқықтық қатынастардың мазмұны болып саналады.

4. Конституциялық құқықтар жүйесі - конституциялық-құқықтық институттардың жиынтығы.

5. Конституциялық-құқықтық институт - ӛзара байланысты бірыңғай қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.

18. Жанжалдар және олардың қоғам өміріндегі ролі дер туралы пікіріңіз? Саяси жанжалдар деп-қарсы іс-әрекет мақсатындағы екі н/е одан да көп әртүрлі бағыттағы күштердің өз мүдделерін іске асырудағы қақтығысы.Қазіргі кезде қоғамдағы шиеленістер көптеген ғалымдардың назарын аудартуда. Сондықтан осы мәселемен арнайы айналысатын конфликтология деген ғылым п.б. Әл-к шиеленіс-ң п.б-на бірнеше себептер бар: 1. жалпы себебіне адамдардың теңсіздігі жатады. Себебі әркімнің қоғамдағы мәртебесі, қызметі, билікке қатынасы әртүрлі.. 2.қажеттілік, мұқтаждықтың өтелмеуі н/е қанағаттанарлықсыз өтелуі.3.әр адам өзін белгілі бір әл-к, этника-қ, діни бірлест-ң мүшесі деп санауы. Шиеленіс қоғам өмірінде маңызды рөл атқарады. Себебі, оның салдары елдің әл-к, эк-қ, саяси жағдайларына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сол себепті оның алдын алып, асқындырмай шешу керек.





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 1253 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...