Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азақстан Республикасы Конституциясының құқықтық-саяси мәртебесі



Қазақстанның егеменді, бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде қалыптасуындағы бірден бір тарихи маңызды оқиға 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда қазіргі қолданыстағы ҚР Констиуцияның қабылдануы болды. ҚР құқықтық саясатының негізгі бағыттарын анықтау мақсатында Мемлекет басшысының Жарлығымен 2002 жылдың 20 қыркүйегінде 2010 жылдарға дейін құқықтық саясат тұжырымдамасы бекітілген болатын, оның қабылдануымен қазақстандық ұлттық заңнама жүйесін қалыптастырудың келесі кезеңі басталды. 2002 жылғы тұжырымдаманың басты нәтижесі ұлттық құқықтық жүйенің әрі қарай дамуына көмектескен бірқатар маңызды нақты заңнамалық актілердің қабылдануы болды, оның ішінде: 2003 жылы Орман, Жер, Кеден ісі, Су кодекстері; 2007 Еңбек, Экология кодекстері; 2008 жылы Бюджеттік, Салық кодекстері қабылданды. Мемлекет басшысы өзінің 2009 жылдың бірінші қыркүйегінде төртінші шақырылымдағы республика Парламентінің ІІІ сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде жаңа құқықтық саясат тұжырымдамасы базасында қазақстандық заңнамаларды жаңарту, заң шығару процестерін нығайту, оның сапасын жоғарылату қажеттілігін атап көрсетті. Жылдан 2010-2020жылға дейінгі кезеңге есептелген жаңа ҚР Құқықтық саясат тұжырымдамасы құқықтық барлық саласының әрі қарай даму жолдарын анықтайды (конституциялық, әкімшілік, азаматтық, азаматтық процессуалдық, қылмыстық және т.б.). Конституция еліміздің құқықтық жүйесінде басымды орын алады. Онда қоғамның, экономиканың, саясаттың, әлеуметтік саланың, мемлекеттің және құқықтың сипатын анықтайын негізгі идеялар баянды етіледі және мемлекеттік реттеудің шектері мен сипаты белгіленеді. Конституция мемлекеттің сыртқы саясатының негізгі бастауларын, халықаралық және ұлттық құқықтық ара қатынасын анықтайды





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 691 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...